Кәсіпкер 970 бөтелке алкоголь өнімін акциздік маркасыз сатқан
◾️ Т.Рысқұлов аудандық сотында алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен сәйкестендіру құралдарымен таңбалау (қайта таңбалау) ережелерін бұзды деп айыпталған ЖК «Ж.»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (ӘҚБтК 283-б. 2-б.).
◾️ 2024 жылдың қазан айында салық органы жүргізген тексеру барысында жеке кәсіпкер дүкенінде акциздік маркасыз әр түрлі атаудағы 970 бөтелке алкоголь өнімдерін сатқаны анықталды.
◾️ Сотта Ж. өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне шынайы өкініш білдіріп, соттан оның отбасылық және материалдық жағдайын ескеріп жазасын жеңілдетуді сұрады.
◾️ ӘҚБтК-нің 283-б. 2-б. санкциясы шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, 150 АЕК мөлшерінде айыппұл көздейді.
◾️ Сот қаулысымен кәсіпкер кінәлі деп танылып, оған алкоголь өнімін сатуға лицензиясынан айыра отырып, 970 бөтелке алкоголь өнімін тәркілей отырып, 387 мың теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалды.
◾️ Қаулы заңды күшіне енді.
Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі
https://t.me/jambyl_sottary