BAQ.kz


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


BAQ.KZ сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Бізді басқа да әлеуметтік желілерде оқи отырыңыз:
Instagram: https://www.instagram.com/baq.kaz/
Facebook: https://www.facebook.com/baq.kz/?locale=ru_RU
TikTok: https://www.tiktok.com/@baq.kz_

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


🇰🇿 Тоқаев: «Мен жастарға сенемін!»

«Білім мен ғылым, инновация мен озық технология – бүгінгі дәуірдің басты қаруы. Жаһандық бәсекеде білімді, зияткер елдер ғана алға шығады. Сондықтан мен сіздерді «Қазіргі заманның нағыз батырлары» деп санаймын. Мен жастарға сенемін!» – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін айтып, олардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына жағдай жасалатынын атап өтті.

@baq_kz


🇰🇿 Тоқаев: «Қазақстан – нағыз дарынды жастардың елі»

«Қазақстан – нағыз дарынды жастардың елі. Ұл-қыздарымыз барлық бағытта, әсіресе, білім саласында үздіктер қатарынан көрініп келеді», – деді Мемлекет басшысы.

Президент биыл қазақстандық оқушылар 44 халықаралық олимпиада мен ғылыми сайысқа қатысып, мыңнан астам медаль, оның ішінде 200-ден астам алтын медаль жеңіп алғанын атап өтті.

@baq_kz


🏆 Тоқаев халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен кездесті

Президент Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңіске жеткен 21 оқушы және студентпен кездесті. Олар физика, химия, биология, математика, информатика, география және лингвистика пәндерінен 6 алтын, 11 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған.

Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жастарды құттықтап, «Қазақстанның жарқын болашағы – білімді, дарынды жастардың қолында» екенін атап өтті.

@baq_Kz


⚡️Путин Тоқаевты Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтады.

@baq_kz


🇰🇿🇺🇿 Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының сәтті өтуімен құттықтады.

Мемлекет басшылары қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін талқылап, сауда, көлік-логистика және өндірістік кооперация салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. Сонымен қатар халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.

@baq_kz


⚡️Қазақстан жолдары мен теміржолында ЖИ дәуірі басталады: Бектенов жаңа тапсырма берді

- e-Joldar арқылы 41 мың шақырымнан астам жол цифрландырылды.
- Smart Cargo жүкті 100% онлайн бақылап, шекарадан өту уақытын 30%-ға арттырды.
- Q-Gate жолаушыларды биометрия арқылы 15–50 секундта тексереді.

Жыл соңына дейін Қазақстандағы 185 мың шақырым жол желісін толық цифрландыру жоспарланған.

@baq_kz


⚡️Құрылтай сайлауы: Алдын ала нәтиже шықты

23 тамызда өткен Құрылтай сайлауында қазақстандықтардың таңдауы қалай болды?

Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.

Нәтижелер мен партиялардың көрсеткіші – BAQ.KZ материалында.

@baq_kz


⚡️Педагогтерді аттестаттау тәртібі өзгереді: Мұғалімдер 1 қыркүйектен бастап нені білуі керек?

Пилоттық жоба аттестаттаудың жаңа тәсілдерін 2026 жылғы қыркүйек-желтоқсан аралығында сынақтан өткізуге бағытталған.

Кімдер пилоттық жобаға қатысады? Аттестаттау қалай жүргізіледі?👇

🔗 Толығырақ осында

@baq_kz


⚡️Тоқаев қазақстандық дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатында табысты өнер көрсетуімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эквадордың Гуаякиле қаласында өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасын аралас командалық жарыстағы айтулы жеңісімен, ал Ғабит Расулханды, Фатима Сұпығалиеваны, Әділжан Жаудиновті жекелеген сында алтын медальға ие болуымен құттықтады.

Президент жас чемпиондардың спорттағы жолы жарқын болуына және жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

@baq_kz


🥋 Қазақстан дзюдодан алғаш рет әлем чемпионы атанды

Эквадорда өткен кадеттер арасындағы аралас командалық әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы финалда Бразилияны 4:3 есебімен жеңіп, тарихта алғаш рет әлем чемпиондығына қол жеткізді.

