білмеймін, айналаның бәрі құдды бір махаббатқа тіреліп қалғандай.
жүрген жер, жазған ән, неге бәрі бір сезім үшін?
қынжылдататыны - сол баяғы екі адам арасындағы сезім туралы.
неге ата-анаңа, өзіңе, айналаңа деген кіршіксіз махаббат жайлы сөз жоқ?
үнсіз…
мүмкін, адамдар махаббатты тым тар шеңберге сыйғызып қойған болар?
екі жүректің байланысын ғана
көріп, әрбір дем мен күннің құндылығын ұмытқан сияқты.
анаңның еркелеткен сәті, досыңның қалжыңы, кешкі аспандағы жұлдыздардың жарығы - бұлар да махаббаттың көрінісі емес пе?
жоқ, біз оны байқамаймыз. адамдардың көздері тек «ерекше біреуді» іздеумен шаршаған.
бірақ менің ойымша, махаббат ол - әрбір тыныс.
анаңның кешке: «шаршап қалмадың ба» деген сұрағы,
досыңның «саған мына жер ұнайтын шығар» деп көңіліңді табуға тырысуы,
тіпті өз-өзіңе сыйлаған жалғыз уақыт - бұл махаббат емес пе?
адамдар үнсіз, өйткені мұндай махаббат туралы сөз айтуға «мәдениет» жоқ секілді.
ал шын мәнінде, сол махаббат - ең шынайысы, ең нәзігі.
құндылығы түсініксіз болса да, жүректі мәңгі жылытып тұратын бір сезім.