Футбол – бұл өмір!


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


Жарнама: @futbigarna

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Браим Диас үш айға жуық ойнамайды

🦵 Марокколық футболшы «Реал Сосьедадқа» қарсы матчта оң аяғының сан бұлшық етін зақымдап алған болатын.

🤕 Бүгін медициналық тексерістен өтті. Жарақатынан айығып, қатарға оралу мерзімі кемінде 3 айды құрайды деп күтілуде.


📲 Дженнаро Гаттузо ойыншыларына iPhone сыйға тартты

🇭🇷 «Хайдук» бас бапкері «Динамо Загребке» (0-1) қарсы жеңісті осылай атап өткен.

🫂 Басты қарсыластан басым түскендіктен, клуб қызметкерлері мен футболшыларға құны 1100 еуро тұратын iPhone 16 тарту етті.

💰 Италиялық маман бұл үшін 40мың еуроға шығындалған.


«Ноттингем Ф» тарихи жеңісін тіркеді

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿«Орманшылар» 1995/96ж маусымнан кейін алғаш рет Премьер-лигада төрт матч қатарынан сырт алаңда жеңіске жетті:

🆚 «Ливерпуль» (0-1)
🆚 «Саутгемптон» (0-1)
🆚 «Бернли» (1-2)
🆚 «Шеффилд Ю» (1-3)

📆 Одан бөлек соңғы 55 жылда алғаш рет «Ливерпульді» «Энфилдте» жеңді.


🔥 Бүгін Ұлттық құрама Футзалдан ӘЧ-дегі жорығын бастайды

🌍 ӘЧ-2024. Д-тобы. 1-тур:

🇪🇸 Испания - Қазақстан 🇰🇿

⏰ 17:30.
📺 Qazsport.
🏟 Әндіжан әмбебап спорт кешені, Өзбекстан.


Карло Анчелотти жеке рекордын жаңартты

🚀 «Реал» Ла Лиганың 5-турында «Реал Сосьедадтан» (0-2) басым түсті.

✅ Осылайша италиялық маманның жетекшілігімен қатарынан 32 матчты жеңіліссіз тәмамдап отыр. Соңғы рет Испания кубогында «Атлетикоға» (4-2) есе жіберген болатын.

🇮🇹 Бұл Анчелоттидің бапкерлік мансабындағы ең ұзақ жеңіліссіз серия.

📆 Осыған дейінгісін де 2013/14ж маусымда «Реал» (31 матч) тізгінінде орнатқан еді.


🔥 Лео Месси ерекше оралды

🇺🇸 «Интер Майами» таңда «Филадельфия Юнионнан» (3-1) басым түсіп, екі айдан кейін жасыл алаңға оралған Лео Месси гол+пас әрекетімен көзге түсті.

🥇 Месси алғашқы таймда дубль тіркеп, артынша Луис Суареске гол пасын шығарып берді. Осылайша еш күмәнсіз матч үздігі деп танылды.


Неймар жыл соңына дейін ойнамайды

🇸🇦 «Әл-Хиләл» бразилиялық вингерді Саудия чемпионатына қатысатын ойыншылар тізіміне қоспаған. Ал келесі тіркеу кезеңі қаңтар айында басталады.

🦵Еске салсақ Неймар өткен жылдың қазан айында тізе байламын зақымдап, қатардан шыққан еді.

🕖 Футболшы әзірге жарақатынан толық айыға қоймаған, сондықтан жеке жаттығуын жалғастырады.


Харри Кейн «Бавария» жейдесіндегі бесінші хет-тригін тіркеді

🇩🇪 Ағылшындық сұрмерген Бундеслиганың 3-турында «Хольштайн Киль» (1-6) қақпасына үш гол соғып, бір гол пасын шығарып берді.

⚽️ Бұл Кейннің бесінші хет-тригі. Бұған дейін «Бохум», «Боруссия Д», «Майнц» және «Дармштадтқа» қарсы матчта үш голдан тоғытқан еді.


🥇 Премьер-лиганың алғашқы 4-турында ең көп гол соққан футболшылар:

1️⃣ 🇳🇴 Эрлинг Холанд – 9 гол (2024/25ж)
2️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Уэйн Руни – 8 гол (2011/12ж)
3️⃣ 🇪🇸 Диего Коста – 7 гол (2014/15ж)

🔥 Маусым соңына дейін неше гол соғар екен?


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
😱 АПЛ 4-турының ең үздік голы белгілі секілді

⚽️ «Астон Вилла» шабуылшысы Джон Дюран «Эвертон» қақпасына ғаламат гол соқты.


Эдерсон Премьер-лигадағы төртінші нәтижелі пасын берді

🆚 Бүгін «Брентфордқа» (2-1) қарсы матчта бразилиялық голкипердің ғаламат пасынан кейін Эрлинг Холанд қақпашымен бірге-бір шығып, матчтағы жеңісті голды соқты.

