Бүгін «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресі аясында «Корпоративтік секторға арналған қаржы: мүмкіндіктер, шектеулер, компромисс» панельдік сессиясына модераторлық етті.
Панельдік сессия жұмысына «Bank RBK» Банкі АҚ Басқарма төрайымы Наталья Акентьева, «Еуразиялық Банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Сатиева, «Ситибанк Қазақстан» АҚ Басқарма төрайымы Сәуле Жақаева, «Еуразия СК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Шегебаев, «KMF» АҚ Басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов және басқа да қаржы секторы өкілдері қатысты.
Панельдік сессияға қатысушылар биылғы корпоратив несиелердің өсу қарқынын және оларды болашақта сақтау жолдарын талқылады. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібіне берілетін несие көлемін ұлғайту, микроқаржы ұйымдары арқылы кәсіпкерлерге берілетін несие қоржынын арттыру және корпоратив клиенттерді тарту әдістері де қозғалды. Банк несиесі мен сақтандыруды цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Панельдік сессия спикерлері мемлекет, ЕДБ және бизнес мүдделерінің теңгерімін бұзбай корпоратив секторды қаржыландыруға берілген несие портфелін өсіретін құралдарды пайдалану тәжірибесін бөлісті.
Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі – мемлекеттік органдар, жетекші банктер, сақтандыру ұйымдары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының басшылары мен тәуелсіз сарапшылар елдің қаржы секторы мен экономикасын дамытудың аса маңызды макроэкономикалық мәселелері мен өзекті мәселелерін талқылайтын елдің қаржы қоғамдастығының басты диалог алаңы.