Шешуші белдесуде 48 келіде Иянат Жұбатхан жеңіске жетіп, елге тарихи алтын сыйлады. Қазақстан бұған дейін Болгария, Жапония және Өзбекстан құрамаларын ұтқан.

@baq_kz


⚡️Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша шетелдегі барлық 79 сайлау учаскелік комиссиясы жұмысын аяқтады

Ең соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы сайлау учаскесі жабылды. Дауыс беру 24 тамызда Астана уақытымен сағат 08:00-де аяқталды.

🌍 Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 61 елде 9 623 Қазақстан азаматы дауыс берді. Шетелдегі сайлаушылардың келуі 84,8%-ды құрады.

ОСК-ның алдын ала мәліметі бойынша, жалпы ел бойынша сайлауға 9,3 млн-нан астам адам қатысып, сайлаушылардың келуі 74,19%-ды құрады.

@baq_kz


🥋 Қазақстан жасөспірімдер құрамасы дзюдодан алғаш рет командалық әлем чемпионы атанды

Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи нәтиже көрсетті. Ұлттық құрама аралас командалық жарыста алғаш рет әлем чемпионы атанды.

Жекелей сындарда да қазақстандық дзюдошылар рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 3 алтын, 3 күміс және 4 қола – барлығы 10 медаль жеңіп алды. Ұлдар құрамасы командалық есепте бірінші, қыздар екінші орын иеленді.

@baq_kz


⚡️ Ауа райы болжамы

«Қазгидромет» бүгін, 24 тамызда Қазақстанның барлық өңіріне дауылды ескерту жариялады. Бірқатар облыста қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл күтілсе, батыс өңірлерде ауа температурасы +42°C-қа дейін көтерілуі мүмкін.

Толығырақ ⬅️

@baq_kz


⚡️Ал "СОЦИС-А" жүргізген exit-poll нәтижелері бойынша:

🔹"Әділет" партиясы – 70,7%;
🔹"Ауыл" партиясы – 6,4%;
🔹Respublica – 5,5%;
🔹"Ақ жол" – 5,4%;
🔹Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ОСДП) – 5,0%;
🔹Қазақстан халық партиясы – 3,2%;
🔹"Байтақ" жасылдар партиясы – 1,2%;
🔹Барлығына қарсы – 2,7%.

@baq_kz


⚡️ Қазақстандық қоғамдық даму институты ұсынған EXIT POLL нәтижесі:

🔹 «Әділет» партиясы – 72,3%
🔹 «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,2%
🔹 «Respublica» партиясы – 5,2%
🔹 «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 5,1%
🔹 Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 5,0%
🔹 Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – 2,8%
🔹 Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 0,9%
🔹 Барлығына қарсымын – 2,5%

@baq_kz


⚡️«Еуразиялық интеграция институты» жүргізген exit-poll нәтижесі шықты

@baq_kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Жалпыұлттық онлайн-марафон жалғасып жатыр

Дәл қазір Ұлттық құрылтай бойынша өтіп жатқан Онлайн марафонды осы жерден көре аласыздар:

▶️ YouTube
https://youtube.com/live/gDu6qmIHGf4?feature=share

@baq_kz


⚡️Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын елдің жаңа Парламенті – Құрылтай сайлауының сәтті ұйымдастырылуымен құттықтады.

@baq_kz


⚡️Бюллетень суретін желіге жариялаған 7 азаматқа айыппұл салынды

Бұл туралы жалпыұлттық онлайн-марафон аясында Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Бас прокуратураның бас прокурор аппаратының БАҚ мониторингі және жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы Ерлан Жанпейісов айтты.

«Дауыс беру процесі тыныш жағдайда өтті. Сайлау комиссиялары тарапынан ешқандай құқықбұзушылықтар белгіленбеді. Дауыс беру аяқталғанға дейін бүгін Астана, Алматы, Шымкент, Орал және Қостанай қалаларында прокурорлар қысқартылған тәртіппен 7 азаматты айыппұлға тартты. Олардың барлығы толтырылған бюллетень суреттерін таратуға байланысты болды», - деді ол.


@baq_kz


Садыр Жапаров Тоқаевты Құрылтай сайлауымен құттықтады

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Құрылтай депутаттарын сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады.

@baq_kz

Показано 20 последних публикаций.