21 қыркүйек күні Астанада «Bolashaq» Қауымдастығы Кеңесінің стратегиялық сессиясы өтті. Кездесу барысында Қауымдастықтың даму бағыттары талқыланып, бірнеше маңызды бастамалар мақұлданды. Алдағы үш жылға арналған жаңа стратегия әзірленді. Қатысушылар қызу талқылау мен брейнстормға белсенді араласып, көптеген тың идеялар мен шешімдер ұсынды.
Сессияны фасилитация форматында жүргізген Айгерім Шарлапаеваның кәсіби шеберлігі мен креативті тәсілдері қатысушыларға маңызды мәселелерді жан-жақты талдап, тиімді ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.
Сессия қонағы HR менеджер, тәжірибелі хедхантер Арман Шоқпаровқа да алғысымыз шексіз. Ол Қауымдастықтың негізгі мәселелеріне терең диагностика жасап, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынды. Оның кәсіби талдауы сессияның тиімділігін арттырып, жаңа стратегияны қалыптастыруға зор үлес қосты.
Сессияның офлайн және онлайн форматта өтуі еліміздің әр өңіріндегі Кеңес мүшелеріне шараға толыққанды қатысуға жол ашты. Заманауи техникалық мүмкіндіктермен жабдықталған Есіл жағалауындағы теңдесіз «Spaces» кеңсе кеңістігіне ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Осындай жайлы ортада жұмыс істеу — нағыз қуаныш!