Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен✨


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


Рабби зидни илмән

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


Аллаға сенсең құстай ұшасың деген бар ғой

Осы сөзді неге ұмытып кете береді екенбіз а?)


وَإِذْ أَخَذْنَا مِيثَٰقَ بَنِىٓ إِسْرَٰٓءِيلَ لَا تَعْبُدُونَ إِلَّا ٱللَّهَ وَبِٱلْوَٰلِدَيْنِ إِحْسَانًا وَذِى ٱلْقُرْبَىٰ وَٱلْيَتَٰمَىٰ وَٱلْمَسَٰكِينِ وَقُولُوا۟ لِلنَّاسِ حُسْنًا وَأَقِيمُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُوا۟ ٱلزَّكَوٰةَ ثُمَّ تَوَلَّيْتُمْ إِلَّا قَلِيلًا مِّنكُمْ وَأَنتُم مُّعْرِضُونَ

уәиǯ әẋаǯнәә мииčәәқа бәнии исрааʻиилә ләә тәъбудуунә иллаллааһа уәбилуәәлидәйни ихсәәнәу уә ǯил-қурбәә уәл-йәтәәмәә уәл-мәсәәкиини уә қуулуу линнәәси хуснәу уә ақиимус саләәтә уә әәтуз зәкәәтә čуммә тәуәлләйтум илләә қалииләм минкум уә әнтум муъридуун

Кезінде Исрайыл ұрпақтарынан: «Аллаға ғана құлшылық етесіңдер, ата-анаға, туған-туысқа, жетімдерге және пақыр-міскіндерге жақсылық жасайсыңдар, жұртқа жақсы сөз айтасыңдар», – деп уәде алған едік, сондай-ақ оларға: «Намаз оқыңдар, зекет беріңдер!» – деп бұйырған едік. Алайда (әй, Исрайыл ұрпақтары), көп ұзамай-ақ араларыңдағы ат төбеліндей аз ғана адамнан басқаларың уәделеріңнен тайқып кеттіңдер. Сендер ежелден уәдеде тұрмайтын бәтуасыз қауымсыңдар.



(«Бақара» сүресі 2:83)


Мәңгілік өмірге барғанда,артқа мүлдем қайта алмаймыз ғой

Сондықтан қалған ғұмырымызды ертең өкінбейтіндей,ертең ұялмайтындай өткізейікші🤍

Максимально жақсылық жасауға,максимально өзгелерге көмектесуге,максимально жақсы ойлауға,максимально Алла разы болатын амалдарды жасауға,максимально ата анаға,туысқа қызмет етуге,максимально зекет пен садақа беруге,максимально қоғамға қызмет етіп қалайық

Бүгінге түсінген,әсер еткен сабағым осы болды


Сен разы болған күйде,өміріме разы болған күйде саған қайтайыншы Раббым…


Бүгін бір таныс кісі қайтыс болыпты

Жас.қаншама мақсаты бар.амбицияға толы тұлға етін

Істеп жатқан ісімнен мән жоғалтып алдым.Өлімді еске алып,бір тәфаккур етіп алдым

Дайындалып отырған сессия да,талпынып жүрген дүние де,уайымдап жүрген жағдаяттар да дым маңызды болмай қалды

40-50 жылда мында болмаймыз да ғой.)

Онда неге мына дүние үшін сонша уайымға салынады екенбіз дейсің…




Бүгінгі илхамдар

•кез келген жағдай сенің Алла туралы ойыңды анықтауға көмектеседі

•кез келген келген ситуация бізге Аллаға жақындау үшін,оны жақынырақ тану үшін беріледі

•болашақтан қорқу=Аллаға сенбеу

•истихарамен қатар истишара өте өте маңызды

•өзіңді шектемеу~Алла шексіз

•кез-келген дүние қайырлы уақытта,қайырлы минутта

•біз күткендей болмаған дүние ,зат,жағдаят,адам-біз күтпеген жақсылықтар әкелуі мүмкін

•бізге мүмкін емес көрінген ситуация~ең жеңіл жолмен орындалып кетуі мүмкін

•неке ол береке.Некеде барлық нығмет екі еселенеді

•некеде екі адамның сөйлесе алуы,іште жасырмай барлығын айта алуы

•көбісі некеден кейінгі өмір туралы жаман ойлайды.Ол нәрсе адамға байланысты.Егер дұрыс адамды кездестірсең,некеден кейін өмірің керісінше одан да әдемі,нәрлі болады

Ең керемет естіген сөзім

-бұл болып жатқан ситуация бәлкім сіздің Аллахпен қарым қатынасыңызды реттеп,ол туралы ойды анықтап,жаңа бір деңгейге шығуға көмектесіп жатқан болар


Сахабалар қазіргі сендерді көретін болса,”мыналардың исламға түк қатысы жоқ дер еді”-Хасан Басри


Хасан Басридан (Алланың оған мейірімі болсын):

«Ей, шейх, кішіпейілдік деген қандай болады?», – деп сұрап еді, ол:

«Кішіпейілдік деген үйден шықсаң, біреу саған кездессе, өзіңді сол адамнан төмен санасаң, жəне көңіліңде «Мына адам Хақ Тағаланың құзыретінде менен артық болар» деп ойласаң, міне сол кішіпейілдік», – деді.


