TGStat
TGStat
Введите текст для поиска
Расширенный поиск каналов
  • flag Russian
    Язык сайта
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Вход на сайт
  • Каталог
    Каталог каналов и чатов Поиск каналов
    Добавить канал/чат
  • Рейтинги
    Рейтинг каналов Рейтинг чатов Рейтинг публикаций
    Рейтинги брендов и персон
  • Аналитика
  • Поиск по публикациям
  • Мониторинг Telegram
Invintel

9 Aug, 09:27

Открыть в Telegram Поделиться Пожаловаться

ЖАД

Байқоңыр, дөнер, шашлык, Алматы, ЛРТ. Былайша қарағанда жәй сөздер. Бірақ әркім өз алдына ассоциациялық жадпен байланыстырады. Байқоңыр сөзін естігенде ғарыш айлағын, дөнер дегенде өзі сүйіп жейтін кафедегі дөнер, шашлык дегенде біреуге тауықтың, біреуге еттің шашлыгы, Алматы дегенде таулар, өзі оқыған университет, студенттік шақ, ЛРТ дегенде мініп көрмегендер мен құрылысы тоқтап тұрған бетонды елестетеді.

Ми оны қайдан алып жатыр? Қысқаша, солай сақтап алған. Бірақ «бірақ» дейтін тұсы бар. Қаншама жыл бітпеген ЛРТ-ны қытайлар 5 айда бітірді деп айтсам ше? Осыны оқыған адамдар ЛРТ-ны еске түсіргенде осы ақпаратты да ассоциацивті түрді жалғап алады. Бұл не? Нені білдіреді?

Өткенді әр еске алған сайын ми жаңа ақпаратты жазып алады. Ол түпнұсқа естелікке басында ұқсауы мүмкін. Алайда уақыт өте келе, жиі еске алумен ескі ақпараттың жаңара беріп, түпнұсқадан түбегейлі өзгеше болуы ықтимал.

Мысалы, біреу бала кезде белсебеттен құлап, қолына шрам түскен. Оны еске алғанда қай тараптан еске алуы да рөл ойнайды. 2-3 күнде жазылып кеткен болса да, еске ала берумен 2 апта мектепке бармай үйде жатқаны есіне түседі (шын мәнінде ми солай суреттеп береді). 1 рет зелёнка жаққан болса, кеткенше жаққан боп шығады, мектепке де сол жасыл-жасыл боп барғаны шығады. Бастапқы кезде аяғы тайған деп ойлап жүрсе, кейін белсебеті бұзылғаны еске түседі. Солай шынайы ақпарат бұрмалана береді.

Екінші мәселе, адам бір нәрсеге қатты мән берсе, айналасындағы заттарға мән бермейді. Кезінде бір видеоролик бар еді ғой: бәрі доп ойнап жатады, доптан көз алмай қарап отыруың керек. Бір кезде арасынан горилла киімін киген адам өте шығады. Басым көпшілігі оны байқамайды, оны мен де байқамағам. Тек сондай горилла өтті деген кезде видеоны басынан қойып, допқа мән бермей горилланы күткенде көре алдым. Жоғарыдағы мысалда да адам жарақат алғанын жиі еске алғасын белсебеті одан кейін 1 апта өткенде бұзылғанын сонымен жалғап, бір күнде болған етіп жібереді.

Үшінші мәселе бар. Стендаперлердің детская травма дегенді мазақ етіп жүргендері бар. Біз үшін ол кезде травма болмаған, қалыпты жағдай еді. Ал кейінгі 6-7 жылда «детская травма» көп айтылып, оны негативті оттенкіде көрсеткесін елдің көбі баяғыда күліп еске алып жүрген естелігін негатив көріп, әке-шешелерін кешірумен әлек боп кетті. Шынайы травма алғандарға бұл сөздерімнің қатысы жоқ, трендке ілескендерге қатысты жазып отырмын. Демек, әлеуметтік ортамыз бен қоғамның интерпретациясы да бұрынғы естелігімізді жақсы не жаман екенін өзгертіп қайта жаза береді.

Мидың осы жұмысынан көбіне жапа шегетіндер — әйелдер. Бір болған оқиғаны мың қайтара жаза бергеннен негативті реңі арта береді. Күйеуімен әр ұрыс-керіс болған оқиғасын еске алады. Соңғы 5 жылда тек бір рет 8-наурызбен құттықтамаған болса, сол естелікті алып қалып, қалғанына мән бермейді. Уақыт өте келе, қандай тиран, абьюзер, жаны ашымайтын, қамқорлығы жоқ, бәріне безразлично қарайтын, мейірімі жоқ деген образ күшейіп, өзін бақытсыз сезініп, ажырасуға бет бұра бастайды. ("Тағы да әйелдерді қыстырды" дейтіндерге айтарым: поқи, бұл есті жиғызатын ақпарат сендерге керек, маған емес)

Кезінде бір ғалымның бидғат сөзді естіп, оны 25 жыл есінен шығара алмағаны жайлы Ерсін ұстаздың уағызынан естіп едім. Ми адаммен солай ойнайды. Бүгін сен оның бидғат екенін білдің. Бірақ уақыт өте келе ми оны переформатировать еткенде бір дұрыс ғалымның сөзі секілді етіп жібереді. Оны енді біреу айтып түземесе, солай адасып кетуің ықтимал. Ғалымдардың қарапайым адамдарды Інжіл, Тәурат секілді кітаптарды, әртүрлі наным-сенім кітапшаларын оқудан тыюының бір себебі де осы.

Тәураттан оқып алған Мұса عليه وسلم қиссасын Ислам ғұламалары айтқандай еске алып, оны Ақиқат ретінде қабылдап қоюы мүмкін. Ғалымдар қайсыбірінің жеке басындағы ойларымен күресе береді?

Бұл қазіргі күнде әлем әдебиеті мен әртүрлі "өсу", "даму" шлактарын оқитындарға да қатысты. Пайда алам деп жүргендерің бірнеше жылда мидың жұмысына шатысып, зиян көрулерің әбден мүмкін. Дұрыс нәрсе оқыңдар, әрбәлені оқып, адасып кетпеңдер, миларыңның фильтріне сеніп жүре бермеңдер. Ол фильтрлерің де жаңарып отырады.

609 0 1 4 33
Каталог
Каталог каналов и чатов Подборки каналов Поиск каналов Добавить канал/чат
Рейтинги
Рейтинг каналов Telegram Рейтинг чатов Telegram Рейтинг публикаций Рейтинги брендов и персон
API
API статистики API поиска публикаций API Callback
Наши каналы
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Почитать
Академия TGStat Исследование Telegram 2019 Исследование Telegram 2021 Исследование Telegram 2023
Контакты
Справочный центр Поддержка Почта Вакансии
Всякая всячина
Пользовательское соглашение Политика конфиденциальности Публичная оферта
Наши боты
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot