⚡️ Ғарыш кемесін хан Кененің басына алмастыруды ұсынған кәсіпкерге іздеу салынды
Бір жылдары "Боран" ғарыш кемесін хан Кененің басына айырбастауға дайын екенін айтып, Кремльге шарт қойған бизнесменге іздеу жарияланды жазады DALA INSIDE.
Бас прокуротураның мәлім еткеніндей Дәурен Мұсаның үстінен "алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалып, кәсіпкерді құрықтау туралы пәрмен берілген. Тергеу амалдарымен Алматы полициясы айналысуда.
Құқық қорғау органдарының нысанасына іліккен Дәурен Мұса КСРО-ның аса ірі жобасы, АҚШ-тың Space Shuttle бағдарламасына жауап ретінде жасалған "Боран" ғарыш кемесін 89 мың рубльге сатып алып, іріп-шіруге шақ қалған шатллды қайта қалпына келтірген еді.
Кейінгі жылдары Кремль жекенің қолына өткен "Боранға" қайта "құмартып", ғарыш кемесін "Роскосмостың" балансына қайтаруға тырысқан.
"Боран" біз үшін металл мен болттардың жиынтығы емес, советтік инженерияның ұлы жетістігі", - деп жазған еді осыдан төрт жыл бұрын компанияның сол тұстағы төрағасы Дмитрий Роғозин.
Осы орайда "кәсіпкердің үстінен қозғалған қылмыстық істе көршінің көлеңкесі көрінбей ме?" деген заңды сауал туындайды. Кәсіпкердің үстінен қозғалған қылмыстық іс пен Кремль көсемінің Астана сапары тұспа-тұс келгені түрлі ойға жетелейді.
Қалай болғанда да, кәсіпкерге тағылған айып мен оның айналасындағы ахуал Мәскеу үшін тиімді бағытта өрбіп жатқаны өтірік емес. Кәсіпкердің осыдан үш жыл бұрынғы мәлімдемесі өз басына таяқ болып тигендей әсер қалдырады...
Айтқандай, күні кеше Есілдің бойындағы хан Кененің мүсіні алынып тасталды. Әкімдік ескерткіштің іргесі іріп-шіри бастаған, құлау қаупі бар дейді. "Ұлысмедиадағы" әріптестерге сұхбат берген тарихшы Сұлтанхан Аққұлұлының айтуынша бұл кездейсоқ емес, "бәрі бір саясаттың, бір сценарийдің желісі".
DALA INSIDE жағдайды бақылауда ұстауда. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside

"Роскосмос" төрағасына дереу жауап қатқан Дәурен Мұса "шатлды хан Кененің басына айырбастауға дайын екенін" мәлімдеген-тін. Кәсіпкердің шарты Мәскеудің қытығына тигені анық еді. DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Ресей ғарыш кемесін "тарихи отанына қайтару" мақсатынан бас тартқан жоқ.
Осы орайда "кәсіпкердің үстінен қозғалған қылмыстық істе көршінің көлеңкесі көрінбей ме?" деген заңды сауал туындайды. Кәсіпкердің үстінен қозғалған қылмыстық іс пен Кремль көсемінің Астана сапары тұспа-тұс келгені түрлі ойға жетелейді.
Қалай болғанда да, кәсіпкерге тағылған айып мен оның айналасындағы ахуал Мәскеу үшін тиімді бағытта өрбіп жатқаны өтірік емес. Кәсіпкердің осыдан үш жыл бұрынғы мәлімдемесі өз басына таяқ болып тигендей әсер қалдырады...
Ресей қазақтың соңғы ханының басын қайтаруға асығар емес. Саяси сауданы кешірмейтін Кремль "Боранның" иесіз қалар сәтін тыпыршып күтіп отырса таңғалмаңыз.