Екінші Тайм | Есет Төлеш


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


Футбол. Қызық ақпараттар, тарихи мәліметтер мен статистика.
Авторы - @YessetTolesh
Сайт - https://2taim.kz/

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Командалардың жартылай финалға шығу мүмкіндігі

Бәрі дұрыс пайыз алды ма?


Соққы және гол! Чемпиондар Лигасына шолу

https://youtu.be/9VpViZSn95Q?si=3Md4VnHbr8swrezW


«Реал Мадрид» - Чемпиондар лигасының ширек финалисі

Пенальти сериясында VAR қаралған кез болып па еді өзі?


Мадрид дербиінде овертайм болса, міндетті түрде гол соғылып жүр

2023 жылы Испания кубогында «Реал» экстра-таймдарда екі гол соққан. 2024 жылы Суперкубокта да «Реал» овертаймда екі гол тоғытып кеткен. Бірнеше күннен соң «Атлетико» кубокта овертаймда екі гол салды.

Яғни, пенальти сериясын көрмеуіміз мүмкін.


«Атлетиконың» жылдам гол соғуының ең үлкен минусы бар: енді олар 90 минут ұялмай автобус қоя алады.


Ширек финалдағы алғашқы жұптар:

Барселона - Боруссия Д
Бавария - Интер


«Боруссияны» түсінбейсің: өткен аптада өз алаңында өте нашар ойнаған, бүгін қонақта өте керемет ойнап жатыр.

«Спортингті» де сырт алаңда жеңіп алған болатын.


«ПСВ» бүгін өздерін жұбата алады, «Арсенал» қанша гол соқса да бәрібір. Себебі ЧЛ титулы бойынша:

«ПСВ» – 1
«Арсенал» – 0

1988 жылы финалда «Бенфиканы» жеңген еді.


Қызық жаңалық айтайын: «Атлетико» шабуылшысы Анхель Корреаны білетін шығарсыздар. Ол өткенде «Хетафеге» қарсы матчта дөрекі ойнап алаңнан қуылды.

Сөйтсек Корреа төрешіні балағаттағаны үшін төрт ойынға, ал қызыл қағаз алғаны үшін тағы бір матчқа шеттетіліпті. Жаза Ла Лига мен Испания кубогында қолданылады дейді.

Қызыл қағаз алғаннан кейін ол төреші Куадра Фернандесті балағаттап, бейәдеп сөздер айтқан. Төреші оның сөздерін хаттамаға енгізді.

Испан тілінен аударғанда төрешіге былай деген: «Мың жезөкшенің ұлы, оңбаған. сенің шешеңді ##» – деп жазды Фернандес хаттамада.

Тілінен тапты деген осы.


Салах «Алтын доптан» да айырылды ма, қалай ойлайсыздар?

2.5k 0 3 94 156

ПСЖ «Энфилдте» ерледі

Маусым бойы шашасына шаң жұқтырмай келе жатқан «Ливерпульдің» ПСЖ-ға әлі келген жоқ.

Париждегі жеңісі кездейсоқ болған, өз алаңында сол басымдығын сақтап қала алмады.

Ал Парижде бүгін той!

«Ливерпульдің» жеребеде жолы болмады, жалпы кезеңде 1-орын алды да, бірден ПСЖ-ға тап болды.


Барлық 180 минут+овертайм қорытындысы бойынша ширек финалға кім лайық?

Меніңше, «ПСЖ» ұшып кетсе обал болады.

Сіз қалай ойлайсыз?


Овертайм болар ма екен?


Рафинья гол соқты, эмоциясын шығарып қуанды.

Төреші есепке алмай қойды.

Рафинья көнді.

Төреші қайта есептеді.

Одан кейін дәл сол эмоция кетіп қалады ғой, иә?


Ламин Ямаль жарты сағатта гол да соғып, нәтижелі пас та беріп үлгерді. Сұмдық!

Пасы әдемі деп таңғалып болғанымыз жоқ, әдемі гол соғып тастады.

Бұл оның осы маусымда Чемпиондар лигасындағы үшінші голы. Жалпы, 12-мәрте қанжығасын майлады.


УЕФА осы жолы дұрыс шешім қабылдады

Бүгінге ойындардан тек Барселона мен Ливерпульдегі матчтарда интрига бар. «Бавария» мен «Интер» шаруаны өткен аптада шешіп тастаған.

«Барселона» - «Бенфика» және «Ливерпуль» - ПСЖ матчтары қызық болып отыр. УЕФА екеуін екі уақытқа бөліп тастапты. 22:45-те Барселонада, 01:00-де Ливерпульдегі матч басталады. Екеуін де көре аламыз. Екеуін де QazSport көрсетеді.

2.6k 0 0 19 121

Криштиану Роналду - 927 гол!

Мың голға жетеді дегенге сене қоймаймын, әлі 73 гол керек. Яғни, тағы екі-үш маусым ойнауы қажет. Қазіо 40-та екенін де ұмытпау керек.

Бірақ Рон өзіне керемет мотивация тапқаны қуантады.


Мадридте жасындай жарқылдап жүрген жігіт

Кім таныды?


«Манчестер Юнайтед» жеңіске әлдеқайда жақын болды. Бірақ бар болғаны бір ұпай еншіледі...

Мұндай жазба жазатын да күн болады екен.


МЮ бір тура соққымен-ақ «Арсеналды» жеңіп жатыр.

Екінші таймда қорғанысқа жатады-ау деп отырмын.

Показано 20 последних публикаций.