⚽️ Эдерсон бұған дейін 2022/23ж, 2020/21ж, 2018/19ж маусымдарда нәтижелі әрекетімен көзге түскен еді.

🧤 Осылайша АПЛ тарихында ең көп гол пасын берген екінші қақпашы атанды. Біріншіде «Тоттенхэм», «Бернли» және «Лидс» секілді ұжымдардың намысын қорғаған Пол Робинсон (5) тұр.


«Ливерпуль» маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады

🥇 АПЛ. 4-тур:

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Ливерпуль» 0-1 «Ноттингем Ф» 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿

⚽️ Гол: 72' Хадсон-Одои.


😱 Эрлинг Холанд АПЛ-нің ағымдағы маусымында:

🆚 «Челси» ⚽️
🆚 «Ипсвич Таун» ⚽️⚽️⚽️
🆚 «Вест Хэм» ⚽️⚽️⚽️
🆚 «Брентфорд» ⚽️⚽️

Кім тоқтатады?


«Қызыл сойқандар» сенімді жеңіске жетті

🥇 АПЛ. 4-тур:

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Саутгемптон» 0-3 «МЮ» 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿

⚽️ Голдар: 35' Де Лигт, 41' Рэшфорд, 90+6' Гарначо.

❌ Салынбаған пенальти: 33' Кэмерон Арчер

🟥 Қызыл қағаз: 79' Джек Стивенс.


😱 Бүгін қандай күн

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «МЮ» Саутгемптонға қарсы бірінші таймда:

⚽️ Маркус Рэшфорд араға 189 күн салып, гол соқты

⚽️ Маттейс Де Лигт «МЮ» сапындағы дебюттік голын соқты

🧤 Андре Онана ғаламат сейв жасап, пенальти қайтарды.


Ашраф Хакими ПСЖ-мен келісімшарт мерзімін ұзартуға жақын

📝 Қос тарап арасындағы келіссөз сәтті өрбуде. Жақын уақыттарда жаңа келісімшартқа қол қояды деп күтілуде. Бұған дейінгісі 2026 жылдың маусым айына дейін жарамды еді.

🇫🇷 Марокколық футболшы «ПСЖ» сапында 2021 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы аралықта 123 матч өткізіп үлгерді (15 гол, 20 гол пасы).


🔥 Бүгін футзалдан Әлем чемпионаты басталады

15:00. 🇭🇷 Хорватия - Таиланд 🇹🇭
17:30. 🇧🇷 Бразилия - Куба 🇨🇺
17:30. 😀 Парагвай - Коста-Рика 😀
20:00. 🇺🇿 Өзбекстан - Нидерланд 🇳🇱

🇰🇿 Қазақстан алғашқы матчын ертең (17:30-да) Испанияға қарсы өткізеді.


Александр Меркель ирандық «Нассаджи» ойыншысы атанды

🇰🇿 Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы жаңа клубына еркін агент статусында ауысып, бір жылдық келісімшартқа қол қойды.

👕 Еске салсақ Меркель Алматыда неміс отбасында туылған. Қазақстан құрамасының жейдесінде үш матчқа қатысып, 1 нәтижелі пасымен көзге түскен еді.

❌ Бірақ 2019 жылдан бері құжат мәселесіне байланысты құрамаға шақырылмады.


🚀 Дани Карвахаль болашағы жайында:

Барлық тараптар келіссе, онда келісімшартымды ұзартып, «Реалда» мансабымды жалғастырғым келеді. Қазірге дейінгі және дәл қазіргі қалауым осы.

Ал «Реалдағы» мансабымды аяқтағасын басқасына ауысу ойда жоқ. Бұл менің клубқа деген құрметім",– деді испаниялық футболшы.


👕 Карвахаль «Реал» сапында 2013 жылдан бері тер төгіп келеді. Осы кезге дейін 421 матч өткізіп үлгерді (13 гол, 64 гол пасы)

📝 Қос тараптың келісімшарты маусым соңында аяқталады.


🇺🇸 Маурисио Почеттино АҚШ құрамасының ӘЧ жеңетініне сенуі керектігін айтты:

Біз шабуылдаушы футбол ойнағымыз келеді. Жанкүйерлердің қолдауы үшін эстетика маңызды.

Құрамаға жеңіске дейтін сенімділік керек. Бұл тек матчта жеңу деген сөз емес, Әлем чемпионатын жеңеміз деген сенімділік қажет.

Мен команданың алғашқы күннен бастап үлкен армандарға қол созғанын қалаймын",– деді аргентиналық маман.


💼 Почеттино осыдан үш күн бұрын АҚШ құрамасының бас бапкері боп тағайындалған еді. Енді құраманы ӘЧ-2026 турниріне дайындайды.

Показано 20 последних публикаций.