Satbayev University-де Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің
Fingramota.kz жобасының қолдауымен ұйымдастырылған қаржылық сауаттылық бойынша оқыту семинары өтті. Іс-шара жастардың қаржы нарығы, жинақтау және бюджеттеу дағдылары, қаржы өнімдері және оларды сауатты пайдалану туралы хабардарлығын арттыру шеңберінде өтті.
Жобаларды басқару институтының «6B04103 – Бизнес-инжиниринг» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне арналған «Жеке бюджетті басқару» тақырыбында дәрісті қаржы кеңесшісі, Агенттік жанындағы Қаржылық сауаттылық жөніндегі сараптамалық кеңестің қатысушысы және қаржылық сауаттылық жөніндегі балалар кітаптарының баспагері Жанар Таланова өткізді.
Семинар барысында студенттер жеке қаржыны тиімді басқаруды, бюджет жүргізуді, кірістер мен шығыстарды бақылауды, қаржылық жоспар құруды, жинақтау және инвестициялау стратегияларын қолдануды үйренді
Жанар Таланова көптеген адамдардың мамандығына қарамастан, ақшаны сауатты жұмсай алмайтынын, соның салдарынан қарыз алатынын және жинақ ақшасының болмайтынын атап өтті. Ол жастардың маңызды артықшылығы – уақытының бар екенін және олар ақшаны үнемдеуді және көбейтуді неғұрлым ерте бастаса, болашақта олардың мүмкіндіктері соғұрлым көп болатынын атап өтті.
Семинар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойған студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Мұндай іс-шаралар жастарға қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын түсінуге және алған білімдерін іс жүзінде қолдануға көмектеседі.
Осындай іс-шаралар кем дегенде ай сайын өткізілетін болады. Satbayev University мен
Fingramota.kz жобасының бірлескен жоспарларында Қаржылық сауаттылық жөніндегі сараптамалық кеңес өкілдерінің: жетекші қаржы сарапшыларының, блогерлердің, пікір көшбасшыларының және медиа саласындағы мамандардың тұрақты көшпелі дәрістерін ұйымдастыру.
Іс-шараларды қадағалаңыз және қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!
_____________________________________________
В Satbayev University состоялся обучающий семинар по финансовой грамотности, организованный при поддержке проекта
Fingramota.kz Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка. Мероприятие прошло в рамках повышения осведомленности молодежи о финановом рынке, финансовых продуктам и их грамотном использовании.
Лекцию на тему «Управление личным бюджетом» для студентов 3-го курса образовательной программы «6B04103 – Бизнес-инжиниринг» Института управления проектами провела Жанар Таланова — финансовый советник, участник Экспертного совета по финансовой грамотности при АРРФР и издатель детских книг по финансовой грамотности.
В ходе семинара студенты узнали, как эффективно управлять личными финансами, вести бюджет, контролировать доходы и расходы, составлять финансовый план, а также использовать стратегии сбережения и инвестирования.
Жанар Таланова подчеркнула, что независимо от профессии, многие люди не умеют грамотно распоряжаться деньгами, из-за чего сталкиваются с долгами и отсутствием накоплений. Она отметила, что молодежь обладает важным преимуществом — временем, и чем раньше они начнут учиться сохранять и приумножать деньги, тем больше возможностей у них будет в будущем.
Семинар вызвал живой интерес у студентов, которые активно участвовали в обсуждениях и задавали вопросы. Подобные мероприятия помогают молодежи осознать значимость финансовой грамотности и применять полученные знания на практике.
Аналогичные мероприятия будут проводится не реже, чем ежемесячно. В совместных планах Satbayev University и проекта
Fingramota.kz организация постоянных гостевых лекций представителей Экспертного совета по финансовой грамотности: ведущих финансовых экспертов, блогеров, лидеров мнений и специалистов в области медиа.
Следите за мероприятиями и повышайте свою финансовую грамотность вместе с
Fingramota.kz!