Қайтыс болған адам жайлы жақсы сөз айтудың мәні мен үкімі не ?
Әрбір мұсылман дүние салғанда артынан жақсы сөз айтылуы үшін соған лайықты түрде өмір сүруі қажет. Сонымен бірге марқұмды танитын адамдардың ол жайлы жақсы сөз айтуының оған пайдасы тиетіні үміт етіледі.
Хазіреті Пайғамбарымыз соллаллаһу әләйһи уә сәләм былай деген: "бір мұсылман дүниеден өткенде жақын көршілерінен төрт адам ол адам жайлы: Мұның жамандығын көрмедік, жақсы адам еді", деп куә болса, Алла Тағала былай бұйырады:
"Ей мүміндер! Сендер танитын, мына адам жайлы куәліктеріңді қабыл еттім, сендердің білмейтін кемшіліктеріңді кешірдім".
Имам Ахмад ибн Ханбал, әл Мүснад ××1, 174.
Жаназа намазынан алдын немесе кейін "Бұл кісі қандай адам еді? " деп сұралғанда, жақсы екенін білетіндер "жақсы адам" деп куәлік еткені, ал жаман екенін білетіндер үндемегені, ал танымайтындар болса, "Алла мейіріміне алсын " деп айтқандары дұрыс. Өйткені Хазіреті Пайғамбар соллаллаһу әләйһи уә сәлләм былай деген: "Өлген адамдарды жақсы жағымен еске алыңдар, жамандықтары жайлы айтпаңдар".
Имам Әбу Дәуід. Әдеп, 49.
Имам Тирмизи. Жәнәйыз, 34.