Keruen media


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


⁃ Жеке даму
⁃ Бизнес
⁃ Қаржы лайфхактары
⁃ Ұлы адамдар цитаталары/афоризмдері

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


Әр адам жеке бір тұлға... Барлық адам бірдей... Барлығымызда бірдей ми, бас, қол және тағы да басқа... Тек біз бір-бірімізден білім, ғылым, ақыл арқылы ғана оза аламыз. Тәңір бізді салыстырмайды, біз пенделер салыстырамыз... Сондықтан ол сеннен артық не кем болғанына еңсеңді түсірме!

Өмір бүгіннен немесе ертеңмен шектелмейді. Өзіңді бағала, ой-санаңды кеңейт.Айналада болып жатқан қиындықтарға басқа көз қараспен қарап, оның шешімін тауып көр. Әрбір қиындық болған жерде жеңілдік те қатар жүреді.

Сен өзіңді дамыту кезінде, саған өзгелердің ойы емес, керісінше сенің ойың маңызды болуы тиіс..

Өміріңді өзгерткің келсе, алдымен өзіңді өзгертуден баста.Өзгеден мін іздемей, алдымен өзіңе бір сәт мән беріп қара.Өзіңді ерекше тұлға ретінде сезін де, өз бойыңдағы жақсы қасиеттерді іздеуге тырыс.Алдымен өзіңді жақсы көр.Содан кейін жаныңдағылардың жанына терең үңіліп, сыйлап, құрметтейтін боласың...

Өмірде ешқашан өзіңді алдама, жалғандықты жоюың қажет...Өзіңді алдап ешқашан алдыға қадам баса алмайсың... Барлығын риясыз жақсы көр, сене біл...

Өз өміріңде өзің шынайы, әрі әділ бола білсең, сенің өмірің де осы бағытқа қарай өзгереді.Жаныңдағы достарың, жақындарыңды да сен қандай болып оларды сыйласаң, олар да сені солай құрметтейтін болады.

Алдыға қадам басып, жылжудан ешқашан қорықпау қажет.Бұл сенің өмірің, сенің таңдауың! Белгілі бір жетістікке қол жеткізгің келсе, алдыңа мақсат, міндет, талап қоя біл.Сонымен қатар жалқаулықтан арыл.Тек талпыныс пен сенім тек қана жеңіске жетелейді.

Өз өмірімізде жасаған әрбір талғам тағдырымызға адам мөлшерлеп жете алмастай әсер етуі мүмкін.Ертеңгі бақытың дәл қазіргі шешіміңнен басталуы мүмкін!


​​💬Мақсат-уақыты белгіленген арман.

Көбіміз мақсатты дұрыс қоймағандықтан оны соңына дейін апара алмай жатамыз алға қойған мақсатымыз өз жемісін бермей,оған жетпек түгіл қойған мақсатымыз айтылған жерде немесе ойлаған сәтте қалып кетіп жатады.Сіздерге дұрыс мақсат қойып оған жету туралы кеңестерді ұсынамын:

📌Мақсатты анық қойыңыз.
Қойған мақсатыңыз анық әрі айқын болғаны маңызды,сіз орыс тілін үйренемін деп мақсат қойсаңыз бұл дұрыс емес сіз орыс тілдің қай деңгейін үйренгіңіз келетінін оны қалай өлшенетінін білуіңіз керек мысалы орыс тілінің орташа деңгейін үйрену үшін 1000сөз жаттап 15грамматикалық сабақ жаттауым керек деп мақсат қойыңыз әйтпесе сіз мақсатқа жеткеніңізді білмеуіңіз мүмкін.

