Кітап үзіндісі


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Книги


Бұл каналда кітап үзінділермен бөлісіп отырамын.
Каналға үзінді жіберу, ВП, сұрақтар: @RamazanNurmukhamedov

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций


Билiк сайлау атаулыдан қорқады. Әкім сайлауынан да, Парламент сайлауынан да, мәслихат сайлауынан да қорқады. Конституцияның кеудесiне демократия демін салудан қорқады. Үш адамның басы қосылған топтан қорқады. Оппозициядан зәресі қалмай қорқады. Буштан қорқады. Путиннен үркеді. Қытайдан шошиды. Күнін әрең көріп жүрген өзбек-акадан жасқанады. Ол Қазақтан ғана қорықпайды. Қазақтың шыдамды көмпістігін, кешірімшілдігін ездік, ынжықтық деп санайды. Оның шыдамы біткенде шарт сынатын мінезінің бар екенін қаперіне алар емес. Қорқытатын да, қорғайтын да қуатты қалқан жуас қазақ екенін ұмытқан. Біздің билiк «Үйде батыр, жауға жоқ, үйде шешен дауға жоқ».

Амангелді Керімтаев "Жиған-Терген"

Қазақстанның белгiлi бiр қоғам қайраткерiнiң пiкiрi бойынша: “Оппозициялық ортаны қалыптастырған елiмiздегi билiк жүйесiнiң Жабық Акционерлiк Қоғамға айналып кеткенi. Оны көпке ортақ ашық қоғамға айналдырмауды билiк битiн салып қорғайды. Алпыс айлалы кедергi қойылған. Оны бұзу Қытай қорғанын алудан қиын. ЖАҚтың акциялары iрiктелген таңдаулы топтың қолында. Бас пакет ЖАҚтың Бас акционерiнiң уысында. Жабық қоғамның есiк-терезесi де басқаларға жабық. Тас қапас. Тiптi сәуле де түспейдi, ауа да кiрмейдi. Мелшиген меңiреулiк орнаған. Мезгiлсiз жақ ашуға болмайды. Көнбегеннiң мойны үзiледi. Әдетте ондай мекеннiң тұрғындарында iштей болса да наразылықтың шоғы қоздай бастайды. Келе-келе мылқау наразылыққа үн бiтiп, күн шуағын көргiсi, таза ауаны жұтқысы келетiнiн айтуға кiрiседi. Әрине мұндай батылдық жабық қоғамның басшыларына ұнамайды. Талапқа табу салынады да наразылық отына май құйылады. Сонымен Жабық Қоғамның жаңа заман талаптарына сәйкес өмiр сүруге икемiнiң жоқ екенiн сол Қоғамның кейбiр өз мүшелерi бiлдiредi. Қазақстанның соңғы он шақты жылдардағы оппозициялық ой-пiкiрi жоғарғы билiктiң қойнауында қалыптасатын ерекшелiк пайда болды. Өзге емес билiктiң өзi оппозициялық қайраткерлердiң қалыптасуына “қолайлы” жағдай жасап берiп отыр”.

Амангелді Керімтаев "Жиған-Терген"

Ағылшындар: “Менi бiр рет алдаған адамның өзiне ұят. Егер мен өзiмдi алдаған адамға екiншi рет алдансам, онда өзiме ұят”-дейдi екен.

Амангелді Керімтаев "Жиған-Терген"

Сен қандай адамды жақсы адам дер едiң? Көп қазақтың түсiнiгiнде басқаға зияны жоқ адамды жақсы адам дейдi. Бұл түсiнiктiң төркiнiне тереңірек үңiлсек, оның қате тұжырым екенiне көз жеткiзу қиын емес. Ешбір жанға зияны жоқ адамды жақсылардың қатарына жатқызу жақсыларға жасалған қиянат деп ойламайсың ба? Жақсы адам деп, өзiне де, өзгеге де, солар арқылы қоғамға пайда тигiзетiн әдiл, адал адамды атаған дұрыс.

