Burgylau


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Другое



Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Другое
Статистика
Фильтр публикаций


⚜️ ХАБАРЛАНДЫРУ - АУЫЗАШАРҒА ШАҚЫРУ!


⚽️ ФУТЗАЛДАН БҰРҒЫЛАУ КОМАНДАСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ VIII ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС КУБОГІН ЖЕҢІП АЛДЫ

Ақтау қаласында наурыз айының 21 мен 24 күндер аралығында өткізілген футзалдан әуесқойлар арасында VIII-ші Қазақстан Республикасының чемпионатында "Бұрғылау" командасы Маңғыстау облысының намысын абыроймен қорғап, күміс кубогін иеленді.

Төрт күнге созылған ҚР чемпионатына Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 35 команда қатысты. Тау тасындай сұрыпталған мықты командалардың ойындары көрермендердің қошеметіне бөленіп, жанкүйерлер өз командаларына барынша қолдау көрсетті.

Жеңіске ұмтылған кәсіби шыңдалған 35 команда арасында екінші орын алу Бұрғылау командасы үшін үлкен жетістік. Тартысқа толы бұл сайыста Бұрғылау командасы тамаша ойнап, көрермендерге жақсы әсер сыйлай алды. Айта кетерлігі Бұрғылау командасы футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионатына алғашқы қатысуы. Бұл әрине тарихи жеңіс.

Сонымен қатар ойын барысында ерекше көзге түскен Бұрғылау командасының ойыншылары Нұрмұханов Бақытжан үздік ойыншы атағын алса, Ерәділ Нұрберген ардагер ойыншы марапаттарына ие болды.

Бұрғылау командасының тарихи жетістікке қол жеткізген жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Одан әрі табыстар мен жаңа жеңістерге жетуіне тілектеспіз!




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


⚽️"Бұрғылау" командасы футзалдан әуесқойлар арасында Қазақстан Республикасының VIII Чемпионатының финалында

"Бұрғылау" командасы 1/2 финалда "Жігер" командасын 5:2 ұпаймен ұтып финалға шықты. Бүгін сағат 15:00 де "Халық Арена" спорт кешенінде "Бұрғылау" командасы "Муслим" командасымен бақ сыйнайтын болады.

Соншама командалар ішінде топ жарып, жеңіске талпынған "Бұрғылау" командасына сәттілік серік болсын!



Показано 6 последних публикаций.