📌Дамушы орта табыңыз.
Жаяудың жүрісі өнбейді,жалғыздың бір ісі өнбейді демекші сіз көздеген мақсатыңызға жету үшін жаныңыздағы адамдарың рөлі өте маңызды сіз олардан мотивация,үлгі алу арқылы мақсатыңызға оңай жете аласыз бәрінен шаршап жалығып жанып кетпейсіз,шабан атты тұлпарлардың қасына қоссаңыз ол ұялғанынан шабады сол секілді қасыңыздағы жандарға қарап өз өзіңізді қамшылауға тырысасыз.

📌Жоспарлаңыз.
Мақсатты жылға қойғаннан көрі 2-3айға жоспарлап қойған маңызды көп жағдайда жылға қойылған мақсаттар өз нәтежиесін бермей жатады себебі 1жыл өте ұзақ уақыт сіз уақыттың көптігін сылтау етіп мақсатыңызға кеш кірісуіңіз мүмкін.Ең дұрысы жылға негізгі мақсаттар қойып оны айға жоспарлаңыз айды аптағы,аптаны күнге.

📌Дағдыларды дамытыңыз.
Ерте тұру дағдысын қалыптастырыңыз сіз ол арқылы жұмыстарыңызды жеңілдетіп уақытыңызды едәуір үнемдейсіз,егер кітап оқуға немесе тест,кітапша оқуды немесе жаттауды мақсат етсеңіз жылдам оқуды меңгеріңіз,дағдылар мақсатқа апарар уақытты жылдамдатады әрі сіздің мақсаттан ауытқымай дисциплина(тәртіп) сақтауыңызға септігін тигізеді.

📌Кедергілерден арылыңыз.
Ол қандай кедергілер болуы мүмкін?
- Артқа тартатын орта,
- Жұрттың ойы,
- Энергияның жетіспеуі,
- Сылтауларды(ертең бастаймын,бүгін шаршап тұрмын,1інші күні бастаймын,менің уақытым көп)жойыңыз,
- Мотивацияның болмауы
- Тез әрі дәл шешімдер қабылдай алмау
- Бәрін кейінге шегере беру
- Демала алмау

Тағыда басқа көптеген кедергідер кездесіп жатады бұл кедергілермен қалай күресу жайлы келесі жолы жазармын


Көбіміз бір адам жетістікке жетіп жатса, оның тек жетістік сәтін көреміз де, оның осы жетістікке дейін жүріп өткен жолын елеп, ескермейміз.

Әрине, біреудің жетістік үшін жүріп өткен жолы, жасаған қателіктері, жинаған тәжірибесі ешкімге қызық емес. Бәріне тек жетістік сәті ғана қызық.

Алайда, қазір сіз көріп жүрген жетістікке жетіп жатқан кез келген мықты тұлға сол нәтижеге жету үшін, тынымсыз, демалыссыз еңбек етті.

Бұны “накопительный потенциал” деп айтады. Яғни, сен өзің қалаған точка Б-ға жету үшін, сен өзің нәтижеге қажетті еңбек, білім, қабілет, тәжірибені жинақтау керексің.

Соның барлығы жиналып, әбден пісіп жетілген кезде, потенциалың толық ашылып, жетістік нәтижесіне қол жеткізесің.

Сондықтан, қазір жетістікке жетіп жатқан бір адамды көрсең, оның осыған дейін талай еңбек еткенін ескергенің жөн.

Егер сенде жетістікке жеткің келсе, солай тынымсыз еңбек етіп, білім алып, тәжірибе жинауға дайынсың ба? Өзің осы сұраққа жауап бер.

Бір кісінің кәсібі жақсы жүріп, нарықтың үздігі болып жатса, ол аяқ астынан пайда болып кеткен жоқ.

Демек, ол осыған дейін біраз қателік жасап, бірнеше кассовый разрывқа түсіп, талай кризистен өзінің бизнесін аман алып қалды.

Енді соның барлығы жиналып, жиналып “накопительный потенциал” болып қажет жемісін беріп жатыр.


🥝 Киви - тәуліктік C витамин көзі

🟥Мандарин де, апельсин де бұл кішкентай жеміспен салыстыруға келмейді.

