БІЛІМ БАҚШАСЫ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Ақырет азығына арналған арна

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


🕌 Тарауих намазының құндылығы

Абу Һурайрадан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте ардақты пайғамбарымыз ﷺ былай деген:

مَنْ قَامَ رَمَضَانَ - إِيمَانًاوَاحْتِسَابًا - غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ

«Рамазанда иманмен әрі сауабын үміт етумен түнгі намаз (тарауих намазын) оқыған адамның бұрынғы өткен күнəлары кешіріледі».
📚 Бұхари; (37), Муслим; (759).

Имам Ибн Усеймин (Аллаһтың оған рақымы болсын) осы хадисті түсіндіре отырып айтады:
«Иманмен» дегені, яғни, Аллаһ Тағала түнгі намазда тұрғандар үшін əзірлеп қойған ұлы сауаптардың сөзсіз берілетіндігіне сену деген мағынада.
«Үміт етумен» дегені, яғни, сол ғибадатты орындаудағы мақсаты – адамдардың көруі мен олардың қошеметіне немесе мал-мүлік пен абыройға жету емес, бəлки, ниеті – сол ғибадаттың ұлы сауабын тек Аллаһтан ғана үміт ету арқылы намаз оқыса деген мағынада.

📚 Рамазан мәжілістері; (1/48).

Хадистердің бірінде Аллаһ елшісі ﷺ былай деп айтқан:

مَنْ قَامَ مَعَ الْإِمَامِ حَتَّى يَنْصَرِفَ كُتِبَ لَهُ قِيَامُ لَيْلَةٍ

«Имамымен бірге соңына дейін (тарауих) оқыған адамға түні бойы намаз оқығанның сауабы жазылады».
📚 Тирмизи; (806), Абу Дауд; (1375), Нәсәи; (1364), Ибн Мəжəһ; (1327), Дәрими; (1818), Ахмад; (21447).

Ескерту: Ғалымдарымыз, соның ішінде шейх Сулейман Рухейли (хафизаһуллаһ) айтқандай, мешітте тарауих оқыған адамға сүннетке сай амал жасау үшін, тарауихты имаммен бірге соңына дейін оқып бітіру керек. Ал, сегіз немесе он екі рәкәғаттан шығып кетіп, сол істі сүннеттен деу – дұрыс емес. Тарауихты сегіз немесе он екі рәкәғат оқу – үйде оқыған адам үшін сүннет. Негізінде мешіттегі имамның артында оқыған адам үшін бір-ақ сүннет бар, ол – тарауихты соңына дейін жиырма рәкәғат оқу. Себебі пайғамбарымыздан ﷺ имамның артында оқыған адам үшін бір ғана хадис келген, яғни, имаммен бірге соңына дейін оқу хадисі. Жалпы алғанда, мешітте сегіз немесе он екі рәкәғаттан шығып кету – рұқсат, бірақ оны сүннеттен деп санап, ал соңына дейін оқитындардың ісін дұрыс емеске шығару – қате ұстаным.

🔎 https://t.me/bilim_baqshasy


📝 Оразаның сыйы мен артықшылығы (3).

Ораза – амалдардың ішінде Аллаһқа таңдаулы амал

Оразаның ерекше артықшылықтарының бірі: Аллаһ Тағала ораза тұтқан адам жайында "Ол адам Мен үшін тамағы мен шаһуатынан бас тартады" деп куəлік еткен. Бұл жайында Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған мақтауы мен сəлемі болсын) "Құдси" (қасиетті, киелі) хадисте:

كُلُّ عَمَلِ ابْنِ آدَمَ يُضَاعَفُ الْحَسَنَةُ عَشْرُ أَمْثَالِهَا إِلَى سَبْعِمِائَةِ ضِعْفٍ، قَالَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ : إِلَّا الصَّوْمَ، فَإِنَّهُ لِي، وَأَنَا أَجْزِي بِهِ يدع شهوته، وَطَعَامَهُ مِنْ أَجْلِي

«Адам баласының барлық амалы өзі үшін. Оның жасаған бір жақсылығының сауабы - он еседен жеті жүз есеге шейін артады. Аллаһ Тағала айтты: «Тек оразадан басқасы. Өйткені, оның оразасы Мен үшін, себебі, ол шаһуаты мен тамағынан (таң атқаннан кеш батқанға дейін) Мен үшін бас тартады, сондықтан оның сауабын Мен Өзім (шексіз түрде) беремін»,- деген.
📚 Муслим; (1151).

