Фильтр публикаций


«Барса» қарсыласын еш қиындықсыз еңсеріп, Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды ⚡️


🔴❌🇫🇷 L’Equipe журналының «Ливерпуль» – «ПСЖ» матчына арналған басты беті: «Миссия орындалуы мүмкін»

Париждіктерге Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шығу үшін бір гол қайтару жеткілікті.

⚽ Бұл миссия орындала ма? 👍/👎


Негізгі құрамдар 🔥

⚽️ Чемпиондар лигасы. 1/8 финал:
22:45.
🇪🇸 Барселона – Бенфика 🇵🇹 (QazSport)

❓ Кім жеңеді?


Манчестерліктер арасындағы талас

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 TBR хабарлауынша, «Ман Юнайтед» пен «Ман Сити» Франсишку Тринкауға көз тігіп отыр екен.

🇵🇹 «Спортинг» пен 25 жастағы вингер арасындағы келісімшарт 2026 жылы жазда аяқталады.

🇵🇹 Тринкау Примейраның осы маусымындағы 25 ойында сегіз гол соғып, он нәтижелі пас берді.


Ресми: «Манчестер Юнайтед» жаңа стадион салады

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Клуб «Олд Траффордқа» жақын аймаққа 100 000 жанкүйер сыятын стадион салатынын хабарлады.

💰 Ұлыбританиядағы ең үлкен аренаның құрылысына шамамен 2 млрд фунт кетеді екен.

🏟 Басшылық стадионды 2030 жылға дейін қолданысқа беруді жоспарлап отыр.


⚽️ Төрт ширек финалист белгілі болады

🇪🇸 Барселона – Бенфика 🇵🇹
🇮🇹 Интер – Фейеноорд 🇳🇱
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Ливерпуль – ПСЖ 🇫🇷
🇩🇪 Байер – Бавария 🇩🇪

📆 Қалған төртеуі 12 наурызда өтетін ойындарда анықталады.

Бүгінге болжамдарыңыз қандай?


Оразадағы қайырымдылық шарасы болды-ау

🇩🇪 Бундеслиганың 25-турында топ-10 қатарындағы клубтардан тек «Майнц» жеңіске жетті.

❌ Турнир тарихында алғаш рет қатарынан екі тур алаң иелерінің бәрі жеңіске жете алмағанын да айта кеткен жөн.

🇩🇪 🇩🇪 🇩🇪 Сондай-ақ «Бавария», «Боруссия Д» және «Байер» 2006/07 жылғы маусымнан бері бірінші рет бір турда жеңіліп қалды.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇲🇽🦂 Мексика чемпионатынан Пушкаш сыйлығына үміткер!

«Атлас» қорғаушысы, бразилиялық Дория «Тихуане» қақпасына сарышаян соққысымен керемет гол соқты!

Ойын кезінде оның командасы 0:3 есебімен ұтылып жатқан, бірақ керемет камбэк жасап, 4:3 есебімен жеңіске жетті! 🔥⚽


Джанлуиджи Буффонның ұлы үлкен футболға қадам басты

🇮🇹 Луи Буффон Б Сериясындағы «Специяға» қарсы ойында (2:3) «Пиза» сапындағы алғашқы матчын өткізді.

🇨🇿 Сонымен қатар жақында 17 жастағы вингердің Чехия U18 құрамасындағы да тұсауы кесілген еді.

✅ Луи әкесінің Италиясын емес, анасы туып-өскен Чехияның құрамасында ойнауды таңдады.


Adidas «Ливерпульге» оралды

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿✔️ Қос тарап 2025 жылдың 1 тамызында күшіне енетін келісімшартқа қол қойғандарын хабарлады.

💰 Бұл келісім «қызылдарға» жылына шамамен 60 млн фунт пайда әкеледі.

👕Осылайша Adidas үшінші рет «Ливерпульдің» серіктесі атанды:

▪️1973-1985 – Umbro
▪️1985-1986 – Adidas
▪️1996-2006 – Reebok
▪️2006-2012 – Adidas
▪️2012-2015 – Warrior
▪️2015-2020 – New Balance
▪️2020-01.08.25 – Nike
▪️01.08.25 – Adidas.


Флориан Вирц қарымта ойынға қатыспайды

🇩🇪 «Байер» дүлдүлі «Вердерге» қарсы матчта (0:2) тобығын жарақаттап алған еді.

❌ Осыған байланысты бірнеше аптаға қатардан шықты.

⚽️ Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясындағы «Баварияға» қарсы ойын 11 наурыз күні өтеді.


Неймар жарақат алды

🇧🇷 «Сантос» вингері өзін нашар сезініп, «Коринтиансқа» қарсы матчқа (1:2) қатыспады.

«Бәрі менің алаңға шыққанымды қалады. Бірақ соңғы кездері жарақат мазалап, ойнай алмадым. Өкінішке қарай, бұл футболдың бір бөлігі. Алайда мақсатымызға жету үшін мықты болып ораламыз», – деп жазды Ней әлеуметтік желіде.

🤬 Ал «Сантос» жанкүйерлері Неймардың ойнай алмайтыны белгілі болса да, оны тізімге қосып қойғандарына ашуланып жатыр.


«Арсенал» жеңіске қол жеткізе алмады 👀


Кукурельяның голы «Челсиға» жеңіс сыйлады 🔥


1/8 финал бірінші қарымта ойындарының төрешілері

22:45.
🇪🇸🇵🇹 Барселона – Бенфика: Франсуа Летесье;

01:00. 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿🇫🇷 Ливерпуль – ПСЖ: Иштван Ковач;

01:00. 🇩🇪 🇩🇪 Байер – Бавария: Славко Винчич;

01:00. 🇮🇹 🇳🇱 Интер – Фейеноорд: Иван Кружляк.

📆 Ойындар 11 наурыз күні өтеді. Ал қалған төрт матч 12 наурызға жоспарланған.


Осман Дембеле қара үзді

🇫🇷 «ПСЖ» вингері «Реннге» қарсы ойында (4:1) дубль жасады.

🇫🇷 Осылайша Бірінші лиганың осы маусымындағы 23 матчта 20 гол соғып, бес нәтижелі пас берді және сұрмергендер тізімінде жеке-дара көш бастап келеді.

1️⃣ 🇫🇷 Осман Дембеле – 20 гол
2️⃣ 🇫🇷 Мэйсон Гринвуд – 15
3️⃣ 🇫🇷 Джонатан Дэвид – 14
4️⃣ 🇫🇷 Брэдли Барколя – 13.


«Реал» «Барселонаға» көңіл айтты

🇪🇸 Сондай-ақ «Алавес» «Реал Сосьедад», «Валенсия», «Атлетик» және «Осасуна» да әлеуметтік желі арқылы қазаға ортақтасты.

😢 Карлес Миньярро Гарсия командамен бірге тамақтанып, жағдайы жақсы болған екен. Бірақ ұйықтап жатқан кезінде о дүниеге аттаныпты.


🚨 РЕСМИ: Матч кейінге шегерілді.

Барселона командасының дәрігері Карлеса Минарро Гарсия қайтыс болды.

RFEF, Ла Лига және Осасуна матчты кейінге қалдыруға бірауыздан келісті.


«Орманшылар» жеңіске жетті 🔥


🔥 КӨКТЕМНІҢ ЕҢ ҮЗДІК ЖЕКПЕ-ЖЕГІ 🔥

🇧🇷 АЛЕКС ПЕРЕЙРА — МАГОМЕД АНКАЛАЕВ

💰 БОЛЖАМ ЖАСАП, САҚТАНДЫРУ АРҚЫЛЫ ҰТ 💰

🔵 1XPUNCH — 30% ҚАЙТАРЫМҒА ДЕЙІН! 🔵

👉 1XBET-ПЕН ҮЗДІКТЕР ШАЙҚАСЫНА ҚОСЫЛ! 👈
👉 https://1xbt.fun/3TyS2PQ💰
🔝🔝🔝

🔔 FOOT01 ПРОМОКОДЫ арқылы 260 000 ₸-ға дейін бонус ал!
💎 Матчқа дейін үлгеріп, бонусыңды ал! ⚽️⚽️⚽️

👉 СТАВКА ЖАСАУ

Показано 20 последних публикаций.