👉Кивидің бұл қасиетінің арқасында дененің қорғаныс қабілеті артып, қан тамырларының қабырғалары нығайып, қандағы холестерин деңгейі төмендейді, қан қысымы қалыпқа келеді.

▶️Бұл жемісті жиі тұтыну - тыныс алу жүйесі ауруы алдын алудың керемет әдісі. Әсіресе, суық тию кезінде кивиді жеу пайдалы. Киви себепті ентігу, дауыстың қарлығуы, жөтел жоғалады.

#Денсаулықаманат


Өзіңізді өзгелермен салыстыруды доғарыңыз. Адам өзін басқалармен қаражат, отбасы, қоғамдағы статус немесе өзге дүниелерге байланысты салыстыруды доғарған кезде жеке басын бақытты сезіне бастайды. Әркімнің түрлі дүниелерге қол жеткізуде өз жолы, уақыты және мөлшері болады. Сондықтан, қанша қиын болса да, өзіңізді өзгелермен салыстыра бермеңіз. Оның орнына өзіңізге ұнайтын, күшті мотивация беретін нәрселерге көбірек көңіл бөліңіз.


Фитнес жаттықтырушы Крейг Баллантайн ұйқы сергек болуы үшін бірнеше затты тыю керек дейді. Сондықтан "10–3–2–1" формуласын жасап шыққан.

Оның мәні мынадай:

✅ұйқыға 10 сағат қалғанда кофе ішпеу керек;
✅3 сағат қалғанда тамақ ішпеу керек;
✅2 сағат қалғанда жұмыс істемеу керек;
✅1 сағат қалғанда экранға қарамау керек.

Осы қағиданы сақтаған адамның ұйқысы қанып, сергек ұйықтап, таңертең оңай оянады дейді Баллантайн. Ол мұны өз тәжірибесіне сүйеніп жасаған. Оның қарамағында жаттығып жүргендер осы қағиданы сақтаған соң, ұйқы режимін қалыптастырып, күндіз өзін ширақ сезінген.


Әлемге жақсылық SMS-ін жолда

🛒Телефоныңдағы 30 адамға Whatsapp-пен «Қалың қалай? Хабарласпағалы көп болды. Не жаңалық? Жай қал-жағдайыңды біліп қояйын деп едім» деп хабарлама жіберсең, қуанышқа толы жылы жауаптар келе бастайды. Бұған дейін тұнжырап отырсаң, енді міне көңіл-күйің көтеріліп, бір серпіліп қаласың. Үнсіз тұрған телефоныңның өзіне жан біткендей. Бұл – энергия алмасу. Алу үшін әуелі өзің беруің керек. Адам музыкалық аспапқа ұқсайды. Пернелерін қалай бассаң, үні солай шығады. Өзгелер саған құрметпен қарасын десең, алдымен өзің оларды құрмет тұт. Өзгелер сені сүйсін десең, махаббатыңды аяма. Өзгелер сені іздесін десең, пайдалы бол. Бұл – заңдылық. Елге шартсыз жақсылық жасап жүрген жандардың бойынан ерекше энергияның лебі есіп тұрады. Шаршағанын көрмейсің. Әлемге жақсылық SMS-ін жолдаған жанға әлем де ерекше жылылықпен жауап береді.




Бір аяққа салмақ салмаңыз


Қалай тұрғаныңызға назар аударыңыз. Көбінесе біз салмағымызды бір аяғымызға аударамыз, жамбасымызды бүйірге шығарып, соған қарай сәл иілеміз. Бұл тұру бел ауруын тудырады.

Өз салмағыңызды екі аяққа бөлуге тырысыңыз және ішіңізді тартыңыз. Бұл бірінші арқаңызды тік ұстаса, екінші көп ұзамай дене бітіміңіздің жақсарғанын байқайсыз.

