Даналық иірімдері

@danalyq Нравится 0
Это ваш канал? Подтвердите владение для дополнительных возможностей

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги


Гео канала
Казахстан
Язык канала
Казахский
Категория
Книги
Добавлен в индекс
15.04.2018 13:11
реклама
Telegram Analytics
Подписывайся, чтобы быть в курсе новостей TGStat.
TGAlertsBot
Мониторинг упоминаний ключевых слов в каналах и чатах.
TGStat Bot
Бот для получения статистики каналов не выходя из Telegram
137
подписчиков
~0
охват 1 публикации
~23
дневной охват
N/A
постов в день
N/A
ERR %
0.04
индекс цитирования
Последние публикации
Удалённые
С упоминаниями
Репосты
Адам біліміне қарай 4 түрлі болады

Күндердің күнінде бір адам, ғалым Халил ибн Ахмет әл-Фараһидиден:

— Адамның бойындағы білімі қалай өлшенеді?, - деп сұрапты.

Сонда ғалым:

— Адам біліміне қарай 4 түрлі болады:

1) Ғалым адам: Білімді әрі өзінің білімді екенін біледі — Бұндай адамнан білім алыңдар!

2) Ғапыл адам: Білімді, бірақ, білімді екенін аңғара бермейді, — Бұндай адамды ояту керек!

3) Надан адам: Білімі жоқ және білімсіз екенін анық мойындайды — Бұны оқыту, үйрету керек!

4) Ақымақ адам: Білімі жоқ, сонда да білімсіз екенін мойындамайды — Бұндай адамнан аулақ жүру керек, - деп өсиетін айтқан екен.
Читать полностью
Біле жүріңіз...

Оразбайдың мəрттігі

Абай кемеліне келіп, ақылы мен абыройы бар қазаққа мәшһүр кезінде Жетісудың жалайыр елінде жұрт «Жәмеңке аға» деп атап кеткен Жәрменде дейтін абыройлы қария болыпты. Жәмеңке қартайған шағында:
- Арманым, Семей еліндегі Құнанбайұлы Абай ақынды көргім келеді. Ол кісі "Ұят кімде болса – иман сонда" депті. Ұят дегеніміз адамгершілік болса, адамгершіліктің бар сипатын Абай деп білемін, - деп, ұлдарын ертіп Шыңғыстауға жол тартыпты.
Алыстан арнайы келген құрметті мейманына Абай жеке үй тігіп, ерекше құрмет көрсетіпті. Абай елінде бір ай жатқан Жәмеңкеге Абай қайтарында:
- Аға, бұйымтай айтып, қалағаныңызды алыңыз, - дегенде, Жәмеңке:
- Қамысқұлақ атыңды бер, - деген екен.
- Қайсы қамысқұлақ атты айтасыз? - дегенде Жәмеңке «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» деп басталатын Абайдың әйгілі «Аттың сыны» өлеңін түгелдей жатқа айтып шығыпты.

Абайдың өз қолында, Құнанбай әулетінің жылқыларында дәл осы өлеңде айтылатын сәйгүлік табылмағандықтан, қонағын тағы бір жұма аялдатып, бес болыс Тобықты еліне жіберіп, өлеңдегі сынға саятын ат іздетіпті. Одан да шықпаған соң, өзімен араз, 9 мың жылқысы бар Оразбайға:
- Ел намысы – ер намысы болғанда, ер намысы – ел намысы болмай ма екен? Өзім міну үшін емес, Тобықтының қонағына сыйлау үшін сұратып отырмын. Оразекең бір тайын аямасын, - деген сәлеммен кісі жіберіпті.
Сәлемді естіген Оразбай:
- Ағайын ащы, мал тұщы десем, мен Оразбай боламын ба?! Жаттан сағы сынбасын, - деп, өңкей сәйгүлік бөлек бағылатын 5 қос жылқы үйірлерін аралатып жүріп үш ат ұстатыпты.
- Абайға айт, қонағы үшеу екен, осы үш атты да берсін. Өзіне қарсы болсам да, ақылы мен ажарына қарсы емеспін, – депті.

Алмахан Мұхаметқалиқызы.
Читать полностью
Ғибратты әңгіме екен...

Бір тренингке қатысқан кезде ұстаздың айтқаны:

"Менің 3 балам бар. Үшеуіне 3 банан алып беруге шамам жетеді. Алайда, мен 3 банан алсам да үшеуіне 1 бананды беремін де: "Үшеуің бөліп жеңдер" - деймін. Бастапқы кезде таласып жүрді, келіспей жүрді. Кейіннен бұл нәрсе әдетке айналып кеткені соншалық, кез-келген нәрсені таласпай, бөлісетін болды.

Кейде бір ойыншыққа таласып, біреуі жылап келеді. Сол кезде таласқан екеуін қатар отырғызып қойып: "Мынау ойыншық, яғни - дүние. Мынау - бауырың. Тірі адам. Ертең ойыншығың ескіреді, бұзылады, сынады. Саған бір кездері көмек қажет болады. Сонда ойыншығың көмектесе алмайды, бауырың көмектеседі." - деп жайлап түсіндіремін де сосын сұраймын: "Сен үшін қайсысы жақын? Қайсысы бағалырақ? Бауырың ба, әлде, ойыншық па? " - деп. "Бауырым" - деп жымың-жымың етіп қояды бір-біріне қарап. Сөйтіп олардың бойына кішкентай кезінен бауыр деген кез-келген дүниеден жақын екендігін құйып өсірудемін" - деген еді. Шәкәрім атамыз айтқандай, "қоғам жалғыздардан құралатын" болса, әрбір адам өзін дұрыстау арқылы, өзіне қарасты адамдарды дұрыс жолға салу арқылы қоғамды да жөндеуге болады екен.

Ғани Байсалдың парақшасынан алынды
Читать полностью
Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы қызметін атқарып жүрген кезінде Қалтайды Республиканың бірінші басшысы Дінмұхаммед Қонаев қабылдауына шақырыпты.
– Қалтай, осы Олжас екеуіңнің басың бір қазанға сыймай жүрген сияқты, саған басқа бір қызмет тапсырайын. Анау кинокомитетінің бастығы Ләйла Ғалымжанқызына орынбасар болып барсаң қайтеді, – дейді. Сонда Қалтай:
– Рахмет, Димеке, мен екі бірдей қатынға қалай орынбасар боламын! – десе керек.
– Қалайша екі әйелге орынбасар боласың? – деп, Димекең таңданыс білдіреді.
– Енді, Димеке, жұмыста Ләйлаға орынбасар болсам, үйге келген кезде келініңізге орынбасар болсам, менің не тамтығым қалады?!
– депті Қалтай. Димекең бұл сөзге мырс етіп бір күліп алыпты да, Қалтайды Киномотографистер одағының төрағасы қызметіне тағайындатыпты.

Қалтай Мұхамеджанов - қазақ драматургиясындағы қайталанбас тұлға, жазушы, сценарист.
Читать полностью
Жазушылар Одағы үйiнiң астыңғы қабатындағы «Қаламгер» дәмханасында әдебиет сыншысы, марқұм Төлеген Тоқбергенов Баянғалимен кездесiп қалады. Ол кезде Баянғалидың «Жұлдыз» журналына жұмысқа жаңа тұрған уақыты екен. Сонда Төлеген қарлығып шығатын дауысымен Баянғалиға: «Әй, «Жұлдызға» келдiң... «Жұлдызға» келдiң... Ендi артыңды қысып жүр!»- дептi, иығынан жұдырығымен қойғылап тұрып.
Баянғали ағасына қарап: «Ойбай, Төке-ау, жерде қыспаған артты жұлдызға шыққасын қысқан ұят емес пе?» - деген екен.
Читать полностью
Баянғали бiр топ кiсiмен ағасы Мейрамның үйiнiң алдында тұрса, бiр-екi орыс келiп: «Где улица Аймаутова? Целый день ищу, не могу найти», - дептi ренжiп. Сонда Баянғали: «Аймаутов – репрессированный великий казахский писатель. Шестьдесят лет предавали его имя забвению, теперь можно шесть часов поискать его улицу!»- деген екен.
Бiр жолы бастықтардың бiрi Баянғалиға: «Сен бiрiншi орынға ат мiнiп, кiлем алып жүрсiң, бай болатын болдың ғой!»- дептi. Сонда Баянғали: «Үкiметтi жегендей болмайды екен», - дептi.
Тағы бiр әкім : «Осы сен бiр жерге барасың да, бiр-екi ауыз өлең айтып, ат мiнiп, дүние алып келесiң. Елден алып жатсың, алып жатсың...» - дептi Баянғалиға. «Иә, аға, екеумiз де халықтан аламыз. Бiрақ мен жырлап аламын, сiз ұрлап аласыз!»- дептi сонда ақын.

Баянғали Тоқанұлы Әлімжанов - ақын, драматург, жазушы, сатирик, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі, сыншы, кинодокументалист, тележүргізуші, мәдениет қайраткері.
Читать полностью
Жігіттің қанша жұрты бар?

Бір үйдің берекелі дастарқанында отырғанда Бөкен биден бір ауыл қариясы:
- Жігіттің неше жұрты бар? - депті.
Бөкен би оған былай деп кері сұрақ қойыпты:
- Өзің айтшы, қанша жұрты бар деп ойлайсың?
Әлігі қария айтыпты:
- Ел айтып жүр ғой: жігіттің өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты бар деп. Өз жұрты - күншіл, нағашы жұрты - сыншыл, қайын жұрты - міншіл, - деп.
- Әй, отағасы-ай, - депті Бөкен би. - Жігіттің ең басты негізгі жұртын әлі білмейді екенсіз ғой, - депті.
- Ол қайсы жұрт еді?
- Тыңдаңыз мен айтайын: Жігіттің күндемейтін, сынамайтын, мінемейтін бір жұрты бар. Ол Алаштың азаматы еді ғой, - дегенде отырған көпшілік:
- Бәрекелді Бәке, тауып айттыңыз. Жұртты руға, жікке бөлмейтіндерге арнайы айтылатын аталы сөз екен, - депті, Бөкен биге риза болысыпты.
Читать полностью
Ең жақсы ұстаз кім? — Қайғы.

Ең нашар ұстаз кім? — Рахатқа бөлену.

Қандай қасиет ең сирек кездеседі? — Бере білу.

Қай қасиет ең жақсы? — Кешіре білу.

Қай қасиет ең қиын? — Үндемеу.

Қай қасиет аса маңызды? — Сұрай білу.

Ең керекті қасиет не? — Тыңдай білу.

Ең қауіпті күрес не? — Қиялмен күрес.

Қай әдет ең сүйкімсіз? — Шатақ шығару.

Қай әдет ең зиянды? — Мылжың болу.

Қандай адам ең мықты? — Ақиқатты түсінген адам.

Қандай адам ең әлсіз? — Өзін мықты санаған адам.

Қандай адамды парасатты дейміз? – Жүрегін қадағалап ұстайтын адам.

Қандай байланыс ең қауіпті? — Өз тәніңе деген іңкәрлік.

Қандай адам ең кедей? — Бәрінен де ақшаны жақсы көретін адам.

Құдайға қандай адам жақын? – Мейірімді.

Ең осал адам кім? — Өзгелерді жеңе білген жан.

Рухы мықты адам кім? — Өзін-өзі жеңген адам.

Қайғыны немен жеңеді? — Қуанышпен.

Қайғыға немен қарсы тұрады? — Төзіммен.

Санасы саудың белгісі не? — Сенім.

Жан дертінің белгісі не? — Үмітсіздік.

Жаман істің белгісі не? — Ашу.

Жақсы істің белгісі не? — Жан тыныштығы.

Симеон Афонскийдің ғибратты сөздері
Читать полностью
✅ Бір ғалым айтады:

Бес нәрсе, бес нәрсемен білінеді:
- Ағаш - жемісімен білінеді.
- Әйел - күйеуі кедейленгенде білінеді.
- Дос - ауыр күнде білінеді.
- Момын - сынаққа түскенде білінеді.
- Жомарт - қажет болғанда білінеді.

Бес нәрсе, бес нәрсені көтереді:
- Кішіпейілдік - ғалымдарды көтереді.
- Байлық - айыптауды көтереді.
- Үнсіздік - қателікті көтереді.
- Ұят - аxлақты көтереді.
- Әзіл - қайғыны көтереді.

Бес нәрсе, бес нәрсеге жеткізеді:
- Көз - зинаға жеткізеді.
- Дәмету - өкінуге жеткізеді.
- Қанағат - разылыққа жеткізеді.
- Көп сапар шегу - танысуға жеткізеді.
- Тартысу - айырылысуға жеткізеді.

