Narkes


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Лингвистика


Имам Әбу Ханифа (оған Алла разы болсын!): «Араларыңда хадиске көңіл бөлетін (хадисті талап ететін) адам жүрген уақытта, адамдар әрдайым игілікте, жақсылықта болады.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Лингвистика
Статистика
Фильтр публикаций


Үкімі: Күйеуі тарапынан берілетін қалыңмалды қыздың разылығымен мәһірге жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады.


Осы жаңалықтарда “отменили махр» деп жазып жатқаны қалай кетті?
Махр “отмена” болған жоқ қой. Тек қалың малды махрға жатқызып жатыр емес пе?


Махрдың қалың малға ауыстырылғаны еркектерге пайда ғой. Әйелдер өз сыйлықтарыңыздан айырылып жатсыздар қараптан қарап)

406 0 1 12 25

Алла қаласа ертең бастаймыз


Ақылы қысқалар - адамдарды талқылайды.
Ақылы орташалар - оқиғаны талқылайды.
Ақылы жоғары болғандар - жақсы ойды талқылайды


Араб тілі бастауыштарға. 1 бөлім бір айға созылады. Аптасына 3 сабақ.
Дурусул луғатул арабия - 12 дәрісі
Самғау - 12 дәрісі
Дәріс онлайн болады.
Бағасы: 3000тг
Толық ақпарат ватсаптан біле аласыз.


"Тапсырма тым ауыр болған сайын көмекшілері де азая береді"

Имам Ғазали

Алла жолындағы сапарда (жақсылыққа шақыру) байқалады.


Пайғамбарымыз ﷺ:

إِنَّ لِكُلِّ دِينٍ خُلُقًا، وَخُلُقُ الْإِسْلاَمِ الْحَيَاءُ

«Расында, әрбір діннің өзіне тән мінезі бар. Исламның мінезі – ар-ұят», – деген (имам Ибн Мәжә).


Ара сияқты бол…
Ара ұясынан ұшқанда тек шырындардың ең тәттісін, сапалысын іздейді. Көз тартарлық гүлдерден басқаға қарамайды. Шіріп тұрған, ауыру гүлдерге жақындамайды.

Шыбын болма…

سهرة عائلية في رياض الجنة


Репост из: TAǴYLYM TAMSHYLARY
Діндегі ең қауіпті адам

Діндегі ең қауіпті адам – ұстаздан жүйелі түрде дәріс алмаған, бірақ араб тілін білетін адам. Мұндай адам өзін білімді санап, діни ілімге бет бұрса да, оның ілімі жүйесіз, ұстазсыз болғандықтан, дінді толық түсінбей, қате пікірлерге бой алдырып, өзімен қоса өзгелерді де шатастыруы мүмкін.

Сондай-ақ, ең қауіпті адам – түрлі ақпараттарды ойдан-қырдан жинап алып, оларды жүйесіз қабылдайтын адам. Мұндай адам терең ілімге сүйенбей, үстірт біліммен шешім шығаруға бейім келеді. Оның діни мәселелерде үстірт пайымдаулары мен дұрыс талданбаған ақпараттары өзіне сенген адамдарды да адастыруы мүмкін.

Ұстазсыз, жүйесіз алынған ілімнің зияны көп. Шынайы ілім ұстаздың жетекшілігімен, нақты тәртіпке сай, жүйелі түрде алынғанда ғана берекелі болмақ. Ал жүйесіз, бағытсыз алынған білім адамды қателікке ұрындырып, діндегі адасушылыққа алып келуі мүмкін.


Діннің қадірін кім сақтап жатыр?

Дінің тақырыбымен басталған кәсіптер, тренингтер, подкасттар, қайырымдылқ қорлар бар, олардан бір былық шыққанда мұсылмандарға, мешітке және Ислам дінінің атына кір келеді.
Елімізде діннің қадірі өте жоғары. Сол себепті діни кәсіптер, қайырымдылық қорлар және т.б халыққа жақсы өтіп, өздеріне табыс алып келеді.
Тақуалықтың жоқтығы, ілімнің таяздығы, алаяқ болады, басқаларды адастырады.

