Репост из: Өз ойым | أفكاري
ҰРҒАШЫ
2. Әйел, жамағат, зайып, қатын.
Ағын жесең ақылың жаннан асар,
Сарысын алсаң, дәулетің судай тасар.
Егерде қызыл жеміс алып жесең,
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар (Абай, Тол. жин.).
Қатын алма төреден,
Еркегі болар жау жанды,
Ұрғашысы ер жанды (Алдаспан).
Алыс тұрып, ақырды қыр басынан:
"Берекесін бұл жердің кім қашырған?.."
Өңім бе, түсім бе деп таңданады,
Кез алмай орамалды ұрғашыдан,
Көз алмай сүле-сопа тұлғасынан (М.Мақатаев, Шығ.).
Жүрегім қызынбайды ұрғашыға,
Сөзіңнің ерсем дағы турасына.
Қара жер – ата-анам, ең жақыным,
Мені аяп, азаттық бер бір басыма!
Басың жас, тілегіңіз алдыңызда,
Көңілдің азба, шырақ, қызбасына.
Сау болсаң, таңдап сүйіп қосыларсың,
Не төре, не бір байдың мырзасына (Ә.Найманбаев, Шығ.).
2. Әйел, жамағат, зайып, қатын.
Ағын жесең ақылың жаннан асар,
Сарысын алсаң, дәулетің судай тасар.
Егерде қызыл жеміс алып жесең,
Ұрғашыда жан болмас сенен қашар (Абай, Тол. жин.).
Қатын алма төреден,
Еркегі болар жау жанды,
Ұрғашысы ер жанды (Алдаспан).
Алыс тұрып, ақырды қыр басынан:
"Берекесін бұл жердің кім қашырған?.."
Өңім бе, түсім бе деп таңданады,
Кез алмай орамалды ұрғашыдан,
Көз алмай сүле-сопа тұлғасынан (М.Мақатаев, Шығ.).
Жүрегім қызынбайды ұрғашыға,
Сөзіңнің ерсем дағы турасына.
Қара жер – ата-анам, ең жақыным,
Мені аяп, азаттық бер бір басыма!
Басың жас, тілегіңіз алдыңызда,
Көңілдің азба, шырақ, қызбасына.
Сау болсаң, таңдап сүйіп қосыларсың,
Не төре, не бір байдың мырзасына (Ә.Найманбаев, Шығ.).