Амангелді Керімтаев "Жиған-Терген"

https://t.me/kitap_uzindisi


Қымызды кім ішпейді, қызға кім қырындамайды? Қырындады екен деп кез келген ортада қылымси қалу қыздың соры.
Жер—жерде жезөкшелiк өршіп барады. Себебін сұрасаң, жұмыссыздыққа саяды. Бұл — қате ұғым. Абыройын сатып тамақ асырағанша, көшеге шығып қара су сат — сол зейнет. Бұл дерт асқына берсе, ұлттың болашағына төнген қатер. Ұтымыздың келешегі — бүгінгі қыз—келіншектердің қолында тұр. Қай ұрпақ қағанақты жарып шықпай, қара жерді тесіп шықты дейсің.
Жақсы ұл — жақсы махаббатан туады.
Махаббатын әр көшеде үлестіріп жүргендердің етегінен ел тізгінін ұстар бала туар ма?
Күріш азса күрмек болады, әйел азса жүрдек болады.
Сенің ұятың — иісі қазағыңның намысы.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

https://t.me/kitap_uzindisi


Кітап үзіндісі:
Жаңа заманның мағынасын біздің ішімізде теріс түсініп жүргендер бар. «Мен – коммунист. Маған қазағы да, орысы да бәрі — бір» — деушілер табылады. Бірақ бұл секілді сөзді айтушылар – орысқа да, қазаққа да пайдасыз адам болып шығады.

© Смағұл Сәдуақасұлы

"Алаш айтқан асыл сөз" кітабынан үзінді

Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?!

© Мұхтар Əуезов

"Алаш айтқан асыл сөз" кітабынан үзінді


Көп балалы бір үй өртеніп жатыпты. Әлгі өрттің үстінен ұшқан қарақұс: — «Ертеңгі күні балалары аман қалса, маған маза бермес. Ұямды бұзып, тұқымымды құртар, одан да тамтығы қатмай жанып кетсін», — деп тұмсығына қысқан бір тал шөпті әлгі өрттің үстіне тастайды.
Қарақұстың соңынан айыр құйрық қарлығаш ұшып келе жатады. Лаулап жанған үйді көріп: — «Алла, айналайындар—ай, менің балапандарым секілді сары үрпек балалары шырылдап қалған екен. Балапандарым қанаттанып ұшқанша үйін жықпай, көшпей отыратын мейірімді жандар еді. Отты сөндірейін», — деп аузындағы бір тамшы суды тамызады.
Қарақұстың тастаған бір тат шөбiнен ол үй одан әрі өртене түскен жоқ, қарлығаш тамызған бір тамшы судан əрине өше қалған жоқ. Әңгіме көңілде, пейілде, ниетте ғой...

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

https://t.me/kitap_uzindisi


Білім мен байлықтың қайсысын таңдарын білмей жол айрығында тұрған жасөспірім бір ғұламаға келіп, ақыл сұраған екен. Сонда ғұлама білімнің артықтығын он түрлі дәлелмен бейнелепті. Құлақ түрші, балаларым.

Біріншіден, білім бұл пайғамбардан қалған мирас, ал байлық бақылдардан қалған мұра.

Екіншіден, білім сені бағады, ал байлықты сен бағасың.

Үшіншіден, білім досыңды көбейтеді, ал байлық дұшпаныңды арттырады.

Төртіншіден, білім іздеген сайын көбейе, молая береді, жұмсағанмен азаймайды, ал байлық жұмсасаң азаяды, кемиді, жойылады.

Бесіншіден, білімді ұрыдан қорғаудың қажеті жоқ, ал мал—мүлікті, дүниені, жиған—терген байлықты ұрылардан күнде қорғайсың.

Алтыншыдан, білімің көп болса, ел сені құрмет тұтады, ал байлығың мол болса қызғанады.

Жетіншіден, білімге есеп—қисап жүргізбейсің, ал байлығыңды күнде есептеп отыруың кажет.

Сегізіншіден, білім қаншама көп болғанымен іріп—шіріп бүлінбейді, ал байлық бір жұттық — өледі, жоғалады.

Тоғызыншыдан, бiлiм жан дүниеңді байытады, ал байлық қиялыңды, көзқарасыңды шектейді, тура жолдан тайдырады.

Оныншыдан, білімді адам мәдениетті, әдепті, адамгершілікті болады, ал байлығы мол адам мақтанады, әркімге астамшылық көрсетеді.

Таразының қай басы ауыр тартқанын өздерің бағамдай жатарсыңдар...

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

Бір баласы бардың шығар—шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың болар—болмас халі бар,
Үш баласы бардың үш рулы елде малы бар,
Төрт баласы бардың төрт құбыласы тең болар.
Бес баласы бардың ешкімге дес бермейтін жөні бар, — деген.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

«Артына ала шаң еріткен ұлы бәйгелерде бас жүлдені бермейтін бір тұлпар батпаққа батып жатыр екен», — дейді халық даналығы.
Жанына дүйім халық жиналыпты. Шу—шулейдi, сауырға ұрады, бастан сүйрейді. Дәрмен жоқ. Керісінше, қайран тұлпар суырма батпаққа одан әрмен бата түседі. Сәске болды, қызыл бояуын ертіп іңір жақындады. Ел дағдарып, ақылман бір қарияға осылай да осылай деп ат шаптырады. Сонда жеделдетіп жеткен ақылман айтты дейді:
— Ей, халқым, тұлпарды қамшылап сендерге не болған? Ол оған намыс емес пе? Қайта одан сайын батпаққа бата түседі. Мұны құтқарудың жалғыз—ақ жолы қалды. Қазір үйір—үйір жылқыны қиқу сап жанынан қуып өтіңдер. Бұл деген аруақты ат қой. Сонда ғана өзін—өзі шығарар, — депті. Өңшең қыл құйрықты қасынан даланы дүбірге бөлеп шапқанда әлгі тұлпар шыңғырып кісінеп қап, басын ғана қылтитып қойған батпақтан атып шықты, — дейді.
Кейде замананың батпағына батып қалатын даламның арыс ұлдары—ай, бір—біріңді қиқу сап осылай демеп жүрсеңдерші...

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."


1. Жеті қат көкке жататындар: Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Қызыл жұлдыз (Марс), Юпитер, Сатурн.
2. Жеті ғалам: Күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан — жоғары ғалам, жер — орта ғалам, жер асты — төменгі ғалам.
3. Жеті ғашық: Ләйлі—Мәжнүн, Жүсіп—Злиха, Фархат—Шырын, Сейпіл—Мәлік—Жамат, Таһир—Зухра, Қозы Көрпеш—Баян сұлу, Бозжігіт—Ануаз.
4. Жеті мүше: Бас, екі қол, екі аяқ, кеуде, іш.
5. Жеті жұт: Зілзала, соғыс, өрт, сел, қyаңшылық, індет, ақ қар—көк мұз.
6. Жеті амал: Күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, тоқсанның кіруі, айдың тоғамы.
7. Жеті қазына — жүйрік ат, қаққыш тазы, алғыр қыран, түзу мылтық, қарақазан, алмас кездік, шаңырақ. Бабадан қалған бағзы сырды ұмыта көрмеңдер...

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

https://t.me/kitap_uzindisi


АЙНАЛАЙЫН, келін түсіру әр шаңырақ үшін үлкен мәртебе.
«Жақсы үйге түскен келін — келін, жаман үйге түскен келін — келсат» дейді бұрынғылар.
Жақсы үй деген не? Есіктен имене аттаған ұлыңның ақ жұмыртқадай қосағын бауырыңа тартып, өзімсініп сөйлеп, білгенін асырып, білмегенін жасырып, үй ұстауды, тамақ пісіруді, кір жууды, қонақ күтуді, бала тәрбиелеуді рет—ретімен санасына сіңіріп аналық махаббатыңа бөлесең — өз балаңнан кем емес. Сырласыңа, қиналғанда мұңдасыңа айналады. Бұл — келін.
Ғұмыр бойы сені ойлап өтеді.
Ал, босаға аттаған күннен бастап ысқырынып, құйған — шәйі, істеген — ісін, киген — киімін, жүріс—тұрысын жаратпай, қабағыңмен жасқап, «Албастының апасы құсамай, тұршы былай» — деп жұрт көзінше ұялтып, балаңа айдап салып, көршілерге жамандап жатсаң — бұл келсап.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні "Айналайындарым менің..."

https://t.me/kitap_uzindisi


АЙНАЛАЙЫН, мінездің адамына қарай алуан түрі бар.
Бесік пен көрдің, есік пен тердің арасында пенде шіркін кіммен кездеспейді, дәмдес, сапарлас болмайды, қаншама мінезбен жолықпайды десеңізші!

Жақсының жүзі жақсы жарқылдаған,
Жақсыда еш сыр қалмас айтылмаған.
Сұңқарга жұмыртқасын шайқапсаң да,
Қарғадан қарға туар қарқылдаған.

Осы бір шумақ өлеңнің өзінде талай—талай сыр жатыр. Көгентүп кенелер адамның келбетіне, бас қондырысына, көзіне, сөзіне, дене бітіміне қарап мінезін таныған, баға берген.

Жібектей есілген мінез — үй—ішіне, айналасына жұғымды, қайырымды, мейірімді, үлкенді—құрметтеп, кішіні—ізеттеп, кісі бетіне жет болып тимей тұратын кішіпейіл адамға тән.

Тентек — ұрыншақ, періншек, көп нәрсенің байыбына бармай, барса да ақырын тоспай айтып тастайтын, қағу көрмей өскен, тыюсыз, әлі жеткенді ұрып жіберуден тайынбайтын адам. Халық кейде біреулерді «ақылды тентек қой» деп те жатады.

Дөкір — сезімі аз, өзіне сенімі мол, көп сөзге жоқ дүңк етпе, обал—сауаппен санаса бермейтін, тоңмойын, тамырық адамға тән.

Кесір — жөн істі теріске балап, өз пікірімен ғана есептесіп, әр сөзге кесірленіп, қитығып, атдағанға көнбейтін, айдағанға жүрмейтін адамға тән.

Кербез — бойын түзеп, баптанып, кез келген ортада әсем көрінгенсіп, жақсыны—киіп, жылтырақты—жиып, сөйлеген сөзі, істеген ісі ішіңді пыстыратын адамға тән.

Паң — тал бойына кісі баласын шақ тұтпай, тең санамай астамсып қарайтын күпірлігі көп адамға тән. Әкесі Сағынайға әйгілі ас беретін паң Нұрмағамбет сәлем берген кісіге аяғын ұсынатын болған.

Мақтаншақ — жел сезге әуес, жоғын бардай, түйірін—нардай ғып көрсетіп, болмасты—болдырып, оңбасты—оңдырып, ауызбен қырман толтырып, жақсы атансам деген адамға тән.

Ерке — сөзінен де, ісінен де еркіндіктің, ойнақылықтың, уайымсыздықтың лебі есіп тұратын адамға тән.

Тура мінез — қара қылды қақ жарып бұлтақсыз сөйлейтін, шыншыл, тәуекетшіл, қиянат, өсекаяңға жаны қас адамға тән.

Шапшаңшыл — ыстылай қауып айтып қалатын, асығыстау іс тындыратын, төзiмi аздау; тыпырлап қалған тынымсыз адамға тән.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."


Кітап үзіндісі:
...түйенің иесі — Ойсылқара, жылқының иесі — Қамбар ата, сиырдың иесі — Зеңгі баба,
қойдікі — Шопан ата,
ешкінікі — Шекшек ата.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

АЙНАЛАЙЫН, халқымызбен бірге ежелден жасасып келе жатқан, санасына жазылып қалған тыйым заңдары бар. Ол жасқа да, жасамысқа да ортақ. Адамаралық қарым—қатынастан, табиғат пен оның тылсым құпияларының сырына үңілуден туған бұл шектеу — даналықтардың ұлы мәдениетінің бір көрінісі. Әрі—беріден соң бұл әдеп, иба, тәртіп. Мұны қазіргі көзқараспен айтсақ, ТАБУ деп қабылдаған жөн.
Кейінгі жастарға үлгі—өнеге болсын, сол тыйым заңдарының бірсыпырасын себеп—салдарымен қоса айтып өтейін.
Үйге атпен шаппа — бұл жау таяп қалғанда не өлімді хабарлағанда ғана болатын жағдай.
Жасы үлкеннің алдын кеспе, сөзін бөлме бұл — құрмет.
Бас киіммен ойнама, біреуге сыйлама қонған бақтан айрыласың, басың бірікпейді.
Ошаққа су құйма — өз отыңды өзің өшірме. Бос бесікті тербетпе — ұрпақсыз қаласың.
Жылқының құйрық, жалын күземе — тұл қалғанның белгісі.
Малды басқа ұрма, теппе — ырысыңнан айрыласың.
Кешқұрым ұйықтама — жын—пері көшетін кез. Айға қолыңды шошайтпа — қасиетті.
Жерге түкірме — Жер—Ана, анасының бетіне ешкім түкірмейді.
Нанды баспа — киесі ұрады. Түнде суға барма — суперісі қағуы ықтимал. Екі бүйіріңді таянба — қайғы, қасірет белгісі.
Бөгде адамнан қайда барасың? — деп сұрама — көргенсіздік.
Сорпа, шайды үрлеп ішпе — дегбірсіздік. Жай отырып уһілеме — уайым, қайғы шақыру. Қолыңды төбеңе қойма — дүниеден безіну. Табаныңды тартпа — бейнет шақыру. Таңдайыңды тақылдатпа — жаман ырым.
Өтірік жылама — құдай шын жылатайын десе қиын емес.
Жерді таянба — торығу. Босағаны керме — жазаланудың белгісі.
Табалдырықта тұрма — суыт хабар жеткізгеннің белгісі, төр киеті, табалдырық ұнамсыздау орын.
Кісіге қарап есінеме — әдепсіздік.
Кісінің басынан кертұқыл алма — басынан тоқпақ кетпейді.
Күйеубала қайын жұртына барғанда бас ұстамаған, дастарханға бата бермеген, сүйекке түспеген.
Келін атасымен, қайнағаларымен қол алысып амандаспаған — әдепсіздік саналған.
Әр тыйым заңының астарында халқымыздың өмірлік пәлсапасы жатқан жоқ па?...

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

АЙНАЛАЙЫН, тіршіліктің алуан сырын оймен өлшеп, көңілмен таразылап отыратын ата—бабамыздың енді үш аша пәлсапасына зейін қойшы.

Үш қадірлі — ырыс, бақ, дәулет;

үш қадірсіз — жастық шақ, денсаулық, жақсы әйел;

үш үміт — сауығамын деген аурудың үміті, байимын деген кедейдің үміті, кетемін деген қыздың үміті;

үш қазына: ер қазынасы — жүрген із, ет қазынасы — көнекөз, тіл қазынасы — ескі сөз;

үш мұрат: сауда мұраты — ұту, жол мұраты — жету, дау мұраты — біту;

үш байлық — денсаулық, ақ жаулық, он саулық;

үш ана: бұлақ — су анасы, тұяқ — жол анасы, құлақ — сөз анасы;

үш дауасыз: тумақ дауасыз, кәрілік дауасыз, өлмек дауасыз;

үш тұт: қайратсыз — ау тұз, тұрлаусыз — ғашық тұл, шәкіртсіз — ғалым тұл;

үш арсыз — күлкі, ұйқы, тамақ;

үш алыс — көк пен жер арасы, жас пен кәрі арасы, жақсы мен жаман арасы;

үш ғайып — дидар ғайып, нәпсі ғайып, несіп ғайып;

үш қасиет: өліде — аруақ, тіріде — кие, аста — кепиет;

үш тоқтам — ой, ақыл, шешім;

үш кемшілік — атың жаман болса — жазғанның азабы, алғаның жаман болса — дүниенің тозағы, балаң жаман болса — көрінгеннің мазағы.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."


АЙНАЛАЙЫН, Төле биге сәлем бере кетген әрі батыр, әрі шешен Шақшақ Жәнібек:
—Түзу мылтық, ұшқыр құс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Бозбала болып ерлік қылайын ба, үлгі алып билік құрайын ба? — деп сұрайды емес пе. Сонда Төле би:
— Өгізді өрге салма, қанатың татар. Наданға көзіңді салма, сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер, дұшпанға сырыңды айтпа, түбіңе жетер. Қару жисаң мылтық жи, жаяу жүрсең — таяқ, қарның ашса — тамақ. Ит жүгіртіп, құс салсаң әуейі боларсың. Әйел алсаң, көркіне қызықпа, тектіні ат. Мақтаншақ жігіт жисаң — ұятқа қалдырар. Ұрыншақ ат жаз жарға жығар, қыс қарға жығар. Тымау түбі құрт болар, тұман түбі жұт болар. Елге бай құт емес, би құт. Қабырғадан қар жауса, атан менен нарға күш, ет шетіне жау келсе, батыр менен биге күш. Қарап отырғанша бір нәрсеге жарап отыр, кәсіп болмай нәсіп болмас, ұлым, — деген.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."


Ер жігіттің бағы да, соры да – әйел. Текті жерден қыз алсаң – бағың, тексіз жерден қыз алсаң – сорың.

Тұрсынбек Алиұлы "Ауаға оралу"

Бір аққұманнан төрт кесеге шай құюға болады ғой, керісінше істей алмайсың. Төрт кеседегі шай, бөлек-бөлек тап-таза болып тұра береді, ал керісінше, төрт кеседен бір аққұманға құйған шай араласып кетеді.

Еркек пен әйел де сондай. Бір еркектің ұрығын төрт қатын төрт бала қылып, тауып бере алады. Ал төрт еркектің ұрығын бір қатын төрт бала қылып, тауып бере алмайды.

Тұрсынбек Алиұлы "Ауаға оралу"

- Ешқашан да әйел затына сенуші болма. Оған ешқашан сырыңды айтушы болма. Күндердің күні болғанда, ұрсысып немесе ренжісіп қалсаң, кетіссеңдер, барлық құпияңды, сырыңды жұртқа жаяды, - деді ол.

- Оны білемін, - дедім. - Менің халқымда «астыңдағы атыңа сенбе, қойныңдағы қатыныңа сенбе» деген мақал бар.

- Қандай керемет, дұрыс айтылған мақал. Күшті мақал!

Қуанғанынан қолымды қатты қысып-қысып қойды.

Тұрсынбек Алиұлы "Ауаға оралу"

Адам баласы өзіне берілген қамшының сабындай ғана қысқа өмірді мәнді де, сәнді, жұмақтай қылып өткізудің орнына неше түрлі ақылға сыйымсыз бірдеңелерді ойлап тауып алып, сол жолда өз өмірін тозаққа айналдырып, мән-мағынасыз күн кешетіні неліктен?

Алдау-арбау, іштарлық пен көреалмаушылық, байлыққа құмарлық неге қарапайымдылықтан басым түсіп жатады?

Өз-өзін түрмеге де қамап, бір-бірін алдап-арбап, зорлық-зомбылық көрсетіп, қанап, қинап, құдайдың қаһарынан қорықпай, шайтанның азғыруына еретіндіктері несі екен?

Тұрсынбек Алиұлы "Ауаға оралу"


Кітап үзіндісі:
Банк те адамдарды тонап жатқан жоқ па? Бұларын олар мәдениетті түрде істеп жатыр. Ал біз қылмыстық жолмен істейміз. Айырмасы шамалы. Екеуі де – тонау.

Тұрсынбек Алиұлы "Ауаға оралу"

Баяғыда қазақтарға ашаршылық келіп, халықтың жартысы қырылып қалған. Бір уыс бидайға бір кесе алтын-күміс беретіндер болыпты. Сонда бір байдың қызы әбден ашығып, жеуге түк таппай «арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен» деп айтыпты деп отырушы еді әжем.

Тұрсынбек Алиұлы "Ауаға оралу"

Адам баласы өзіне берілген қамшының сабындай ғана қысқа өмірді мәнді де, сәнді, жұмақтай қылып өткізудің орнына неше түрлі ақылға сыйымсыз бірдеңелерді ойлап тауып алып, сол жолда өз өмірін тозаққа айналдырып, мән-мағынасыз күн кешетіні неліктен?

Алдау-арбау, іштарлық пен көреалмаушылық, байлыққа құмарлық неге қарапайымдылықтан басым түсіп жатады?

