Қазіргі заманның "бубубушкалары" туралы пост.
Дефицит заманында (әлгі құрдымға кеткен қызыл империя кезеңін айтып отырмын) жаппай мәжбүрлік болды. Орындық сынса екі жерінен қатыру, сантехника сынса ауыстыру деген секілді. Ол заманның еркектері сәйкесінше осылардың бәрін өз қолымен істеуге мәжбүр болды. Сантехниктерді шақырсаң бір айдан соң бір ақ келетін, дүкендерде тіпті шуруптардың өзі қат заманда өздері істемей не қылсын?!
Онан кейінгі замандарда шекара ашылып айтылған дефициттің бәрі аулаңдағы дүкеннен табылатын заман келді де, бұл мәжбүрлік екінші орынға ысырылды. Кәдімгі профи сантехниктер компаниясы бар, қажет болса үйіңді жинап кететін клининг қызметі бар, тіпті әлгі бір сағатқа келіп анау-мынау кішігірім ремонт жасап кететін "муж на час" дегендері де бар. Тек теңгесің берсең болды. Еркектердің сәйкесінше қазір қазір тек бір ғана міндеті бар. Ол - ақша табу. Енді, лібә, әйелдер/қатындар/қыздар/шешелер еркектің миын жеуді қойсаңдаршы.
Еркектің миында дәл қазір тек бір ғана ой болуы тиіс - көбірек ақша табу. Үйіне ол тек демалуға келеді. Жұмысында бастығы зайыбын шығарады, үйге келгенде сендер. Оның үстіне, қазіргі еркектерде еп жоқ бұрынғыдай. Ваннадағы тамшылап тұрған суды қатырамын деп трубаны жарып алған сәттер болған менде. Ал бір рет, ваннаның жарығы істен шығып, ақша болса уақыт болмай, уақыт болса ақша болмай, электрикті шақырмай үш апта жүргенмін. Үш аптадан соң жәй тексере салсам, лампочкасы күйіп кетіпті. Емаа, сонда лампочкасын қарай салу деген ой жоқ болып тұр ғой басымда.
"Анау ваннаның суы тамшылап тұр", "Кухняның жарығы өшіп қала береді", "Есіктің тұтқасын қашан жөндейсің?" деп еркектердің миын жей бермей, үйіңе келгенде бубубу деп миын тіге бермей, ақша ғана сұраңдар. Біздің де миымыз тыныш, сендер де ризасыңдар.
Негізі қоқыс та тым ауыр емес қой, соны да өз міндеттеріңе ала салсаңдар қайтеді?!