Ендеше, баршамыз Аллаһ Тағаланың осынау бір ерекше мақтау-марапатына лайық болуымыз үшін, оразаны дүниенің бір келіп-кетер пайдасы үшін емес, Аллаһтың разылығы үшін ғана ұстап өтуге барымызды салайық ағайын!

#oraza

🌐 https://t.me/bilim_baqshasy




💬 Ауызашар жасаудың артықшылығы!

Ардақты сахаба Зейд ибн Холид әл-Жуһәни жеткізген хадисте Аллаһ елшісі ﷺ былай деген:

مَنْ فَطَّرَ صَائِمًا كَانَ لَهُ مِثْلُ أَجْرِهِ غَيْرَ أَنَّهُ لَا يَنْقُصُ مِنْ أَجْرِ الصَّائِمِ شَيْئًا

«Ораза ұстаушының аузын аштырған (ауызашар жасап, тамақтандырып сусындандырған) адам – ораза ұстаған адамның сауабындай ұлы сауаптарға кенеледі. Әрі ораза тұтқан адамның сауабы еш кемімейді».
📚Тирмизи; (807), Ибн Мəжəһ; (1746), Дəрими; (1744), Ахмад; (17033).

Бұл хадистен Аллаһ Тағала оразаны өте берекелді əрі шексіз сауаптарға толы ғибадат қылғанын байқауға болады. Өйткені, біз келтіріп жатқан оразаның артықшылығы мен ұлы сауаптарының барлығы ораза тұтқан адам үшін ауызашар жасаған адамға да берілетін болады. Неткен ұлы ғибадат, əрі неткен ұлы сауап!

#Ramazan #Oraza

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy


📝 Оразаның сыйы мен артықшылығы (2).

Ораза тұту – барлық күнəлардан тазаруға үлкен себеп

Сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (Аллаһтың оған мақтауы мен сəлемі болсын) хадистерінің бірінде былай деген:

من صام رمضان إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ

«Рамазанда иманмен жəне үміт етумен ораза тұтқан адамның бұрыңғы өткен күнəлары кешіріледі».
📚 Бұхари; (38), Муслим; (2014).

Шейх Ибн Усеймин (рахимаһуллаһ) осы хадисті түсіндіріп айтады: "Яғни, Аллаһқа иман келтіріп, оразаның парыз етілгендігіне разылық танытып, оның сауабы мен сыйын Аллаһтан үміт ете отырып, сондай-ақ, оның парыз етілгендігін жек көрместен жəне сауабы мен сыйына күдіктенбестен ораза тұтса, онда Аллаһ Тағала ол адамның алдыңғы өткен күнəларын кешіріп жібереді".
📚 Мəжəлис Шəһр-Рамадан; (1/14).

#oraza

🌐 https://t.me/bilim_baqshasy






💬 Сәресінде береке бар!

Әнас ибн Мәлик (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі ﷺ былай деген:

تَسَحَّرُوا؛ فَإِنَّ فِي السَّحُورِ بَرَكَةً.

«Сәресін ішіңіздер, өйткені, сәресінде береке бар».
📚 Бұхари; (1923), Муслим; (1095).

