ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


“Жат діни ағымдардан сақтандыру” бағытындағы канал

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


📌 «ГҮЛЕНШІЛЕР» ҚОЗҒАЛЫСЫ

🔎 Бұл материал – Түркия Дін істері басқармасына қарасты Дін істері Жоғарғы кеңесінің «Kendi dilinden Fetö örgütlü bir din istismari» ФЕТО ұйымының дінді жеке мүддесіне пайдалануы өз тілінде (ұйым жетекшісінің кітаптарынан айғақ)» 140 беттік сараптамалық материалына сүйене отырып әзірленді.

«Гүленшілер» қозғалысы әлемге түрік жамағаттарының арасында қанатын кең жайған ірі трансұлттық діни ұйым ретінде танымал. Қозғалыстың басшысы – Мұхаммед Фетхуллаһ Гүлен, 1941 жылы Түркияның шығысындағы Ерзұрұм аймағында дүниеге келген. Жастайынан діни білім алып, Саид Нурсидің «Рисале-и нұр» атты еңбегінен көп әсер алып, «нұршылар» деп аталатын жамағаттың дәрістеріне қатысқан. Түркия Дін істері басқармасына қарасты Измир қаласындағы мешіттерде 1966 жылдары уағыз жүргізетін маман қызметін атқарған.


🔗 Мақаланы толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз↩️
https://www.muftyat.kz/kk/dini-senim/sermons/2024-10-14/45466-glenshler-ozalyisyi/


📌 Діни экстремизм мен радикализмнен сақтануға арналған 10 кеңес

🖋 Экстремизм мен радикализм қоғам және жалпы әлемге үлкен қауіп төндіреді. Бұл екі құбылыс зорлық-зомбылыққа, алауыздыққа, жанжалға әкелетін шектен шыққан және бітіспес көзқарастармен сипатталады. Біздің заманымызда экстремизм де, радикализм де өмірдің әртүрлі салаларында көрініс табуы мүмкін.

Мақаланы толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз↩️
https://www.muftyat.kz/kk/dini-senim/islam-and-society/2024-08-15/45087-dni-ekstremizm-men-radikalizmnen-satanua-arnalan-10-kees/


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
"Әмин" дұғасын іштен айту

ҚМДБ Діни оңалту бөлімі


🔎 АЛЛАХ НЕ ИМЕЕТ ГРАНИЦ

🖋 Всевышнему Аллаху не присущи те свойства и качества, которые присущи материальному миру. Аллах в своей сущности и атрибутах не подобен ничему из творений и Ему не подобно ничто, поэтому Ему не приписывают место, сторону, пространство, время, границы, которые присущи материальному миру.

Приписывание Аллаху вышеупомянутых качеств приводит к утверждению о том, что Всевышний Аллах занимает место в пространстве, что в свою очередь приводит к умозаключениям о Его возникновении во времени и тому подобное, Свят Он и Пречист от всех недостатков.


🔗 Мақаланы толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз↩️
https://www.muftyat.kz/ru/dini-senim/sermons/2024-05-22/44704-allah-ne-imeet-granits/


🖋 ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

🔎 Экстремизм сөзі «шеттеу», яғни «орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету» деген мағынаны береді. Бұл ұғым қоғам ішіндегі жеке тұлғаның немесе топтардың жалпы тәртіпті мойындамауы, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасауы сипатында көрініс табады. «Экстремизм» сөзінің ең жақын синонимі – радикализм. Ал терроризм – сол экстремизмнің барар нәтижесі.

🔗 Мақаланы толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз↩️
https://www.muftyat.kz/kk/dini-senim/sermons/2024-01-18/44699-dni-ekstremizm---oam-dert/


🚨 МЕШІТ ЕРЕЖЕСІН САҚТАУ – БАРШАҒА МІНДЕТ

🔎 Адамдардың өз араларынан шыққан басшыға бағынуы – міндет. Бұл – мұсылман ғалымдарының ортақ пікірі. Сондай-ақ ол қасиетті Құран аяттары мен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистеріне негізделген.

Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер! Аллаға қалтқысыз бағыныңдар, Елшіге бағыныңдар, сондай-ақ, өз араларыңнан (өздерің сияқты мүмін) болған басшыларыңа бағыныңдар»[1] - дейді.


🔗 Мақаланы толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз↩️
https://www.muftyat.kz/kk/dini-senim/sermons/2024-05-17/44681-mesht-erezhesn-satau---barshaa-mndet/




🔎 ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ЖӘНЕ ӘБУ ХАНИФА МӘЗҺАБЫ

🖋 Қожа Ахмет Ясауидің діни ілімінің қалыптасуына әсер еткен имам Ағзам Әбу Ханифа негізін салған фиқһ мектебі еді. Уақыт және кеңістік тұрғысынан қарайтын болсақ, VIII ғасырдың аяғы мен ІХ ғасырда Мәуреннахрда негізінен Ханафи фиқһ ғұламалары қазылық қызмет атқарғанына куә боламыз. Алғашында Аббаси кезеңінде Нұһ ибн Әбу Мәриам (789 жылы қайтыс болған) Мервті, Әбу Мути Балхий (814 жылы қайтыс болған) Балхты Ханафи мәзһабының орталығы қылса, Әбу Хафс Кабир (767-831 жылдар) және оның ұлы Әбу Хафс ас-Сағири (877 жылы қайтыс болған) Бұхара қаласын Ханафи мәзһабының ордасы еткен болатын. Бұхара фиқһ мектебі өкілдерінің Самани билеушілерімен жақын қатынаста болуы, кейін Ханафи мәзһабының Мәуреннахрда ғана емес, Самани мемлекетінің барлық аумағында кеңінен таралуына мүмкіндік тудырды.

