Кейбір адамдардың мысалы теңіз сияқты. Сондай салқын, сондай қатулы. Терең, түбі белгісіз. Бұндай адамдардың жанында, жүрегінде Мариана ойпаты бар сияқты. Соншалықты терең, оның түбіне жарық түспейді. Мұндай адамдар ешкімді жақсы көрмейді, бірақ қандай да бір себептермен олардың жанында көптеген адамдар өздерін бақытты сезінеді.