Кейін "Исламда тиым көп" деген сөздер көбейеді. Діннің тақырыбымен "Дінге жаңа нәрсе әкелмесек дамымаймыз" - деп "муржиялар" және сол сияқты баяғыда адасқан ағымдарының идеологиясын тықпалайды. Ислам бізді зиянды нәрселерден сақтайды, пайдалы нәрселерден тыймайды.
Адам таза дінді біліп алса, дінге қатысы жоқты ажырата білсе бұндай стереотиптермен ауырмайтын еді.


Омар (р.а) айтқан сөзі бар: "Мен ешкімді алдамаймын әрі ешкімге алданбаймын".


Репост из: Сырымбек Әділболатұлы
🔈Абай болыңыздар‼️

Ханафи мәзһабына жала.

Қазіргі таңда кейбір уәһабистік бағыттағы адамдар өздерінің діни көзқарастарын дәлелдеу мақсатында Ханафи мәзһабының кітаптарынан дәлел іздеуге көшкен. Олар мұны өздерінің пікірін қолдау үшін жасап, адамдарды соған сендіруге тырысуда. Алайда, бұл адамдар Ханафи мәзһабынан мүлдем хабарлары жоқ.

Жақында Алтай Беріш есімді бір уәһабистік көзқарастағы жігіт Әбу Ханифа (р.а.) шұлықтарға (носкиге) мәсіх тартуға болады деп айтқан және Абу ханифа шұлықтың қандай екенің айтпаған деген пікірді келдірген. Ол өз пікірін қолдау үшін Ханафи мәзһабының "Бадаиғ ас-Санаиғ" атты классикалық фиқһ кітабынан дәлел келтіреді. Алайда, ол кітап, оның айтқан сөзіне керсінше қарсы. Сондықтан, біз бұл мәтінді толық қарап, аударып, қандай мағынада жазылғанын айтып өтейік:
مطلب المسح على الجوارب
وأما المسح على الجوربين، فإن كانا مجلدين، أو منعلين، يجزيه بلا خلاف عند أصحابنا وإن لم يكونا مجلدين، ولا منعلين، فإن كانا رقيقين يشفان الماء، لا يجوز المسح عليهما بالإجماع، وإن كانا ثخينين لا يجوز عند أبي حنيفة وعند أبي يوسف، ومحمد يجوز.
وروي عن أبي حنيفة أنه رجع إلى قولهما في آخر عمره، وذلك أنه مسح على جوربيه في مرضه.
[الكاساني، بدائع الصنائع في ترتيب الشرائع، ١٠/١]
Аудармасы:
Шұлыққа мәсіх тарту мәселесі:
Шұлыққа мәсіх тарту мәселесіне келсек:
1. Егер шұлық толықтай терімен немесе табаны терімен қапталған болса, онда мәсіх тартуға ешқандай талассыз рұқсат етіледі.
2. Егер шұлық толықтай терімен немесе табаны терімен қапталмаған және суды өткізетіндей жұқа болса, онда барлық ғалымдардың бірауыздан келісімі бойынша мұндай шұлықтарға мәсіх тартуға болмайды.
3. Ал егер шұлық қалың болса (ғалымдарымыз қалын дегенді суды өткізбейтіндей және 5-6 км жүруге жарайтындай деп түсіндірген), Имам Әбу Ханифаның пікірінше, мұндай шұлықтарға мәсіх тарту дұрыс емес. Ал оның екі шәкірті (Әбу Юсуф пен Мұхаммед) бұл жағдайда мәсіх тартуға рұқсат етіледі деп есептейді.
Имам Әбу Ханифаның (р.а.) өмірінің соңында екі шәкіртінің пікіріне (қалың шұлыққа мәсіх тартуға болады деген) қайтқаны риуаят етіледі (Бадаиғ ас-Санаиғ 1/10, дар әл-Кутуб әл-Илмия баспасы).


Қорытынды:

- Шұлықтың асты және үсті немесе тек асты терімен қапталса, еш талассыз мәсіх тартуға болады.

- Жұқа шұлыққа еш талассыз мәсіх тарту дұрыс емес.

