Euphoria✨


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Музыка


Біреудің мінін көргенше,
Жамандығын тергенше
Өз ойыңды мазалап
Өз бойыңды тазалап
Өзіңмен алыс өлгенше
©Ш. Құдайбердіұлы

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Музыка
Статистика
Фильтр публикаций


Тәуекел жасауға еш қорықпаңыз:
сіз не жеңесіз,
не сабақ аласыз.
               لا تخف من المخاطرة ، فإما أن تفوز أو تتعلم درسا


Адамды сырт - келбетіне қарап емес, саған деген қарым - қатынасына, сыйластығына, сүйіспеншілігі мен адалдығына қарай сыйла!


Бақытты өмір сүргің келеді ме? Онда, кешіруді, түсінуді, үндемей қоя салуды, көбінесе шындықты айтуды, жəне де сүюді үйрен!
🤍❤️‍🩹


🫀 Сені қадірлейтін жанның қадірін түсін. Әрине кейбір адамдардың өтірік арбауына алданып қалма.

Сен адамды танығың келсе, оның сенімен ғана жасаған мәмілесіне емес, ол өзі көп жүретін орта қандай, олармен мәмілесі қандай екеніне қара. Жүрегі жұмсақ жан әрбір ортада көркем мінезбен жүреді.

*Жүрегің гүлденсін десең,
Мейірімді бағбан ізде!
#ақиқатты_іздеу


Кімге дос керек болса - оған Аллаһ жеткілікті
Кім сұхбаттасуды қаласа - оған Құран жеткілікті
Кім байлықты қаласа - оған қанағат жеткілікті


Репост из: ISLAM EDUCATION
Құранды бастан -аяқ оқыдым. 90 жерінде Алланың ризығымызға кепіл болатындығы айтылған. Тек бір жерде ғана шайтанның кедейлікпен қорқытатындығын кездестірдім. Ал адамдар Алланың 90 жердегі уәдесін ұмытып, шайтанның тек бір ғана жердегі өтірігіне алданады…🍂
Хасан Басри


Абайлап сөйле, адамның көңілі гүл деген,
Өзіңе жеңіл болғаны мен, өзгеге ауыр зіл деген.
©️ Абай Құнанбаев


Аллаһ бізді гүлге теңейді.

Аллаһ бізді өсімдіктер секілді түрлі етіп жаратты. Біреуіміз суды қажет етпейміз,ал, біреуіміз күнді қатты жақсы көреміз. Кейбір гүлдер өте нәзік, ал кейбіреулері өте шыдамды, төзімді.

Проблема қай кезде басталады? Күнді ұнатпайтын гүлді күн көзіне қойып, суды көп талап етпейтін гүлге суды көп құйған сәтте. Сондықтан ең алдымен өзіміздің қандай гүл екенімізді тануға талпынайық. ✨

©kimotashy


Маңызды істер шұғыл болмайды. Және шұғыл істерде көбіне маңызды болмайды.


Алланы қатты жақсы көріп Оған ғашық бол! Сенің жүрегіңе жақындағысы келген адам — жүрегіңнен ең алдымен Алланы тапсын...


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🥹🫶




Алла асықпайды, сен асығып бара жатырсың. Сондықтан сен қазір уайымшылсың, жүрегің тыныш емес.

Бірақ саған бұйырған нәрсе ешқашан кетпейді. Ал сенің қалағаның бұйырмай жатса, ол сен үшін қайырлысы емес.


Адам қандай да бір әрекет жасаса, мейлі ол жақсы болсын, жаман болсын, ол әрекетті өзі таңдады. Және сол таңдауы үшін өлелгенше өзі ғана, жеке басымен жауап береді. Өлгеннен кейін де жауап береді…


Жығылған мен сүрінгенді сөз етпе,
Менде тұрмын сенде тұрсың кезекте


▪️ «Жомарттық— тамыры Жұмақта, ал бұтақтары осы дүниеде болатын ағаш. Бұтақтарынан ұстағандарды ағаштың тамыры Жұмаққа алып барады. Сараңдық—тамыры Тозақта, ал бұтақтары осы дүниеде болатын ағаш. Бұтақтарынан ұстағандарды ағаштың тамыры Тозаққа алып барады.»

▪️ Дүние қызығы ағаш бұтақтары тәріздес көп. Жүрек сол бұтақтардың біріне жақындап тұрақтайды, кейін бұтақтың басқасына жайылады. Сөйтіп Аллаһтан алыстап кеткенше жалғасады...


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


🫀Ата - Ана… Алланың махаббатының жұмағы, дәлелі.
Сіз бенен біз қол-аяқсыз, бишара болып туылдық.
Осы дүниеге келген кезімізде
Не өзіміздің киімімізді кие алмайтын, тыр жалаңаш едік,
не қолымызда мүлік те жоқ, дүние де жоқ,
Тамағымызды жей алмайтын, қауқарсыз біреу едік.

Алла Тағала: міне, саған деп, әрқайсымызға өзінің екі құлын, бір ұрғашы, бір еркек пендесін - иіп табанымызға құл ғып, жығып берді.
Сенің табаныңа кірген тікен, менің маңдайыма кірсін деп,
Сіз қаңғырып далада жүрсеңіз, сіздің тілеуіңізді тілеп,
Сіз қуансаңыз, сізбенен шаттанып,
Өзі ішпесе ішпей, жемесе жемей
Сіздің бақытыңызды - өзінің бақыты санап.
Сіздің маңдайыңызға бір қаяу түссе,
Өмір түңіліп, қап-қараңғы қара түнектің ішінде қалғандай қайғырып,
Жүрегі қарс ұрып, қаққа айырылып отырған
ата менен ананың махаббаты — Алланың сіз бен бізге деген - Махаббатының белгісі ♥️


Байқадың ба?!
Шүкір еткен сайын, шүкір етуді қажет ететін дүниелердің саны арта түседі.

©️Бауыржан Әлиұлы


Бір құдірет бізді өмірге жолдайды.
Біз өмірді түсінбейміз,
Сол — қайғы.
Туа сала таудай бақыт күтеміз,
Ал шынында бақыт үлкен болмайды.
Лүпілдеген тамырындай шекенің,
Жеке сағат,
Жеке тәулік,
Жеке күн.
Үлгермейміз түсініп те,
Байқап та,
Кейбір сәттің нағыз бақыт екенін!

©Қадыр Мырза Әли

Показано 20 последних публикаций.

708

подписчиков
Статистика канала