Репост из: Qazaq Grammar | Қазақ тілі
24 қазанда “Веном: Соңғы би” фильмінің қазақша дубляжы шығады. “Әр фильмнің дубляжы басқа, веномдары қара қасқа” демекші, бұл туындының да біз бен сіз үшін ерекшелігі мол.
Әуелі айта кететін жайт – фильм дубляжын Sony Pictures компаниясы қолдап отыр. Бұл – Қазақ елінің аймақтағы мәдени ықпалы мен экономикалық әлеуеті өсіп келе жатқанын білдіреді деп түсінеміз.
Ендеше дәстүр бойынша, қазақша дубляж бен көрермендердің симбиозын нығайту үшін жаңа фильмнің ерекшелігін түсіндіре кетейік:
1. Веном тәрізді суперқаһармандар туралы фильмдерді қазақ тіліне дубляждаудың маңызы зор. Бұл санаттағы туындыларды көбіне жасөспірімдер мен жастар қарайтыны белгілі. Жастар – көзқарасы енді ғана қалыптасып келе жатқан аудитория болғандықтан, қазақша дубляжды әуелі солардың арасында барынша насихаттау қажет екенін кез келген симбиот біледі. Осылайша қазақ тілі де қарадомалақ Веномның тілі тәрізді ұзарып, қолданыс аясы кеңейе бермек.
2. “Веном: Соңғы би” – көптен бері қарасы көрінбей кеткен қазақша дубляждағы блокбастерлерді жаңғыртып отырған фильм. Осы тұста қазақша дубляждың сапасы жылдан жылға жақсарып, өз стилі мен бағытын әуелі блокбастерлерден табатын сияқты. Бұған қазақша сөйлейтін аудитория санының өсіп жатқаны да септігін тигізіп отыр. Дегенмен қазақша дубляж нарықтағы орнына бекем жайғасуы үшін әлі біраз уақыт қажет. Сондықтан осындай бастапқы кезеңдерде қазақша дыбысталған фильмдерді өле-өлгенше бірге қолдап, дубляж туралы ақпаратты шартарапқа таратуымыз керек.
Кинопрокатта көрсетілімнің алғашқы аптасы аса маңызды. Кинотеатрлар соның нәтижесіне қарап, екінші аптаның кестесін жасайды. Сондықтан 24 қазаннан бастап кинотеатрларда қазақ тілінде және орыс тілінде көрсетілетін “Веном: Соңғы би” фильмін тамашалауға шақырамыз!
#серіктестік #ҚазақшаДубляж #Веном