Имам Солих Люхайдан (рахимаһуллаһ) айтқан:

اعتن بالسحور اهتم بأن يكون سحورك عند قرب طلوع الفجر ولا تقل لست بجائع ولا أشتهي فإن نبيك المصطفى صلى الله عليه وسلم يقول فرق ما بين صيامنا وصيام أهل الكتاب أكلة السحور، وسمى السحور الغداء المبارك

Сәресіне мән бер. Әрі сәресін таң атарға жақын қалғанда ішуге тырыс. Сондай-ақ, ешуақытта: "қарным аш емес (сәресін ішпесем де ұстай аламын)" деген сынды сөздерді айтушы болма. Себебі пайғамбарымыз ﷺ: «Біз бен кітап берілгендердің оразаларындағы айырмашылық – сәресін ішу»- деген. Сонымен қатар, басқа бір хадисте сәресін – «құт-берекеге толы қорек (азық)»- деп атаған.
💽 Фаридатус-Сыям.

#Ramazan #Oraza

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy


📝 Оразаның сыйы мен артықшылығы (1).

Ораза – екі дүниеде де қуанышқа бөлейтін амал

Аллаһ елшісі ﷺ хадистерінің бірінде оразаның артықшылығын баяндай келе былай деген:

كُلُّ عَمَلِ ابْنِ آدَمَ لَهُ إِلَّا الصِّيَامَ، فَإِنَّهُ لِي وَأَنَا أَجْزِي بِهِ، وَالصِّيَامُ جُنَّةٌ ، وَإِذَا كَانَ يَوْمُ صَوْمِ أَحَدِكُمْ فَلَا يَرْفُثْ وَلَا يَصْخَبْ، فَإِنْ سَابَّهُ أَحَدٌ أَوْ قَاتَلَهُ فَلْيَقُلْ : إِنِّي امْرُؤٌ صَائِمٌ. وَالَّذِي نَفْسُ مُحَمَّدٍ بِيَدِهِ، لَخُلُوفُ فَمِ الصَّائِمِ أَطْيَبُ عِنْدَ الله مِنْ رِيحِ الْمِسْكِ. لِلصَّائِمِ فَرْحَتَانِ يَفْرَحُهُمَا ؛ إِذَا أَفْطَرَ فَرِحَ، وَإِذَا لَقِيَ رَبَّهُ فَرِحَ بِصَوْمِهِ

Аллаһ Тағала (Құдси хадисте): "Адам баласының бүкіл амалы өзі үшін, тек оразадан басқа. Өйткені, оның оразасы Мен үшін жəне оның сауабын Мен Өзім беретін боламын",- деді.
Ораза – (тозақтан) қалқан. Ораза ұстайтын күні сендердің ешбірің жаман сөз айтпасын жəне айқайлап сөйлемесін. Егер ораза ұстаушыны біреу келіп боқтаса немесе əлімжеттік көрсетсе, оған бар болғаны: «Мен оразамын»,- деп жауап берсін. Мұхаммедтің жаны Оның қолында болғанмен (Аллаһпен) ант етемін! Ораза ұстаушының аузынан шығатын жағымсыз иіс – Аллаһтың алдында мисктен де жұпар болып саналады. Сонымен қатар, ораза тұтушыға екі қуаныш бар;
Бірінші рет, ауыз ашар уақытта аузын ашумен қуанса, екінші рет, Раббысымен жолыққанда оразасының (шексіз сауабын көрумен) қуанатын болады.

📚 Бұхари; (1904), Муслим; (1151).

#oraza

🌐 https://t.me/bilim_baqshasy




🌕 Бүгінгі күннің абзалдығын тиімді пайдалану

Пайғамбар мешітінде сабақ беретін үлкен фақиһ ғалым – шейх Абдуссәләм Сухейми (хафизаһуллаһ) айтады:

Бүгінгі жұма күнінде Аллаһ тарапынан берілген ұлы төрт жақсылық жиналған:
1. Рамазанның күні;
2. Жұма күні;
3. Пайғамбарымызға ﷺ салауат айту;
4. Дұғаға жауап берілетін бір уақыт.


Ал енді мұсылман бауырым, осы аталмыш ұлы жақсылықтарды тиімді пайдаланып қал! Аллаһ мені де, сені де Өз мейіріміне бөлесін.

