Желідегі елдің сөзіне сенсең, қабыспайтынды қабыстырып, Құдайдан кепіл алып қойғандай келістіргісі келеді. Тойда даңғырлаған батыстың жын-ойнағына билетіп, ойын ойнатып, соны тектілік етіп көрсетеді. 2022 жылы Ресейден ағылған қашқындарға есік ашып, табалағанына қошамет көрсетуін қонақжайлылық етті. Орысша балабақшаға беруді ақсүйектік көреді. Батысты мақтаушылардың дені Батыста боп көрмеген, Ауғанстанды жерден алып жерге салатындар Ауғанстанға қадам басып көрмеген. 30 жыл бойы жеңе алмаған АҚШ-тың медиа ресурстарына сеніп, алданғандарына мәз. Біреудің қаңсығын мәдениет көреді. Осындайда Абай атамның 37-қара сөзі оралады.
Ешқандай экономикалық қуатты мемлекет елдің ығына жығылмаған, айтағына көнбеген. Жапония, Германия, АҚШ, Корея, Сингапур, Франция, Нидерланды т.б. Керісінше, елге дегенін істетіп отырған, көнбегенін қудалаған. Бауыржан Момышұлы айтпақшы: "тәртіпке бағынған құл болмас". Олар елін тыңдағанда қазіргідей өнбес еді. Өзгелерге құл болушы еді. Әр елдің тарихын оқысаңдар мұны түсіну оңай. Қытай туралы айтпаса да түсінікті.
Қазір де сол Батыс елдері кезек-кезегімен 13-16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні тыйып тастап жатыр. Халықты тыңдап жатқан билік жоқ.
Сондықтан мемлекет өз болашағы үшін дұрыс шешім қабылдап, шешіміне берік болуы тиіс деп ойлаймын. Ауғанстан мысалы әлі елге ауыр тиер, бірақ Қытайдікі емес. Өздерінің фаеруолы бар. Контенттерін жіті қадағалайды. Тыйым көп. Өзге елдер рухани дағдарып жатқанда, қытай елінің санасын сәл де болса сау ұстауға әрекет жасауда.
"Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың. Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал."