2026 жылғы 24 сәуірде Өңірлік экологиялық саммит 2026 аясында «Өңірлік климаттық шешімдерді қалыптастырудағы академиялық және ғылыми қауымдастықтың рөлі» тақырыптық сессия өтеді.
📍 Hilton Astana, «Арал» залы (1 қабат)
🕘 09:00 – 10:45
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Орталық Азия климат өзгерістеріне осал өңірлердің қатарына жатады. Су қауіпсіздігі, экожүйелердің деградациясы және мұздықтардың шегінуі өңірдің ұзақ мерзімді күн тәртібін айқындайды. Бұл сын-қатерлер жүйелі, ғылыми негізделген және кешенді тәсілдерді талап етеді.
Осы ретте академиялық және ғылыми қауымдастық тек білім көзі ғана емес, сондай-ақ стратегиялық әріптес ретінде маңызды рөл атқарады. Мәселен, ғылыми негіздеме қалыптастыру, саясатты сараптамалық тұрғыдан сүйемелдеу және орнықты даму үшін кадрлық әлеуетті күшейтуде маңызы бар.
Сессия аясында ғылымның климаттық күн тәртібіне қосатын үлесін арттырудың негізгі бағыттары талқыланады:
- ғылыми зерттеулерді шешім қабылдау процестеріне енгізу
- трансшекаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту
- инновациялар мен талдамалық платформаларды ілгерілету
Іс-шара халықаралық ұйымдар, дипломатиялық корпус және жетекші ғылыми-талдамалық орталықтар өкілдерінің қатысуымен өтіп, өңірлік климаттық күн тәртібін қалыптастырудағы ғылымның рөлін күшейтуге бағытталған пікір алмасу алаңына айналады.
Ғылыми қауымдастық, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар және даму институттарының өкілдерін аталған сессияға қатысуға шақырамыз.