📲 t.me/bilim_baqshasy


🤲 Рамазан – дұғалар маусымы!

Расында, ораза ұстаушы адамның ораза кезіндегі жасаған дұғасы кері қайтарылмайды әрі оның дұға-тілектеріне сөзсіз жауап беріледі. Бұл жайында Анас ибн Мәликтен (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ былай деген:

ثَلَاثُ دَعَوَاتٍ لَا تُرَدُّ؛ دَعْوَةُ الْوَالِدِ، وَدَعْوَةُ الصَّائِمِ، وَدَعْوَةُ الْمُسَافِرِ

«Үш адамның дұғасы (тілегі) кері қайтарылмайды:
1) Əкенің (ата-ананың) баласына жасаған дұғасы;
2) Ораза ұстаушының жасаған дұғасы;
3) Сапардағы кісінің жасаған дұғасы».

📚 Сунан əл-Кубро лил-Байһақи; (6392), Муғжам Ибн ‘Асакир; (405).

Имам Ибн Усеймин (рахимаһуллах) айтқан:

دُعاؤك لوالدك في صلاة التراويح أو في صلاة التهجد أفضل بكثير من أن تذبح له عشـر نِيَاق.

“Тарауих және тахаджуд намазында ата-анаңа дұға қылуың (Аллаһтан олар үшін екі дүние бақытын сұрауың) – (олардың атынан) он түйе сойып таратқаныңнан әлдеқайда абзалырақ”.
📚 لقاء الباب المفتوح ١١٥.

#Duga #Ramazan #Oraza

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy




💬 Ораза ұстаушылардың ең жақсылары

Му’аз ибн Әнас (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте бір кісі пайғамбарымызға ﷺ келіп, келесідей сұрайды:

فأيُّ الصائمينَ أَعظَمُ أجرًا؟ قال: أَكثَرُهم للهِ تبارَك وتعالَى ذِكرًا.

«Ораза ұстаушылардың ішінде ең көп сауапқа қол жеткізетіндері кім?»,- деп. Сонда ол: «Аллаһты көбірек еске алатындары»,- деп жауап берген.
📚 Ахмад; (15614), Табарани; (20/186). Хадистің иснады әлсіз болғанымен, мағынасы дұрыс.

Имам Ибн Қойим (Аллаһтың оған рақымы болсын) айтқандай:

أن أفضل أهل كل عمل أكثرهم فيه ذكراً لله عز وجل، فأفضل الصوام أكثرهم ذكراً لله عز وجل في صومهم

«Ғибадаттың барлық түрінде ғибадаттарды жасайтындардың арасында ең жақсылары – сол ғибадатты жасау барысында аса Ұлы, тым Құдіретті Аллаһты көбірек еске алатындары. Осы тараптан алғанда, ораза тұтушылардың ең жақсылары – ораза кезінде аса Ұлы, тым Құдіретті Аллаһты өте көп еске алатындары болып саналады».
📚Əл-Уəбил əс-Сойиб; (1/75).

#oraza

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy






🌗 Бауырлар, оразаларымызды сақтайық!

Әуелгі өткен ізгілеріміз Рамазан айында және ораза кездерінде оразаларының сауаптарын сақтау үшін мешітте көбірек отыруды ұнататын болған. Осы тұрғыда олардан келесідей керемет бір сөз жеткізіледі:

‏عن أبي هريرة - رضي الله عنه - أنه كان وأصحابه إذا صاموا قعَدوا في المسجد، وقالوا: نُطهِّر صيامنا

Абу Һурайра және оның серіктері (шәкірттері) ораза кезде мешітте отыратын еді және олар сол істерін:
«Біз осылайша оразамызды тазартып (сауабы кеміп кетуден сақтап) отырмыз»- деп түсіндіретін.

📚 Хильятуль-Әулия; (1/384).

