ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ «HALYK FINANCE»-ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
✍🏻«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Орталық Азияның жетекші инвестициялық банкі «Halyk Finance» қаржы саласында «Болашақ» бағдарламасы түлектерін жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
⚡️Кездесу барысында ХБО Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Арман Ашкин мен «Halyk Finance» филиалының басшысы Динара Асамбаева серіктестіктің егжей-тегжейін талқылады. Тараптар Қазақстанның қаржы нарығының кадрлық әлеуетін дамыту бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті.
🏦2004 жылы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ құрған Halyk Finance Орталық Азияның қаржы нарығында танылған көшбасшы болып табылады. Банк Fitch Ratings агенттігінің «BBB-» инвестициялық санаттағы халықаралық кредиттік рейтингіне ие және жеке тұлғалар мен институционалдық инвесторларға брокерлік қызметтерді қоса алғанда, қаржылық қызметтердің кең спектрін ұсынады.
🔝 «Болашақ» бағдарламасы қазіргі таңда 12 696-дан астам жоғары білікті мамандарды, соның ішінде қаржы және экономика саласындағы 2 001 мамандарды даярлады. Бағдарлама түлектері әлемнің жетекші университеттерінде қаржылық менеджмент, халықаралық қаржы және инвестиция, корпоративтік қаржы және тәуекелдерді басқару сияқты сұранысқа ие бағыттар бойынша академиялық оқудан, кәсіби және ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.
🙌🏻Меморандумға қол қою білім беру және қаржы салалары арасындағы серіктестікті дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Тараптар бірлесе отырып, қазіргі заманғы қаржы нарығының күрделі міндеттерін шешуге қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындауға ықпал ететін болады.