шай және искусство (18+)


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


жасмин шайынан ауыз тиіңіз 🍵
📩 ұсыныстар үшін - qazaqpiano@gmail.com
📌 каналдың маршруты:
#электронды_нұсқа - кітаптардың электронды нұсқасы
#обзор - кітаптарға қысқаша обзор
#мақала - әртүрлі тақырыпқа мақалалар

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


…Әйелдерді еркектерден көп дейді.
Ойбай,
Ойбай!
Бола берсін көп, мейлі!
Әйел деген әдемі ғой, әдемі,
Әдемілік бізге көптік етпейді…
🎀🎀🎀🎀🎀🎀🎀🎀🎀🎀🎀
(с) мұзбалақ Мұқағали

Инстаграм | ТикТок | Чат | Буст

2k 0 21 14 187

Репост из: шай және искусство (18+)
Әрбір әйел танылмаған планета. Жай ғана планета емес, әрқайсысы мұңлы планета. Ешқандай ғылым, ешқандай данышпан қарапайым әйел жанының құпиясын аша алмайды. Әйел жаны әрқашан жаралы.

…Әйел жанын таза сақтайтын қоғам жер бетінде әлі құрылған жоқ, оған дақ түсірмей, аялай білетін еркек әлі туылған жоқ. Жаман әйел болмайды, біз оны қолдан жасаймыз.

…Біз суы азайып, тұзы молайған теңіз сияқты, әйелдерімізді дөрекілендіріп алғанбыз. Біз олардың алдында олардың өліп бара жатқан нәзіктігі мен тазалығының алдында мәңгі бақи айыптымыз. Сол қасиетті тұншықтырғанымыз үшін біз күнәһармыз. Жаман әйел жоқ. Ең арысы жалмауыз кемпірдің де арғы тегі әйел, үңіліп қарай білсең ол да жетіскенінен жалмауыз кемпір болып жүрген жоқ, оны да осы халге түсірген біз, өзіміз, мына ит тіршілік.

🕊 Дулат Исабеков
Өкпек жолаушы” повесінен

тег: #мақала

ТикТок | Чат | Буст

4.9k 0 39 5 153

Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram

4.2k 0 17 8 100

Дулат Исабеков
1942-2025

“Әпке”
“Гауһартас”
“Дермене”
“Қарғын”
“Ескерткіш”
және тағы басқа шығармалар үшін алғыс 💔

Инстаграм | ТикТок | Чат | Буст




Фууух, мен жоқ екем тізімде, шүкір 😬

4.3k 0 15 45 76



Туған күніңмен, ақиық ақын 🤩


Мұхтар Мағауин
1940-2025


“Бір атаның балалары”
“Тазының өлімі”
“Аласапыран”
“Шақан шері”
және көптеген мінсіз шығармалар үшін рақмет 💔

6.8k 0 26 27 293

Әр адам жаңа жылды жақынымен қарсы алсын.
Анаға бала, балаға ана, адамға қоғам, қоғамға адам қажет…

Az Airlines 25.12 💔

Инстаграм | ТикТок | Чат | Буст


«қазақ национализмі» күні

1986

Инстаграм | ТикТок | Чат | Буст


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


🤨 Абай ФИЗИК?!

Абайдың ақын, жазушы, сазгер, қоғам қайраткері, болыс, көріпкел, философ екенін білеміз. Енді, сонымен қатар, Абай физик десем қалай?

Оны “Желсіз түнде жарық ай өлеңінен білеміз.

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп…


Түн. Айнала тыныш. Мүлдем жел жоқ. Ал енді суды қозғалтып тұратын жел жоқ болса, айдың сәулесі неге суда дірілдеп тұр?

Бұл жерде Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңы еске түседі.

Толқын қалай пайда болады? Желден деуің мүмкін. Ал егер айналада жел жоқ болса ше? Онда толқынды тудыратын ай. Нақтырақ, айдың гравитациясы тікелей мұхиттардағы толқындарды тудырады. Әрине, мұхиттың массасы үлкен болғандықтан, толқындар да үлкен. Ал енді ауылдағы кішкене бір көлшік болса, сәйкесінше толқындары да мини толқынчиктар болады. Абай судың “дірілдеуі” осыны айтып тұр.

Ай жердің осінде айналған сайын, жерді өзінің гравитациясы арқылы тартады. Сонда ай қай жаққа қарай қозғалса, толқындар да айдың тартылысынан қозғалады.

Заңды толық түсіндіруге менің сөз байлығым өліп-талып жетсе де, оны түсіну қиын болар. Сондықтан төменде осы заңның визуализациясы👇

тег: #мақала@irohkoke

Инстаграм | ТикТок | Чат | Буст


🌈 КСРО кезіндегі ЛГБТ қоғамының алғаш өкілдері кімдер?

Және бұған Сәкен Сейфуллиннің қандай қатысы бар?

Бір мың да тоғыз жүз отыз бірдеменші жылдар. Кезекті бал. Балға шақырту алғандар - сол заманның “на хайпе” адамдары. Қазіргі тілмен айтқанда, MET GALA ғой. Арасында ұзынбойлы, мұрты оттай, сымбатты, краш Сәкен бар. Және соның толық қарама-қарсы түрі - бойы бір қарыс, черт, ищак НКВД-ның сол кездегі басшысы - Николай Ежов бар. Ежов Сәкенді онсыз да жақтыртпаған еді. Бірақ сол балда бойы ұзын Сәкен қалғандарымен қол алмасып жатқанда, полторашка Ежовты көрмей қалғаны - оның ашуына қатты тиіпті. Сол кезден бастап, ол Сәкенге тіс қайрайды.

Арада бірнеше уақыт өтеді. Сәкен Алашорда жайлы кезекті тергеуге КУӘГЕР (свидетель) ретінде шақыртылады. НКВД басшысы Ежов бұны біліп, Сәкеннің ісін өз қолына алады. Жай жауап алуға (допрос) келген Сәкен 4 күннен соң бір көзі ағытылып, бір саусағы кесіліп, денесінде тірі жер қалмай бір-ақ түрме табалдырығын аттайды. Ежов Сәкенге ойына келгенін жасап, бар фантазиясын қосып, оған “шпион, террорист, кезекті терракт дайындау кезінде ұсталғанын” мойындатқызады. Бұдан кейін Сәкен, өкінішке орай, ату жазасынан аман қала алмады.

ЛГБТ-ның не қатысы бар? Ежов - КСРО кезінде алғаш өзінің дәстүрлі емес сексуалды қатынастары бар екенін жасырмаған адамдардың бірі. Сәкенге камера ішінде көрсеткен қорлығы - оның эгосын одан сайын қоздырады. Сталин Ежовты НКВД арқылы пайдаланады. Кейін Сталин өзінің бір жері ашылып бара жатқанын сезіп, ақыры Ежовтың өзін де террорист деп айыптап, ату жазасына кеседі. Сол керек сяған, қаншық.

тег: #мақала@irohkoke

Инстаграм | ТикТок | Чат | Буст


Бұл жерде енді инстаграмды пихатьтап жібермесем күнәғо 😄

📱 Тіркеліп кетіңдер

https://www.instagram.com/iroh_koke?igsh=MWpoaDIxNWl6OGlzaw%3D%3D&utm_source=qr

Показано 15 последних публикаций.