Бүгін «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева Түркі мемлекеттері кәсіпкер әйелдері кеңесінің ІІІ Бас ассамблеясына қатысты
Жиынға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Венгрия, Түрікменстан және Тәжікстаннан келген кәсіпкер арулар, мемлекеттік лауазымды тұлғалар, әйелдер кәсіпкерлігі саласындағы сарапшылар мен халықаралық ұйым өкілдері де келген.
Бұл пікірталас алаңы – түркі елдері серіктестерімен ынтымақтастықты дамыту, халықаралық аренада кәсіпкерлікті, атап айтқанда әйелдердің кәсіпкерлік әлеуетін қолдау және экономиканың тұрақты өсуін ынталандыру мүмкіндігі.
Бизнес-форумда сөз алған Гаухар Бурибаева «Даму» Қорының кәсіпкер аруларға арналған құралдары, атап айтқанда несиеге берілетін кепілдік, пайыз бен купондық мөлшерлемені субсидиялау, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тарта отырып тікелей несиелеу жайлы атап өтті.
Әйел кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Қазақстанда ЕҚДБ-мен ынтымақтастықтағы «Бизнестегі арулар» бағдарламасы мен кәсіпкер әйелдерді қаржы ұйымдары арқылы шарттасып қаржыландыратын «Үміт» бағдарламасы сәтті іске асып жатыр.
Осы бағдарламалар аясында Қор 14 000-ға жуық кәсіпкер әйелге жалпы сомасы 46$ млн-ға қолдау көрсетті. Ал бұрындары АДБ-мен бірлесіп жүзеге асқан бағдарлама аясында 20 225 әйел кәсіпкер жалпы сомасы 315$ млн көлемінде қолдау алған.
«Қордың мұндай бағдарламаларды жүзеге асырудағы негізгі мақсаты – елдегі кәсіпкер әйелдер санының артуы мен олардың тұрақты дамуы үшін қаржылай ғана емес, білім беру арқылы қолдау көрсету. құрайтын қолдау көрсеттік», - деді Гаухар Бурибаева.
Жалпы, Қор 107,9 мыңнан астам кәсіпкер арудың жобасына несие сомасы $6,8 миллион АҚШ долларын құрайтын қолдау көрсетті.