- Қалың шұлыққа Имам Әбу Ханифаның (р.а.) пікірінше, бастапқыда мәсіх тарту дұрыс емес деп есептеген, бірақ кейін екі шәкіртінің (Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің) пікіріне (қалың шұлыққа болады деген) қайтқаны туралы риуаят бар. Ал екі шәкірттерінің пікірінше, қалың шұлыққа мәсіх тарту рұқсат етіледі.

Енді осы сөздерге қарасақ, Имам Әбу Ханифа (р.а.) бастапқыда қалын шұлықтың өзіне де мәсіх тартуға болмайды деп есептеген, бірақ кейін қалың шұлыққа (суды өткізбейтін және 5-6 км жүруге жарамды) мәсіх тартуға рұқсат етіледі деген шәкірттерінің пікіріне қосылған.

Енді, Алтай Беріштің "Имам Әбу Ханифа шұлыққа мәсіх тартуға болады деп айтқан және қандай шұлық екендігін нақтыламаған" деген сөзі қате. Бұл - Имам Әбу Ханифа мәзһабына үлкен жала болып есептеледі. Егер ол қателесіп айтқан болса, кері сөзінен қайтқаны жөн. Ал егер әдейі айтқан болса, тәубе етсін, себебі қиямет күні жалған сөздері үшін жауапқа тартылады, әрі біреудің атынан жалған сөйленгендігі үшін сұралады.

Ал-Хатиб ал-бағдади (Аллаһ оны рахымына алсын) "ал-фиқиһ уал мутафақиһ" деген еңбегінде айтқандай:
Мұсылмандардың басшысына фатуа беріп жүрген адамдардың жағдайларын қарау керек, егер фатуа беруге жарайтын болса қалдырып, ал егер жарамаса оны тыю керек, ал егер тыйылмаса жаза берем деп қорқыту керек.

Міне осындай интернетке шығып адамдарды адастырып фатуа беріп жүрген жігіттерді тыю керек.


Көп адамдарда мынандай стереотип бар екен:
“Ислам дінінде болсақ дамымай қаламыз”, “ескі дін”, “Исламда көп шектеу бар” және осыған ұқсастары да жетерлік.

Қалай ойлайсыз бұл сауатсыздық қой ия?! Әлде сіздерде де бар ма?
🧐

642 0 0 10 31

Наданның қолындағы мың динар бір уыс топыраққа айналады. Ғалымның қолындағы бір уыс топырақ мың динарға айналады.

سهرة عائلية في رياض الجنة


Ілім - ұрлық түспейтін қазына.


Бірде бір психиатр айтқан екен:

«Менің бөлімшеме қоғамның барлық өкілдері келген екен, тек Құран иелері келмепті».

قراءة القران من اقوى الأمور التي تدخل الطمأنينة القلب

Құран оқу – жүрекке тыныштық әкелетін ең қуатты нәрселердің бірі.


Ислам дінін мазақ еткен тәңіршілерді осылай арыз жазып мәселені шешу керек. Дауысынан танып тұрған шығарсыздар. Негізі бұл мән бермейтін нәрсе ше! Айтқан сөздері баланың әңгімесі. Осындай әрекет жасамаса қарапайым халық солардың артынан еріп кетіп жатыр да!


«Қазіргі кезде көптеген адамдар ұмытып кеткен Пайғамбарымыздың ﷺ сүннеттерінің бірі – адамдарға олар сіз үшін маңызды және қадірлі екендігін сезіндіру. Яғни, сіз олармен сондай махаббатпен, қамқорлықпен және ықыласпен қарым-қатынас жасап, олардың өздерін сізге ең қымбат адамдардың қатарында екенін сезіндіресіз»

© Мүфти Мухаммад ибн Адам әл-Каусари.


Бірде Абдулла ибн Мубарактан (Алла оны рақым етсін) сұрайды:

– Жігіттің ең жақсы қасиеттері қандай?
– Ақыл-парасат.
– Егер ол болмаса ше?
– Жақсы мінез.
– Егер ол да болмаса ше?
– Тақуа адаммен ақылдасу.
– Егер ондай адам да болмаса ше?
– Үндемеу.
– Егер үнсіздік те болмаса ше?
– Ерте өлгені жақсы.

Ибн Хиббан

860 0 11 1 47

Жұрттың атеисті - атеист, біздің атеист - стереотиптердің патшасы.

Показано 20 последних публикаций.