Бес нәрсе, бес нәрсені әкеледі:
- Истиғфар - ризық әкеледі.
- Көзді тыю - парасат әкеледі.
- Ұят - жақсылық әкеледі.
- Жұмсақ сөз - мәселені әкеледі.
- Ғазаб - өкініш әкеледі.

Бес нәрсе, бес нәрсені жояды:
- Жұмсақ сөз - ғазапты жояды.
- Аллаһтан пана тілеу - шайтанды жояды.
-Өзін жақсы көрү - өкінішті жояды.
- Тілді тыю - қатені жояды.
- Дуға - тағдырдың жамандықтарын жояды.

Бес нәрсе бақытты жақындатады:
- Жақсылық етуші перзент.
- Салиxалы әйел.
- Адал дос.
- Момын көрші.
- Фақиһ ғалым.

Бес нәрсе, бес нәрсемен ұлғаяды:
- От - бұтақпенен ұлғаяды.
- Күмән - жаман ойлауменен ұлғаяды.
- Сараңдық - жамандық жасаумен ұлғаяды.
- Дауласу - кешірмеумен ұлғаяды.
- Ағайының бөлінген арасы - xал сұраспауменен ұлғаяды.

Бес нәрсе, бес нәрсеменен безендіріледі:
- Денсаулық - жақсы өмірмен безендіріледі.
- Сапар - жақсы сұxпатпенен безендіріледі.
- Сұлулық - көркем мінезбен безендіріледі.
- Ұйқы - дененің раxаттануымен безендіріледі.
- Түн - Аллаxты еске алуменен безендіріледі.
Читать полностью
Жігітті кейде тоқшылық, кейде жоқшылық сынайды.
Бір әфсанада:

- Тақсыр, мен өмірімде көп күнә жасадым. Күнәларымнан арылтып, Алланың кешірімін әперші,- депті бір кісі имамға.

Сонда имам:

- Сенің жаның бес арықтан лай су ағып құйылып жатқан тоғанға ұқсайды екен.

Біріншісі - сенің көздерің, мұсылман әйелдерге көзіңді сүзбе.

Екіншісі - сенің аузың, ораза ұстап, дұға оқып жүр, жақсы сөз айт. Шариат қаламағанды ішіп-жеме.

Үшіншісі - сенің миің, әділетсіздік пен зұлымдықтын, менмендік пен өркөкіректіктен арыл.

Төртіншісі - сенің аяқтарың. Көргенсіз жолға баспа.

Бесіншісі - сенің құлағың. Өсек пен кеселді сөзді терме, естімеген бол. Тек сонда ғана сенің арықтарыңның суы тұнықталады, сенің жаның мен жүрегің тазарады, сені күнәларыңнан мен арылта алмаймын, өзің арылтасың, - депті.
Читать полностью
Біле жүріңіз...

Оразбайдың мəрттігі

Абай кемеліне келіп, ақылы мен абыройы бар қазаққа мәшһүр кезінде Жетісудың жалайыр елінде жұрт «Жәмеңке аға» деп атап кеткен Жәрменде дейтін абыройлы қария болыпты. Жәмеңке қартайған шағында:
- Арманым, Семей еліндегі Құнанбайұлы Абай ақынды көргім келеді. Ол кісі "Ұят кімде болса – иман сонда" депті. Ұят дегеніміз адамгершілік болса, адамгершіліктің бар сипатын Абай деп білемін, - деп, ұлдарын ертіп Шыңғыстауға жол тартыпты.
Алыстан арнайы келген құрметті мейманына Абай жеке үй тігіп, ерекше құрмет көрсетіпті. Абай елінде бір ай жатқан Жәмеңкеге Абай қайтарында:
- Аға, бұйымтай айтып, қалағаныңызды алыңыз, - дегенде, Жәмеңке:
- Қамысқұлақ атыңды бер, - деген екен.
- Қайсы қамысқұлақ атты айтасыз? - дегенде Жәмеңке «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» деп басталатын Абайдың әйгілі «Аттың сыны» өлеңін түгелдей жатқа айтып шығыпты.
Абайдың өз қолында, Құнанбай әулетінің жылқыларында дәл осы өлеңде айтылатын сәйгүлік табылмағандықтан, қонағын тағы бір жұма аялдатып, бес болыс Тобықты еліне жіберіп, өлеңдегі сынға саятын ат іздетіпті. Одан да шықпаған соң, өзімен араз, 9 мың жылқысы бар Оразбайға:
- Ел намысы – ер намысы болғанда, ер намысы – ел намысы болмай ма екен? Өзім міну үшін емес, Тобықтының қонағына сыйлау үшін сұратып отырмын. Оразекең бір тайын аямасын, - деген сәлеммен кісі жіберіпті.
Сәлемді естіген Оразбай:
- Ағайын ащы, мал тұщы десем, мен Оразбай боламын ба?! Жаттан сағы сынбасын, - деп, өңкей сәйгүлік бөлек бағылатын 5 қос жылқы үйірлерін аралатып жүріп үш ат ұстатыпты.
- Абайға айт, қонағы үшеу екен, осы үш атты да берсін. Өзіне қарсы болсам да, ақылы мен ажарына қарсы емеспін, – депті.
Читать полностью
Сырым Датұлы сапардан қайтқанда үйiне асығады екен, сонда жанындағы жолдастары әзiлдеп былай дейдi екен.

