Бақыт деген — өзгелердің шынайы қуанышын көру. Біреудің кішкентай баласына дүкендегі сатушының шарды тегін бере салғанын көріп, балақайдың бақытты күлкісін есту. Көшедегі мысықты көріп, оған ет сатып алып берген жанашыр жанның ісіне куә болу. Пойыздан жаңа түскен баласы мен анасын шынайы құшақтасып қарсы алған сәтті, себепсіз сыйланған гүлге жас қыздың қуанышпен жымиғанын көргенде, жүрегіңе еріксіз жылулық ұялайды. Міне, осындай сәттерде адам өз бақытының да бір бөлігі басқалардың бақытында екенін түсінеді.