4-СҰРАҚ
Егер қыз мені ұнатса ал менде қызға деген сезім болмаса (искра). Отбасы құра беруге қалай қарайсыз? Отбасы болып кеткенде сезім пайда болады деп. Қыз жақсы намаз оқиды. Тұйық және т.б
Осындай ерекше сұрақ келген екен. Кейде қарым-қатынаста осындай әттеген-айлар болып тұрады. Жақсы қыз немесе жақсы жігіт бірақ сезім жоқ.
Бірақ бұл жердегі басты тақырып махаббат болғаннан кейін екі адамды біріктіретін жалғыз нәрсе
сезім болады. Мейлі қыз жақсы болмаса да, сезіміңіз болса, жақсы көріп тұрсаңыз кейбір минустарына көз жұма саласыз.
Ақылмен ойланғаныңыз дұрыс. Қыз жақсы, көркем мінезді деп сипаттарына қарағаныңыз да жақсы. Бірақ сезім керек екенін бәрібір ұмытпау керек.
Әсіресе, ер адамдар өз ұнатқан қызын таңдауы өте маңызды❗️Егер ер адам өзіне ұнамайтын адаммен үйленсе, бұл кейіннен мәселелер тудыруы мүмкін: сыйластықтың азаюы, жақындықтың болмауы, т.б.
Мына сұрақтарды өзіңізге қойып жауабына қарай шешім қабылдап көріңіз⬇️
- Сіз онымен бірге өмір сүргенде бақытты бола аласыз ба?
- Оның сізге деген қамқорлығы мен мінезі уақыт өте келе ұнатуға себеп бола ала ма?
- Егер үйленсеңіз, оны шын жүректен сыйлап, құрметтей аласыз ба?