- Сен қайда асығасың?
Сен асығатындай әйелiң сұлу емес қой, бiз асықсақ болады дептi.

Сонда Сырым сабырлы кейiппен:

Әркiмнiң мiнген аты өзіне тұлпар,
Алған жары өзіне сұңқар.

Қойды қой деп, қомсынбаңдар,
Əйелді əлсіз деп қорсынбаңдар.

Қойсыз елге үй бітпейді,
Əйелсіз ерге күй бітпейді.

Əйелді теппе аяқпен,
Баланы ұрма таяқпен.
Əйелді тепсең бағы сынар,
Баланы ұрсаң сағы сынар.
Əйел ашуланса қатты айтар,
Бала ашуланса бетің қайтар.

Еркек үйдің егесі,
Əйел үйдің шегесі.
Мықты болса егесі,
Майыспас оның шегесі.
Майыспаса шегесі,
Жаман болмас егесі.

Алтын да тас,
Тас та тас.
Алтындай болмас басқа тас,
Алтынға алтын қосылса,
Алтынды алтын тастамас.

Міне ағайын-бауырлар,
Сондықтан, жұбайларымызды тастамай,
Жұптарымызды жазбай, бір-бірімізбен ұрсыспай,
Қол ұстасып қолтықтап,
Айдын көлде жүзген аққудай,
Бірге жүріп жегеніміз қой, көргеніміз той болсын!

Осыны Аллаһ баршамызға бұйырсын!

Абеке Қанаттың фейсбуктегі парақшасынан.
Читать полностью
Естігендеріңнің ең тəуірін жазып жүріңдер. Жазғандарыңның ең жақсысын есте сақтандар. Ал, есте сақталғанның ең көркемін ғана айтып жүріңдер.

Ибнул Муқаффағ
Баяғыда бір диқан үш ұлы ержеткен шақта қартайып, ауырып жатып қалыпты. Дерті меңдеп, қатты әлсірей бастаған шақта балаларын шақырып алып, оларға соңғы өсиетін айтады, ақыл-кеңестерін береді.

«Өзім ес білгелі диқаншылықпен айналысып өмір сүрген едім, енді сендерге айтарым – Жер-ананы баптап, өңдеп жұмыс жасаңдар. Еңбекпен тер төгіп әрекет қылсаңдар аш болмайсыңдар, көштен қалмайсыңдар. Үшеуің ынтымақ қылсаңдар бәрі болады, тату болып, бірігіп істесеңдер, сендерден ешқандай жұмыс қалмайды», – деп ақылын айтады. Сосын ұлдарының үлкеніне атан өгізін, ортаншысына арбасын, ал кішісіне соқа-сайманын мұраға береді. Көп ұзамай өзі бұл пәни дүниеден аттанып кете барады.          

    

Содан ағайындылар көктем шыға бірігіп, диқаншылықпен айналысуға кіріседі. Өздеріне тиесілі жерге барады, соқаны өгізге жегіп, жер жыртуды бастайды. Жұмыстарын аяқтауға таяп қалғанда соқасы қатты бір нәрсеге тіреліп, өгіз оны тарта алмай, тоқтап қалады. Соқаны ұстап келе жатқан ортаншысы оны жерден жұлқи көтеріп қалғанда сопаң етіп үлкен құмыраның бас жағы шыға келеді. Оны үшеуі  жабыла  жерден суырып алып қараса, іші тола алтын екен. Бұлардың қатты қуанғаннан есі шығып кетеді.

Содан үшеуі ақылдаса келе диқан болып енді не қыламыз, осы дүние бар ғұмырымызға жетеді деп, оңай тапқан олжаға мастанып, әкесінен мұра болған мал-мүлікті елеусіз қалдырып кетеді. Сөйтіп жақын жердегі үлкен қалаға қарай жолға шығады.

Шаһарға жақындаған соң үшеуі ойласады. Мына түрімізбен қалаға кіруіміз ұят болар, киімді жаңартып, тойынып алайық деп ұйғарады. Сосын кіші інісіне біраз алтын ұстатып, базардан үшеуіне киім және ас-ауқат алып келуге жұмсайды.

«Алтын бар жерде шайтан жүреді» демекші, осы кезде құмыра жанында қалған ағайындыларға әзәзіл келіп, екеуін арбай бастайды. «Анау керек­теріңді әкелгесін одан құтылғандарың дұрыс. Алтынға ортақ болмасын. Құмырадағы алтынды екіге бөлсеңдер сендерге көбірек тиеді. Мол байлыққа ие боласыңдар», – деп азғырады. Артынша үш ұлдың кенжесіне де әлгі әзәзіл жетіп барып: «Ана екі ағаңның жейтін асына у қосып беріп құтылсаңшы. Құмырадағы бар байлықты бір өзің аласың. Ал оны үшке бөлгенде неден тиеді, не ары емес, не бері емес...» – деп азғырып, оны да жолдан тайдырады.

Содан ағайындылардың кенжесі екі ағасының тамағына у қосып әкеледі. Ойында қауіп жоқ ағалары алдымен жабылып, оны өлтіреді. Содан ол әкелген киімдерді киіп алып, тамақтың бәрін қомағайлана жеп тауысады. Содан екеуі де уланып, сеспей қатады.

Ағайындылардың түбіне жеткен әлгі әзәзіл шайтанның елесі әлі де біздің жұрттың арасын кезіп жүрген жоқ па екен осы? Өйткені бүгінде ақша, дүние-мүлік жиюдың бірінші орынға шыққаны сонша, оның жолында жұрт бірге туған бауырын да аямайтын болып бара жатқан сияқты. 
Читать полностью
Ең қиын үш нәрсе бар: Сыр сақтау, қайғы уайымды ұмыту және бос уақытты тиімді пайдалану.

Саади
Даналық иірімдері:
Олардың тұтқыннан қашып шығып келе жатқан беті екен. Біріншісі – еңгезердей, тау тұлғалы жігіт те, екіншісі – шынашақтай көзінен от шашқан біреу екен. Бөгенбай батыр, шынашақтай сарбаздан: «Ойраттың тұтқынында қанша уақыт болдың?» деп сұрапты. Анау: «Екі ай тұтқында болдым», депті. Бөкең батыр: «Мына жігіттің қолына қылыш ұстатып, жау шебін бұзатын маңдай қосынға жіберіңдер!» депті. Еңгезердей батыр жігіттен: «Ал, сен тұтқында қанша болдың?» деп сұрайды. Анау: «Үш жыл жаттым» депті. «Онда мынаның қолына құрық беріп, жылқы бағуға жіберіңдер!» депті Бөкең.

Оқиғаға куә болып отырған басқа батырлар: «Бөке, әне біреу шынашақтай тапалды жортуылшы қосынға жібердіңіз де тау тұлғалы батыр жігітке жылқы бақтырып қойдыңыз, бұл әділдік пе?» деп сұрайды. Бөкең жарықтық: «Анау шынашақтай жігіт тұтқында екі-ақ ай болыпты, әлі рухы сынбаған екен. Қалмақтардан таяқ жеп, өшпенділігі бетіне шыққан, нағыз зор күйінде тұр. Сол себепті таңдаулы қосынға жібердім. Қалмақ көрінсе қасқырдай шабайын деп тұр. Ал тау тұлғалы батырларың үш жыл тұтқында жатыпты, қалмақтан әбден таяқ жеген, рухы сынып, құлдық өтіп кетіпті. Көзіне қалмақ көрінсе жата кетейін деп тұр. Сондықтан оған жылқы баққаннан басқа жұмыс жоқ», депті.

Egemen.kz
Читать полностью