Енді Telegram корпорациясы қолданбаны заңға қайшы әрекеттер үшін пайдаланатын қолданушылардың IP-мекенжайы мен телефон нөмірін қауіпсіздік органдарына береді. Бұл туралы Telegram желісінің негізін қалаған Павел Дуров хабарлады.
Дуровтың айтуынша, Telegram мессенжерді пайдалану ережелерін жаңартқан. Оның сөзінше, кейінгі аптада модераторлар жасанды интеллекті қолданып, Telegram-ның іздеу жүйесінен зиян деген контенттің бәрін өшірген.
Сот органдарында мессенжердің қызмет көрсету шарттарын бұзатын қылмыстық іс бойынша күдікті екенін растайтын ордер алса, Telegram оны заңды түрде қарап, заң бұзған қолданушының IP-мекенжайы мен телефон нөмірін тиісті органдарға ашып береді.