🎂 Туған күніңіз құтты болсын, Рафаэль Радикович!
Бүгін «Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин 46 жасқа толды.
Футболшы кезінде Рафаэль Радикович түрлі Қазақстан клубтарында, соның ішінде «Қайратта» өнер көрсетті. Премьер-лигада жалпы 200-ден астам ойын өткізген. Ол Қазақстан құрамасының да намысын қорғаған.
Өзінің бапкер мансабын 2014 жылы бастады. 2019 жылдың соңына дейін «Қайрат» ФК Академиясының әртүрлі жастағы командаларында жұмыс істеді. Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының бапкерлер штабының мүшесі болды. 2020 жылдан 2022 жылға дейін қарағандылық «Шахтёр» клубында бас бапкер көмекшісі, кейін клубтың спорт директоры қызметін атқарды.
2023 жылдың басында ол клубымыздың құрылымына қайта оралып, «Қайрат» U-18 командасының бапкерлер штабының құрамында кірді. Онымен бірге QJ League турнирінің чемпионы атанды.
Биылғы маусымды «Қайрат-Жастар» аға бапкері ретінде бастады. Мамыр айында негізгі команданың бас бапкері қызметін атқарды. Кейін Александр Кержаковтың бапкерлер штабына қосылды.
Қыркүйек айының басында Рафаэль толығымен сары-қаралардың бас бапкері болып тағайындалды, ал маусым соңында командамызды аңсаған чемпиондыққа алып келді.
«Қайрат» ФК Рафаэль Радиковичті құттықтай отырып, оған зор денсаулық, отбасына амандық, ойына түрлі стратегия келіп, үлкен жеңістерге жетіп, жаңа кубоктар алуын тілейді! 💛🖤