Бауыржан Әлиұлы (ресми)


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Ғибратты уақиғалар, бейне дәрістер
✅Instagram: instagram.com/bauirjanaliuli
✅Facebook: facebook.com/bavurjan.aliuli
✅ВКонтакте: vk.com/bavurjan.aliuli

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Қайғырманыз, күлімсіреніз..
Алланың жазғаны біз үшін үмітсіз армандарымыздан жақсырақ.


Ерлі-зайыптылық өмірден әзіл:

Әйел күйеуіне айтты:
Үйленбестен алдын неге соқыр тиының жоқ кедей екеніңді айтпағансың? 😒

Күйеуі оған:
Мен саған миллионнан да көп рет айттым емес пе?
Менің бұл дүниеде сенен басқа ешнәрсем жоқ деп.
Ал сен болсаң, сол кезде жынды адам сияқты күле беретінсің…
😂😂😂


Жақында әрбір мұңды жүзде күлкі пайда болсын. Әрбір сөнген жүрек нұрмен нұрлансын. Және бет-әлпетсіз түстер бұрынғыдан да жарқырай берсін!


Жеңуге күшіңіз жетпесе де, берілмеу үшін әрқашан шыдамдылық танытуыңыз керек.


Алла Тағаланың саған берген нығметтері мен басыңа түскен сынақтарды салыстыр, сонда жоғалтқаныңнан көп ұтқаныңды түсінесің..


Кешіре білу. Ең алдымен, ол сізді ренжіткендерге емес, сізге керек. Кешіру арқылы сіз өзіңізге лайықты тыныштық пен еркіндікке қол жеткізесіз.

тез және оңай кешіре біліңіз


قال عمر بن الخطاب رضي الله عنه: من كثر كلامه كثر سقطه.
"Сөзі көбейген кісінің кемшілігі де көбейе түседі". Сахаба Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын)


әйел өссе де бала болып қала береді, елеусіз қалғанда сұрақ қойып, ренжігісі келеді.


Дүниенің азап пен қайғыға толы сынақ мекені екенін түсініп, оны сол қалпында қабылдап, Аллаға тәуекел ет.☁️


Ең пайдалы дәрі - сізді алаңдатпайтын нәрсемен емес, өз ойыңызды қызықтыратын нәрсемен айналысу, өйткені сізді алаңдатпайтын нәрсе туралы ойлау - барлық жамандықтың қақпасы.

Кімде-кім өзіне қатысы жоқ нәрсе туралы ой толғаумен айналысса, оған қатысты нәрселер туралы ойлауды доғарады, осылайша өзіне еш пайда әкелмейтін нәрсе үшін өзін күмәнсіз пайда әкелетін нәрседен алшақтатады.


Бұл дін сені жоғалту арқылы не жоғалтады? Ештеңе.
Бұл дінді жоғалту арқылы не жоғалтасың? Барлығын.


Жақсы мінез-құлық бет сұлулығынан, ал ішкі сұлулық сыртқы сұлулықтан артық.🦢


Уа, Раббым, үмітім үзілген кезде, сенің сүйіспеншілігің менің көңілімнен де артық екенін, ал менің өміріме арналған жоспарларың армандарымнан да жақсы екенін есте ұстауыма көмектесші.

🔒


Сіздің өміріңіздегі кез келген азапты жеңілдетудің жалғыз жолы - ештеңе сіздікі емес, ештеңе сіздікі емес және ештеңе ешқашан сіздікі болмайтынын қабылдау.
Бұл дүниелік тәуелділіктер; олар Алланың бергені, Аллаға тиесілі және Аллаға қайтарылады.


«Аса Құдіретті және Ұлы Алла: Адам баласының әр амалы өзі үшін. Ал, ораза ондай емес! (Өйткені мен жемеймін, ішпеймін және бүкіл адамдық сипаттардан пәкпін). Сондықтан оразаның сауабын ерекше түрде көп қылып мен беремін», – дейді.

(Бұхари, Муслим).


Жүректер қалағанын сұрайды.
Бірақ Алла Тағала олар үшін қайырлысымен жауап береді.


Рамазан айы - дұға айы.

Сахаба Әнес ибн Мәлік (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): "Үш дұға міндетті түрде қабыл болады. Олар: Әке-шешенің баласына жасаған дұғасы, ораза ұстаған жанның дұғасы және жолаушының дұғасы" деп айтқандығын жеткізген.

Рамазан айы Алла Тағаланың ерекше мейірімі түскен айы. Дұға айы.

Уа, Жасаған Жаббар Ием! Дүниеден өтіп кеткен жақынымызды рақымыңа бөлей гөр! Тұтқан оразамызды, жасаған дұға-тілектерімізді қабыл ет!

Қайырлы күн! Күндеріңіз сауапты істерге толы өтсін!


Жақсы* көрген жақсы ойлайды, жақсы ойлаған өмірден ләззат алады.
*дұрыс көрген...
Дәріс: әуелі ойыңды түзе!


Егер сен шынымен сауап амал жинап, Алла жолында терлеп жүрген болсаң аз сөйлеп, аз күлетін боласың. Біреу саған келіп " Анау намазханның сақалы жоқ екен " деп өсектесе, басынан бір қойғың келіп кетеді. Неге? Себебі сен оның айтып тұрғанын далбаса екенін білер едің...

✒ Ұстаз Бауыржан Әлиұлы


Бекзат жан қандай болмақ?..

Сахаба Зәйд ибн Сәбит (Алла оған разы болсын): "Мына үш қасиет тек бекзат жанның бойында болады. Олар: Ешкімге кінә тақпау, (біреу тарапынан жасалған) ағаттыққа төзімділік көрсету және ешбір жанды азарламау" деген екен.

Алла Тағала ұстаған оразаңызды, жасаған дұға-тілектеріңізді, қылған құлшылығыңызды қабыл етсін!

Показано 20 последних публикаций.