#Денсаулықаманат


ӘР КҮНІҢДІ ӘСЕМДЕ ⭐️


🗣️ Істі кейінге қалдыру әдетінен арылу жолдары.

1️⃣Миымыз кез келген істің нәтижесін бірден көруге, дереу рақаттануға бейім. Сондықтан жалқаулығын жеңе алмай жүрген жандар нәтижесі бірден болмайтын үлкен істерді шағын бөлімдерге жіктеп, орындалатын уақытын белгілеп қойған дұрыс.

2️⃣Бір істі жасайтын кезде ми бірден ол істің ең күрделі, қиын жағын ойлайды. Мұндай кезде істің қиындығына мән бермей, бірден бастап жіберу керек. Ынта кейін өзі - ақ пайда болады. Кез келген жұмыстың басталуы-ол істің, тіпті 80% біткендігімен парапар.

3️⃣Кейде «іс еш мінсіз, аса керемет дәрежеде болу керек» деген максималистік психология оны кейінге қалдыруға себеп. Біз істің кереметін күтіп жүргенде, уақыт зулап өтіп кетеді де, ол сол күйі өзгеріссіз қалады.


Тамақтану чек листі

- Көкөністер (әсіресе жасыл), жидектер мен жемістерді көбірек қолданыңыз

- Өсімдік майлары мен майлы, теңіз балығын жеп тұрыңыз

- Дәнді дақылдарды аптасына кемінде екі рет жеп тұрыңыз

- Мультивитаминдер ішіңіз

- Белгіленген уақытта тамақтаныңыз

- Кешкі асты ұйқыға дейін 3 сағат алдын ішіңіз

- Артық тамақтанбаңыз

- Ақуыз, май және көмірсу тепе -теңдігін сақтаңыз

- Астан соң бірден кофе ішпеңіз

#Денсаулықаманат


Сенің ортаны өзгертемін дегенің неғайбыл. Орта сені өзгертеді.

Сондықтан көңіл күйі көтеріңкі, жоспарлары айқын, ертеңгі күннен тек жақсылық күтетін, амбициясы жоғары ортада жүр, жұмыс істе, демал. Өзіңе жасай алатын ең үлкен сыйлығың – осы. Өйткені ортаң саған бейсаналы түрде әсер етеді. Саған қажет емес, уақытыңды өлтіретін, ешқандай позитив бере алмайтын, алға жылжытпайтын орталардан қаш. Ешкімге де өмір бойы шағымын тыңдауға уәде берген жоқсың. Сенің өмірің – тым бағалы.

Адам нені тұтынса, соған айналады. Адам кіммен араласса, соған ұқсап кетеді


🔥Жасөспірімдер ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН 9 СЕБЕП:

1. өз көзқарасы үшін күресу
2. оқуды жақсы көру
3. өзін-өзі дамыту
4. болашақ туралы ойлау
5. тілдерді үйрену
6. құқығы жоқтарды қорғау
7. бұрынғыдай болғың келмейді
8. қоршаған ортаға алаңдау
9. олардың барлығы жеке тұлғалар. бірегей және қайталанбас


✔️1 миль – 4 минут» – сенімдердің қалай өзгеретінін көрсеткен оқиға. Көп жағдайда біз «мүмкін емес» деп ойлаған нәрселер жүзеге асып кетіп жатады.

🔽Мыңдаған жылдар бойы адамдар бір милді 4 минутта жүгіріп өту мүмкін емес деп санап келген. Ал Роджер Гилберт Баннистер 1904 жылы бұл көзқарастың тас талқанын шығарған.

⚡️Ол бір миль қашықтықты 4 минут ішінде кесіп өткен. Роджер оның жеңісінің себебі тек ауыр жаттығу ғана емес, үнемі өзін сол санды бұзатынын елестетіп, оның мүмкін екеніне сенген.

