Хадис ізденуші


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Кітап, ілім, хадис, ғалымдар.
Ілім ізденушіге насихаттар📌

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Салпақтамай жүр)


“Әдәб әл-бахс уәл муназара” оқу керек.

Өзіме айтып жатырмын. Сөреде тұрғанына 2 жыл болды)


Шейх Али Умари айтпақшы:

«Атеисттермен диспут қылғанда, оларды тас-талқан ететін жауаппен емес, оларды қайран қалдыратын сұрақтармен ұтасың».

Өзі ойланып, тура жолға келетіндей жағдай жасау қажет.


Репост из: NURSULTAN ZULFIKAR
"Атеисттердің күмәндарына әлсіз және тұрпайы жауаптармен жауап қайтару– олардың күмәндерін күшейтуге тырысу."

– Имам Фахруддин Ар-Рази (رحمه الله)

📚 әл мунәзорот

https://t.me/nursultan_zs


🔥


Тіріде жердің көркі, өлгенде кітап көркі болды деген осы…


Шейх Әдһәм мен шейх Муаййәд.
(Хафизаһумалла)




Репост из: Galymdar.kz
Құрметті бауырлар, сахабаларды (Алла олардан разы болсын) немесе ұлы тұлғаларды қорғау тек сезімге беріліп, білімсіз жасалмауы керек. Кез келген тұлғаны қорғау үшін міндетті түрде ол туралы білім алу қажет: оны оқып, зерттеп немесе тыңдап, түсіну керек. Ұлы тұлғалардың өмірбаянын оқымай қалай оларды қорғайсың?

Шейх Әдһам әл-Асими (хафизаһулла)


Шейх Әдһәмнің кітабын тауып алдым😁❤️


Неліктен ақида ілімінде осы “Ужуд, Қидам, Бақо,Уахдания , Әл-қиям биннафс, Мухалафа лилхауадис” сипаттарын ғана терең оқимыз. Алланың бұдан бөлек Рахман, Рахим, Шакур сияқты басқа да сипаттары бар емес пе?!

Өйткені ақида ғалымдары әр мукаллафқа білуі міндет деп осы сипаттарды бекіткен. Сол себепті осыларды ғана терең оқимыз.

©️Шейх Хамза әл-Бәкри


Басым көпшілік ғалымдардың өз отанына қайтатыны сөзсіз. 2012-2024 жылдар аралығында Стамбулда мағһад оқып үлгерген бауырларға Алланың үлкен тауфиғі болды. Алла берекелі етсін.


Ғылыми “мәләкә” деген қабілет төменнен бастап, біртіндеп жетіле отырып, қалыптасады. Бұл әр тақырыптың мақсаты мен мәнісін терең түсінумен жүзеге асады. Бірінші деңгейдегі кітаптарды жетік меңгеріп, келесі деңгейге көшу арқылы ғана мәләкә пайда болады.

Ал әр жерден үзіп-жұлқып оқу, барлық көзқарастарды жаттап алу — бұл сақофа ғана.

Қазіргі заманауи білім берудің басты мәселесі де осында жатыр. Оқу материалдары әр жерден үзіп-үзіп дайындалады. Мұның нәтижесінде тек мусаққафтар — білімді, бірақ үстірт ойлайтын тұлғалар ғана қалыптасады. Ал шынайы ғалымдарды даярлау мәселесі назардан тыс қалуда.

Шейх Хамза Бәкри (хафизаһулла)


Шынайы ғылым болған жерде шәкірттердің күннен күнге азаюы – қалыпты құбылыс. Ілім – табиғатынан күрделі.
Болашақта сен де ұстаз болсаң, шәкірттерің күннен күнге азайып жатса қапаланба.

Қайта керісінше, күннен күнге көбейіп жатса ойлан. Бәлкім, дәріс барысында әзілің көбейіп кетті. Бәлкім кітапқа қатысы жоқ ғажайыптарды айтып, адам тартып жатсың. Шынайы ғылым – өз маңына көп адам жинамайды.

©️Али Омари


الصورة التاريخية في حلقة الشيخ حمزة البكري)
toplantı odası
Sultanahmet vakfı


Бір христианмен диспут қылдың делік. Сен оған Алла тумады да туылмады, оның баласы болмайтындығы жайлы тіпті жүздеген мықты дәлелдер келтірдің. Ол барлығын да жақсы қабылдап, бірақ ең соңында: “Аллаһ сонда Өзіне бала жасауға құдіреті жетпей ме” – деп тағы да күмәнмен сұрақ қойды.

Сол кезде “қудра” мәселесін қалай түсіндіресің? Жаттап алған жүздеген дәлелдер бір бөлек.

Алланың сипаттарындағы нәзік мәселелерді терең түсіне алу әрі оны түсіндіре алу басқа бір бөлек.

©️Шейх Хамза әл-Бәкри
(Бүгінгі дәрістен)


Ауа-райы нөсер жаңбыр, жел-дауыл.. Шейх не болса да дәрістен қалмаңдар дейді🤝🏻⛈️


Тәдлистің тағы бір түсініктемесі – екі нәрсенің ортасындағы көмекші құралды жасыру.

Мысалға Зәйд Фәридтен бір сөз естіді. Ал Фәрид оны ұстазы Бәкрден естіген еді.

Зәйд сол бір сөзді: “Бәкр ұстазым маған былай деді”,- деп, ортадағы Фәридті жасырып, өз құлағымен естігендей айтты.

Бұл әңгімені қозғаған себебім, қазір телеграм арналарда болсын, жалпы әлеуметтік желілерде “кітаби тәдлис” қылушылар бар.

Мысалға, бір ғалымның керемет сөзін жазып, дереккөзге “Сияр әғләм ән-нубәлә 8-том 357-бет”-деп жазып қояды.

Ол пәленшеден: “Сиярдың қай баспасынан оқыған едің, таппай жатырмын, айтып жібересің бе?-деп сұрасаң:

“Мен сиярдан емес, пәленше деген ұстаздың кітабынан оқыдым. Ол жерде “Сияр әғләм ән-Нубәлә 8-том..” деп дереккөзді келтірген”,-деп, қымсынып жауап береді.

Құрметті бауырым, жақсы бір пайдалы сөзді дереккөзге сай келтірер болсаң, ең алдымен дәл қазір қай кітаптан оқыдың, соны жазып, одан соң үтір қойып, ал бұл сөз сияр кітабынан алынған деп қосымша жазып қой. Онда тұрған ұялатын ештеңе де жоқ.

Өзімізде жоқ нәрсені бар қылып көрсетуден, яки өзіміз оқымаған кітапты, оқыдым деп көрсетуден сақтанғанымыз жөн.

Алла бізді бұл шарапатты ілім берекетінен мақрұм етпесін.


(Халықты алдап, өтірікті шындай етіп)

Тәдлис қылғанша Зина қылғаным артық.

©️Шуғба ибн әл-Хажжаж


Репост из: Beisenali Olzhas
Бүгін хадис сабағында: “Инстаграм – нағыз тадлистің әлемі. Блогерлер – мудаллистер, өздерінде жоқ нәрсені, бар деп көрсетеді", - дедім.

Показано 20 последних публикаций.