Имам Солих Фаузан (хафизаһуллаһ) айтқан:

كان السَّلف إذَا صَامُوا؛ جَلَسُوا في المَساجِدِ، وَقالُوا: نَحفَظُ صَومَنا ولا نَغْتَابُ أحدًا

Сәләфтар (алғашқы буын ізгілері) ораза ұстаса, мешітте отыратын еді, әрі өздерінің сол істерін: «оразамызды сақтап, ешкімді ғайбаттамаймыз»,- деп түсіндіретін болған.
📚 Әл-Мулаххас әл-Фиқһи; (1/385).

Өйткені Абу Дардадан (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте пайғамбарымыз ﷺ былай деген:

المسجدُ بيتُ كلِّ تقيٍّ

«Мешіт – әрбір тақуа адамның үйі».
📚 Әс-Силсилә әс-Сахиха; (2/334).

#Ramazan #Oraza

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy


📌 Ораза аяттары

Аллаһ Тағала қасиетті Құранда былай дейді:

﴿یَـٰۤأَیُّهَا ٱلَّذِینَ ءَامَنُوا۟ كُتِبَ عَلَیۡكُمُ ٱلصِّیَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى ٱلَّذِینَ مِن قَبۡلِكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تَتَّقُونَ * أَیَّامࣰا مَّعۡدُودَ ٰ⁠تࣲۚ فَمَن كَانَ مِنكُم مَّرِیضًا أَوۡ عَلَىٰ سَفَرࣲ فَعِدَّةࣱ مِّنۡ أَیَّامٍ أُخَرَۚ وَعَلَى ٱلَّذِینَ یُطِیقُونَهُۥ فِدۡیَةࣱ طَعَامُ مِسۡكِینࣲۖ فَمَن تَطَوَّعَ خَیۡرࣰا فَهُوَ خَیۡرࣱ لَّهُۥۚ وَأَن تَصُومُوا۟ خَیۡرࣱ لَّكُمۡ إِن كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ * شَهۡرُ رَمَضَانَ ٱلَّذِیۤ أُنزِلَ فِیهِ ٱلۡقُرۡءَانُ هُدࣰى لِّلنَّاسِ وَبَیِّنَـٰتࣲ مِّنَ ٱلۡهُدَىٰ وَٱلۡفُرۡقَانِۚ فَمَن شَهِدَ مِنكُمُ ٱلشَّهۡرَ فَلۡیَصُمۡهُۖ وَمَن كَانَ مَرِیضًا أَوۡ عَلَىٰ سَفَرࣲ فَعِدَّةࣱ مِّنۡ أَیَّامٍ أُخَرَۗ یُرِیدُ ٱللهُ بِكُمُ ٱلۡیُسۡرَ وَلَا یُرِیدُ بِكُمُ ٱلۡعُسۡرَ وَلِتُكۡمِلُوا۟ ٱلۡعِدَّةَ وَلِتُكَبِّرُوا۟ ٱللهَ عَلَىٰ مَا هَدَاكُمۡ وَلَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ * وَإِذَا سَأَلَكَ عِبَادِی عَنِّی فَإِنِّی قَرِیبٌۖ أُجِیبُ دَعۡوَةَ ٱلدَّاعِ إِذَا دَعَانِۖ فَلۡیَسۡتَجِیبُوا۟ لِی وَلۡیُؤۡمِنُوا۟ بِی لَعَلَّهُمۡ یَرۡشُدُونَ * أُحِلَّ لَكُمۡ لَیۡلَةَ ٱلصِّیَامِ ٱلرَّفَثُ إِلَىٰ نِسَاۤىِٕكُمۡۚ هُنَّ لِبَاسࣱ لَّكُمۡ وَأَنتُمۡ لِبَاسࣱ لَّهُنَّۗ عَلِمَ ٱللهُ أَنَّكُمۡ كُنتُمۡ تَخۡتَانُونَ أَنفُسَكُمۡ فَتَابَ عَلَیۡكُمۡ وَعَفَا عَنكُمۡۖ فَٱلۡـَٔـٰنَ بَـٰشِرُوهُنَّ وَٱبۡتَغُوا۟ مَا كَتَبَ ٱللهُ لَكُمۡۚ وَكُلُوا۟ وَٱشۡرَبُوا۟ حَتَّىٰ یَتَبَیَّنَ لَكُمُ ٱلۡخَیۡطُ ٱلۡأَبۡیَضُ مِنَ ٱلۡخَیۡطِ ٱلۡأَسۡوَدِ مِنَ ٱلۡفَجۡرِۖ ثُمَّ أَتِمُّوا۟ ٱلصِّیَامَ إِلَى ٱلَّیۡلِۚ وَلَا تُبَـٰشِرُوهُنَّ وَأَنتُمۡ عَـٰكِفُونَ فِی ٱلۡمَسَـٰجِدِۗ تِلۡكَ حُدُودُ ٱللهِ فَلَا تَقۡرَبُوهَاۗ كَذَ ٰ⁠لِكَ یُبَیِّنُ ٱللهُ ءَایَـٰتِهِۦ لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمۡ یَتَّقُونَ﴾.