☄️Оған қоса Роджер бұл рекордты бір жылдың ішінде, спорт карьерасының соңында яғни, отыз жеті жасында бұзған. Оның тәжірибесі адамдарға күшті үлгі, ориентация «reference point» (точка отсчета) болды.
Әлемдік рекорд орнатқан адамдарда да тылсым биологиялық қабілеттер болмаған. Олар бар болғаны өздерінің ойлары мен сенімдерін өзгерткен.


ТАБЫСҚА ЖЕТКІЗУ ҮШІН БАСЫҢЫЗДАН ШЫҒУ КЕРЕК ОЙЛАР:

1. егер?
2. Егер мен бәрін дұрыс істемесем ше?
3. егер мен бірдеңені дұрыс істемей, оны түсінбей қалсам ше?
4. егер мен лайық болмасам ше?
5. егер мен өзімді дұрыс емес ұстасам ше?
6. егер олар маған көңілі толмаса ше?
7. бәрі бекер болса ше?




қанша жаста болсаңыз да, бір жылда сіз өмір бойы сізді бейнелейтін нәрсені жасай аласыз. Ұйықтар алдында армандаған болашақ үшін бір жылдық күш-жігеріңізді құрбан етіңіз.✨


⌛️Уақыт – қылыш. Егер сен оны шаппайтын болсаң, ол сені шабады.

🔴Біреулер институтты 22 жасында бітіреді, бірақ үш жыл күтіп, жұмыс іздеумен болады.
🟢Біреу 25-інде сәтті режиссер атанып, бірақ 50-де қайтыс болады.
🔴Біреу 50-де директор болып, бірақ 90-да қайтыс болады.
🟢Біреу әлі жалғыз, ал біреудің отбасы мен балалары бар.
🔴Макрон 39-да, Роберт Мугабе 63-інде президент болды.
🟢Шумахер 25 жасында чемпион атанды.
🔴Нино Фарино өзінің 44 жасында алғашқы жарысын жеңіп алды.
🟢Уоррен Баффет 56 жасында миллиардер атанды және Цукерберг 23-те.
🔴Кайли Дженнер жас миллиардер ерлерді артта қалдырып, 21 жасында ең жас қыз миллиардер болды.
🟢Атақты ирландиялық Артурдың 56 жасында 21 баласы болды, ал Джордж Клуни 55 жасында алғаш әке атанды.

💯Әлемде әркім өз уақытында, өз жарысында, өз жолымен жүреді. Уақыт – бұл айырмашылық. Әлемдегі барлық нәрсе өз уақыт белдеуі негізінде жұмыс істейді. Сіздің достарыңыз сіздің алдыңызда болуы мүмкін, ал бірі артыңызда. Мұның бәрі табиғи нәрсе. Уақыт белдеуінде әркімнің өз қашықтығы «болады. Қызғанбаңыз,салыстырмаңыз,олар өз уақыт белдеуінде және сіз өз жолыңыздасыз. Өмір – бұл сәт!»

Анық қадам бас
📌


Халил Джибран айтқандай, «жайлылық бізге қызмет етемін деп келіп, қожайынымызға айналады».


📎Бүтінде осыдан көп жыл бұрынғыға қарағанда, адамдар үшін жасалып жатқан игіліктер мен мүмкіндіктер көбірек. Бірақ осы жайлылық адамды босаңсытады. Бəрі алдыңда жайрап тұрса, əлденеге талпынудың не қажеті бар?! Мұндай жағдайлар сені тəуекелге бел бууға, білек сыбана еңбек етуге итермелемейді.

✨Себебі, сені ештеңе қамшыламайды. Барлық жағдайды жасап қойған. Ал шын мəнісінде тəуекелге бел буу мен əлденені көбірек атқару сияқты қасиеттер, күн сайын өнімді жұмыс жасауға ынталандырады əрі еңбекке деген құлшынысты туындатады.

Бәріде өз қолыңда🎤

Показано 20 последних публикаций.