baqytty_zhan 🌿


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Игры


каналдағы жазбаларды авторсыз алу - нәпсіме әлі де ауыр келеді.. авторсыз бөліспеуіңізді сұраймын! ⛳️

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Игры
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: thoughts.
— В чем сила?
— В искренности


We knock. He opens. We attend, He welcomes. We ask, He gives. We sin, He tests. We repent, He forgives. We sin again. He forgives again. We cry, He listens. Everything we do, is about us. And everything He does, is about us… ✨




“Kur’an, gözleri görmeyene nur, kalbî karanlık olana huzur, yolu bilmeyene rehberdir.” 🫀


- Дұға-тілектеріңізді Пайғамбарымыздың (с.а.у) дұғаларын қабыл еткендей қабыл етіп, екі дүниеде де қуантсын.

Әмиин! 🤲🏻✨


Былтыр қадір түнін құрбыммен бас мешітте өткізген едік.. қазір бір баланың анасы болып үйде отыр..
Биылғы қадір түнін де бас мешітте тағы да бір құрбыммен соңғы рет өткізіп жатырмын… 🥺🫂


Қадір кештеріңіз хайырлы һәм қабыл болған түннен болғай! Жаратқан екі дүниеде қателіктерімізді жасырып, кешіріп қойған құлдарының қатарынан етсін! Бір-біріміз үшін игі дұғада болайықшы 💜

Дариға Үсенқызы және отбасым үшін 🤲🏻 (Сіз де төменге есіміңізді жазып қоя аласыз)




Әльхамдулилләһ…🫀


Алланың алдына тік тұрып, намазда тұру қандай нығмет..
Алланың алдында тұрып, Оған иілу қандай әдемі…
Аллаға сәжде ету қандай бақыт…
Аллаға ғана жайылған қолдар қандай сүйкімді…
Аллаға тәуекел етіп, Оның қамқорлығына сену - неткен ғажап… 🌿

#рамазанойы




Нағашы Ақтөбелік жездем:

- Дариға, сен үшін тахаджудке тұрып, Алладан хайырлы жар тілеп жүрмін. Маңдайымды сәждеге қойып тұрып, “я, Алла!” деп…
- Жездеее 😭😭😭


Аллаһым…🫀

Әлсізбін.. Сенің есігіңді қақтым..
Мұқтажбын.. Саған келдім..
Жалғызбын.. Сенен жұбаныш іздеп келдім..
Кейде үмітсізбін.. Сенің алдыңа келдім..
Жолымнан адасып қалғандаймын.. Сенен көмек сұрап келдім…

Аллаһым.. 🌿




#tefekkür


каналдағы жазбаларды авторсыз бөлісіп, ұрламаңыздаршы.. аманат ✨


Өзі Нұр, Өзі шипа, Өзі барлық кітаптан құрметті болған Құран…

Сен маған қияметте қарсы шықпай, керісінше ақтап алсаң екен…
Сен мені лағынет етпей, керісінше шапағатшым болсаң екен..
Сен менен жиіркенбей, керісінше өзің құшағыңды жая іздеп келсең екен…
Құран, сен тұнып тұрған нұрсың ғой.. Сол нұрың екі дүниеде де жүзіміз бен жүрегімізде сәуле боп тұрса екен!.. 🍃

#рамазандұғасы
#жұманыңойы


Аллаһым, Сен неткен Жәмиил едің!
Маған Өзіңді Құдай ретінде танытқаның үшін шүкір! 🍃

Аллаһым, Сен неткен мейірімді едің!
Мені хз. Лут емес, хз. Мұса емес, хз. Иса алейһиссәләмнің емес, Өзіңнің сүйіктің Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у) үмметі еткенің үшін шүкір! 🍃

Аллаһым, Сен неткен Рахман, Рахим едің!
Маған Інжіл, Таурат, Забур емес, кітаптардың ішіндегі ең қасиеттісі Құран оқуды үйреткенің үшін шүкір! 🍃

#рамазанойы


🍃 Я, Раббым! Бізге Өзің сүйген нәрселерді сүюді һәм бізді Өзің разы болатын істермен айналысатындай ет!
🍃 Я, Алла! Сенен Өзіңнің махаббатыңды, Сені сүйетіндердің махаббатын және Сенің сүйіспеншілігіңе жеткізетін нәрселерді сұраймын.
🍃 Я, Алла! Хушуғ сезінбейтін жүректен Саған сыйынамын. Тек Өзіңе ғана мұқтаж ет, мұқтаждарыма мұқтаж ете көрме, Раббым!
🍃 Я, Рабби! Хәлімізді ең көркем хәлге айналдыр әрі бізді кешіріміңнен мақұрым етпе!
🍃 Я, Алла! Өмірімнің ең хайырлы сәтін – әр кез әрі соңғы сәтім, амалымның ең хайырлысын – әр һәм соңғы амалым, күндерімнің ең хайырлысын – Өзіңе сүйсініп, (жүзім жерге қарамай) қауышқан күнім болсыншы!..
🍃 Я, Алла! Сенің махаббатыңды нәпсімнен де, отбасымнан да,
мал-мүлкімнен де, мөлдір, таза судан да артық һәм сүйікті еткейсің! 🕊️

#рамазандұғасы


Ешнәрсе жайдан жай емес.
Әр оқиға.. әр кездесу.. әрбір сәт.. 🍃

Показано 20 последних публикаций.