🔗 Мақаланы толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз↩️
https://www.muftyat.kz/kk/articles/istoriia/2023-11-13/43294-kozha-akhmet-iasaui-zhne-bu-khanifa-mzhaby/


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Құранның қазақша мағынасын оқығанға сауап жазыла ма?


🔎 ЗИРАТ БАСЫНДА ҚАНДАЙ АЯТТАР ОҚЫЛАДЫ?

🖋 Зират – қайтыс болған адамды жерлейтін белгілі бір қауымға тән жерлеу орны. Қабірге ақыретті еске алып, ғибрат алу және қайтыс болған кісілерге жарылқау тілеп, Құран оқып, оларға сауабын бағыштау мақсатында зиярат етіледі.

🔗 Мақаланы толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз↩️
https://www.muftyat.kz/kk/qa/duga/2024-04-15/44488-zirat-basyinda-andaj-ayattar-oyiladyi/






Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
«Хариджиттер деген кімдер?»

Ұстаз Мешітбаев Бақытбек


🔎 ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ЖӘНЕ ӘБУ ХАНИФА МӘЗҺАБЫ

📌 Қожа Ахмет Ясауидің діни ілімінің қалыптасуына әсер еткен имам Ағзам Әбу Ханифа негізін салған фиқһ мектебі еді. Уақыт және кеңістік тұрғысынан қарайтын болсақ, VIII ғасырдың аяғы мен ІХ ғасырда Мәуреннахрда негізінен Ханафи фиқһ ғұламалары қазылық қызмет атқарғанына куә боламыз. Алғашында Аббаси кезеңінде Нұһ ибн Әбу Мәриам (789 жылы қайтыс болған) Мервті, Әбу Мути Балхий (814 жылы қайтыс болған) Балхты Ханафи мәзһабының орталығы қылса, Әбу Хафс Кабир (767-831 жылдар) және оның ұлы Әбу Хафс ас-Сағири (877 жылы қайтыс болған) Бұхара қаласын Ханафи мәзһабының ордасы еткен болатын. Бұхара фиқһ мектебі өкілдерінің Самани билеушілерімен жақын қатынаста болуы, кейін Ханафи мәзһабының Мәуреннахрда ғана емес, Самани мемлекетінің барлық аумағында кеңінен таралуына мүмкіндік тудырды.

🔗 Мақаланы толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз↩️
https://www.muftyat.kz/kk/articles/istoriia/2023-11-13/43294-kozha-akhmet-iasaui-zhne-bu-khanifa-mzhaby/


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
МӘСІХ ДӘДЖАЛДЫҢ ШЫҒУЫ | ИСА ПАЙҒАМБАР | Ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы


🖊 АҚЫРЕТТЕ ӨЛІМ ЖОҚ...

🔎 Әбу Са’ид әл-Худри (Алла оған разы болсын) риуаяты бойынша, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді: «Қиямет күні жұмаққа баратындар жұмаққа, тозаққа баратындар тозаққа ажырағаннан соң, өлім ала өңді қошқар ретінде әкелінеді.

Хабаршы шығып:

«Уа, жұмақ халқы» - деп дауыстайды. Жұмақтықтар дереу мойындарын бұрып, бастарын көтеріп қарайды. «Мынаны танисыңдар ма?»- деп сұрайды. Жұмақ халқы оны көріп, «Ия, білеміз, бұл - өлім» - дейді.

Содан соң әлгі хабаршы:

«Ей, жаһаннам халқы» - деп қатты дауыстайды. Олар да бастарын көтеріп, қорқынышпен қарайды.

Хабаршы: «Мынаны танисыңдар ма?» - деп сұрайды...


🔗 Мақаланы толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз↩️
https://muslim.kz/article/aqyrette-olim-zhoq


📌 Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

"Қажылық және Жиһад ұғымдары..."

🎙 Ұстаз Ерсін Әмре

🔗 Тыңдаймыз және бөлісеміз↩️
https://t.me/dinionaltu




📌 ТАРАУЫҚ НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚ-ЖАУАП ЖИНАҒЫ

🔎 Сұрақ: Тарауық намазының үкімі қандай?
Жауап: Тарауық намазы әрбір мұсылманға бекітілген сүннет[1]. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

شهر كتب الله عليكم صيامه وسننت لكم قيامه

«Алла Тағала сендерге Рамазанда (күндіз) ораза ұстауды парыз етсе, Мен (түнінде) құлшылық етуді сүннет еттім»[2], – деген.

Тағы бір хадисте:

مَن قام رمضان إيمانًا واحتسابًا، غُفِر له ما تقدَّم ذنبه

«Кімде-кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін түнгі намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»[3] делінген.


🔗 Мақаланы толық оқу үшін сілтемеге өтіңіз↩️
https://www.muftyat.kz/kk/qa/namaz/2024-03-11/44283-tarauyi-namazyina-atyistyi-sratar/


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
"Ол жақта ислам мемлекеті деп ойладым"

Показано 20 последних публикаций.