Қазіргі кезде құндылықтарымыз өзгеріп жатыр.Иманымыздың түскені соншалық дінді дүниеге жету үшін оқитын болдық.

Бірде инстаграмда бір елдегі бір адамға жын кіргенін көрсетіп жатыр екен
Сөйтсе,әлгіндегі жын сахабалар көзін көрген жын екен
Сонда айтып жатыр
-Бұрын сахабалардың иманының мықтылығы сонша біз оларға 100 метр жердің өзінен жақындауға қорқушы едік деп

100 жылдан кейін бәлкім тіпті 10 жылдан кейін біз мында болмаймыз
Сол жылдардан кейін өзімізбен алып кете алатын жалғыз нәрсе не екенін біз ұмытып бара жатыр екенбіз…


“Ей иманды жан,сені имансыздардың ләззатқа толы өмірі қызықтырмасын”




Just screens on my phone


Репост из: Ескертушің ✨️
🫀 Әр дәуірдің Мәриямы, Әсиясы және Айшасы болады...

Олар үйлерінің қабырғаларын суретшілер салған портреттермен емес, әдемі зікірлермен әсемдейді. Жүректерін адамдар мен психологтар арқылы емес, намаз бен Құран арқылы тыныштандырады. Олардың балаларын ұялы желілер емес, Дін тәрбиелейді...

| Ихсан Шеножак حفظه الله


Репост из: Ескертушің ✨️
Шектеулі жүрегіммен Шексіз болған сені сүйемін, Раббым…

Мен сенің Қамқорлығыңды, бұлтартпас Махаббатыңды, Шексіздігіңді, Құдіретіңді сүйемін. Жүрегімде сенің Ұлы есімің барда, маған мұңаюға себеп жоқ. Сен үнемі Менің мұқтаждығымды, ішкі сырымды білдің. Қажеттілігімді мен сұрамай-ақ Орындадың. Раббым, сен Құлың үшін барлығын жасадың ғой. Енді мен мынау шектеулі жүрекпен Шексіз сені сүйейінші. Шынайы сүйейінші.

Қуыс болған кеудемді қуанышқа толтырып, Өзің жайлы, құлдарың жайлы жаман ойлауға еш мұрша бермедің. Қолымды бір сілтегенде, ниетім мен ықыласымды қайта ояттың. Мөлшерін санамай, даналығыңмен, хикметіңмен үйіп-төгіп беретінсің Раббым. Сұрағанымда жек көрмедің…Менің шынашақтай ғана жүрегім сен үшін не істей алады Раббым? Қанша рет ғафілетте ұйықтап, күнә жасап, ең сұрықсыз, сүйкімсіз түрде Сенің алдыңа кеп жүрдім- бірақ біреуінде де сен мені жазаламап едің. Үстімді қағып, қатемді кешіп, Кеңшілігіңді жасадың.

Раббым, Мен сенің Көмегіңмен, Жәрдеміңмен ғана жүрмін. Барлық Нығметтің, Барлық Құдіреттің иесі өзіңсің. Раббым, Өзің қалай Кең болсаң, сенің құлдарыңа да, өзіме де кең болғым келеді. (Әрине, сенің Жәрдеміңмен) Себебі, Расында ең Озық үлгі- ол Өзің. Ең үздік Сыр- сен…🤍

Шектеулі жүрегім саған ғана байланса екен, Раббым…


Репост из: #yasina
Әйел сұлу қашан да әдебімен.pdf
31.9Мб
Алланың қалауымен, мұсылман қызының қоғамдағы әдебіне байланысты шағын кітапша жазып шықтық, игіліктеріңізге жарасын.


Репост из: Ömır Sür✨
Сен бақытсыз емес, мүмкін шүкірсіз шығарсың?




Репост из: Z H A N N U R
Ең маңызды “ДжекПот”

Алдында ойланып кетіп: “осы мен ешқашан лотерея, ұтыс ойындарынан ешқашан ұтып алмайды екенмін” деп айтып қалдым да, лезде жолдасым есіме түсіп. “Еее, Нағыз Джекпотты 2 жыл бұрын нәсіп етіп қойыпты ғой” дегенмін.

Ізгі Жолдас – ең бағалы ДжекПот ұтып алғанмен тең…

Сіздерге де Алладан ең маңызды джекпот нәсіп етсін!


Осы арнаны бірге жүргізетін қыздар іздеймін🫂❤️

Егер өзгелерге Алланы еске түсіріп тұру арқылы қызмет еткіңіз келсе коммент қалдырсаңыз өзім жазамын🫂❤️

Показано 20 последних публикаций.