Deep Learning курсы🤖
Deep Learning деген не?
🌐 Deep Learning (терең оқыту) — бұл жасанды интеллекттің ең заманауи технологияларының бірі. Ол адам миының жұмысын күрделі процестерді модельдеуге мүмкіндік береді.
📚
Қалай жұмыс істейді?Deep Learning жасанды нейрондық желілерді пайдаланады, олар үш негізгі бөліктен тұрады:
✔️
Кіріс деректер (Input): суреттер, мәтіндер, дыбыс немесе басқа да мәліметтер.
✔️
Жасырын процесстер: мұнда деректер талданып, күрделі заңдылықтарды (patterns) іздейді.
✔️
Шығыс (Output) нәтижелер: мысалы, суретті тану немесе мәтінді аудару: мысық па ит пе деген мысалды барлықтарыңыз білетін шығарсыздар?
💡
Қайда қолданылады?1️⃣
Адамдарды және объектілерді тануКамераларда, әлеуметтік желілерде және қауіпсіздік жүйелерінде пайдаланылады.
Мысалы:
Face ID: Apple құрылғыларында бет-жүзді тану арқылы құлыпты ашу.
Instagram: Deep Learning алгоритмдері суреттердегі объектілер мен адамның беттерін бөліп белгілейді.
2️⃣
Мәтіндерді өңдеу (NLP)Автоматты аудармашылар, чат-боттар, дауыс көмекшілері.
Мысалы:
Google Translate: Күрделі мәтіндерді әртүрлі тілдерге аудару.
Siri немесе Google Assistant: Дауыс көмекшілері сіздің сұрақтарыңызды түсініп, тапсырмаларды орындайды.
3️⃣
МедицинаНауқастардың деректерін талдап, ауруларды анықтау.
Мысалы:
Рентген және МРТ талдау: AI қатерлі ісік сияқты ауруларды ерте анықтай алады (мысалы, IBM Watson Health).
COVID-19 диагностикасы: КТ суреттерін талдау арқылы коронавирус анықтап бастады.
Генетикалық зерттеулер: DeepMind компаниясының AlphaFold жүйесі ақуыздардың құрылымын болжау үшін қолданады.
4️⃣
Өздігінен жүретін көліктер
Жолдағы жағдайларды шынайы уақыт режимінде талдайтын технологиялар.
Мысалы:
Tesla: Deep Learning негізінде автопилот жүйелері жұмыс істейді.
Waymo: Google-дың өздігінен жүретін көліктерді дамыту жобасы, Калифорния штатында такси ретінде қазір қызмет етеді.
NVIDIA Drive: Жолдағы объектілерді танып және жүргізушіге көмектесу үшін жасалған платформа.
5️⃣
Ұсыныс жүйелері
Мысалы:
Netflix: Көрген фильмдеріңізге сүйене отырып, жаңа контент ұсынады.
Spotify: Сіз тыңдайтын әндерге байланысты плейлисттер жасайды (мысалы, "Discover Weekly").
Amazon: Сатып алған өнімдеріңізге байланысты ұқсас заттарды ұсынады.
🔍
Бұл неге маңызды?Deep Learning бұрын мүмкін емес деп есептелген мәселелерді шешуге жол ашады. Күнделікті процестерді автоматтандырудан бастап, болашақ технологияларын дамытуға дейін — бұл сала өмірдің барлық салаларында жаңа мүмкіндіктер ашып жатыр.
✨
Deep Learning туралы көбірек білгіңіз келе ме? Пікірлеріңізбен бөлісіңіз немесе сұрақ қойыңыз, біз сізге көбірек ақпарат береміз! 🚀
Пост авторы:
Ачилова Алина
#бағдар #deep_learning
https://t.me/digitaldala