﴾Ей, иман келтіргендер! Тақуалық етулерің үшін, сендерден алдын өткен үмбеттерге парыз етілгендей, сендерге де ораза санаулы күндерде парыз етілді. Ал, сендерден кім ауру немесе сапарда болса, онда (ұстамаған күндердің оразасын) басқа күндерде толтырсын. Ал, шамасы келетіндерге өтем ретінде кедейді тамақтандыру міндет. Ал, кім өз еркімен қосымша бір жақсы іс жасаса, ол өзі үшін қайырлы. Егер білсеңдер, ораза ұстағандарың өздерің үшін қайырлы. Рамазан айы – адамдар үшін тура жолға басшылық əрі Фұрқанның (ақиқат пен жалғанды ажыратудың) анық дəлелі ретінде Құран түсірілген ай. Сендерден кім бұл айға жетсе, ораза ұстасын. Ал, кім енді ауру не сапарда болса, онда есебін (ұстамаған күндердін қазасын) басқа күндерде өтесін. Аллаһ сендерге жеңілдік қалайды. Ол сендерге қиыншылық қаламайды. Сондықтан, Аллаһ сендерді тура жолға салғандығына жəне (Оның сендерге берген игіліктеріне) шүкірлік етулерің үшін, Оны ұлықтап, оразаның есебін (күндерін) толтырыңдар. Ал, қашан құлдарым сенен Мен туралы сұраса, күмәнсіз Мен өте жақынмын. Қашан менен тілесе, сұраушының тілегіне жауап беремін. Тура жолмен жүру үшін олар да Маған жауап берсін (бұйрығымды орындап, тыйғандарымнан қайтсын) және Маған сенсін. Сендерге оразаның түнінде әйелдеріңе жақындасуға рұқсат етілді. Олар – сендер үшін киім, сендер де – олар үшін киімсіңдер. Аллаһ сендердің өздеріңе қиянат етіп жүргендеріңді білді әрі күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды (тәубелеріңді) қабыл етіп, сендерді кешірді. Олармен енді қосыла беріңдер және Аллаһтың өздеріңе жазғанын іздеңдер, әрі таңның ақ жібі қара жіптен анықталғанға дейін жеңдер-ішіңдер, кейін оразаны кешке дейін ұстап аяқтаңдар. Мешіттерде иғтикаф жасаушы болған халде, әйелдеріңе жақындаспаңдар. Осы – Аллаһтың белгілеген шекаралары, оған жақындамаңдар. Аллаһ адамдарға олар тақуалық етулері үшін аяттарын осылай түсіндіреді﴿.
Бақара сүресі, 183-185 аяттар.

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy


🎧 Ораза аяттары

🎙Роғд әл-Курди

📲 t.me/bilim_baqshasy



Показано 20 последних публикаций.