Өз-өзін түрмеге де қамап, бір-бірін алдап-арбап, зорлық-зомбылық көрсетіп, қанап, қинап, құдайдың қаһарынан қорықпай, шайтанның азғыруына еретіндіктері несі екен?

Тұрсынбек Алиұлы "Ауаға оралу"


Шалқайма төрінде қонақ ғып отырып Асау Бөкен биден:
– Би аға, жігіттің неше жұрты бар? — деп сұрайды. Бөкен:
— Өзің қанша жұрты бар деп білесің? — деп өзіне сауал тастайды. Асау:
— Өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты бар деп айтады, өз жұрты күншіл, нағашы жұрты сыншыл, қайын жұрты мiншiл келеді деп айтады, — дейді.
Бөкен:
— Асаужан-ай, әлі де аз біледі екенсің ғой, жігітті күндемейтін, сынамайтын, мінемейтін бір жұрты бар, ол Алаштың азаматы ғой, — депті.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

https://t.me/kitap_uzindisi


Кітап үзіндісі:
«Жүзге бөлінгеннің жүзі жансын» деген Ғабит Мүсірепов.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

Ұлыңды — жарығым, қызыңды — жалғызым деп, ішер — тамақ, киер—киімге тарықтырмай, қалтасына ақша тығып, сүт бетіне қаймақ ғып құр мәпелеу бұл тәрбие емес. Ұлтымыздың ар—иманын, ынсап—қанағатын бойына сіңірмей өскен ұрпақ алдымен ата—анасының, сосын өз бетін шиедей етеді.

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."


Жас ұрпағым, бір терек кессең орнына екі тат қада. Бұл сенің табиғат — Анаңның алдындағы перзенттік парызың. Сол талдың басына қонған бозторғай шырылын — ұлы өмірдің жасампаз әні деп біл...

Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
"Айналайындарым менің..."

https://t.me/kitap_uzindisi


Кеше ғана жап-жақсы адам болып жүрген біреу қолы байлыққа жете қалса, қызметі өссе шіреніп, сені танымай шыға келеді.
«Ей, топас, байлық та, қызмет те қолдың кірі емес пе, бүгін бар да ертең жоқ, кішкене түс жерге» деп айтқың келіп кетеді.

Тұрсынбек Əлиұлы "Австралияда нең, бар еді құлыным?!"

https://t.me/kitap_uzindisi


Негізі «ата-ананың көңілі - балада, баланың көңілі – далада» деген нақыл сөз бар ғой. Сол шын сөз.

Неге олай?

Ең бірінші адамдар Адам Ата мен Һауа ананың әке-шешесі болмаған. Сондықтан олардың ата-анасына деген ешқандай сезімінің болмауы да заңды. Олар барлық махаббатын, ыстық сезімі мен пейілін балаларына арнаған. Осы жағдай адамның генінде қалып қойған. Яғни, сен өз балаларың дегенде өліп-өшіп тұрасың да, ата-анаңды ойлап, бас қатыра бермейсің. Барлық адамдар сүйтеді.

Тұрсынбек Алиұлы "Ауаға оралу"


Ғабит Мүсiрепов “Адамға кезiнде көрсетiлмеген жақсылық та зиян”-деген екен.

Амангелді Керімтаев "Жиған-Терген"

https://t.me/kitap_uzindisi

Дүниенiң бар қызығынан құр қалсаң да осы әдеттен бойыңды аулақ ұста. Адамның өзiн қоршаған ортаға сүйкiмiн кетiретiн ең сұмырай мiнез-жағымпаздық. Өз ортаңда жағымпаз атансаң, сенi өзге түгiл өзегiңдi жарып шыққан өз ұлың да сыйламайды.

Амангелді Керімтаев "Жиған-Терген"

https://t.me/kitap_uzindisi

Адамның табиғатына мақтану жат қылық емес. Мақтана бiлу керек. Досыңмен мақтан. Қазақпен мақтан. Халқыңның басқа жұрт таңданатын тамаша әдет-ғұрыптарымен мақтан. Бұл отансүйгiштiкпен тамыры ұштасатын мақтандар. Мұндай мақтан үшiн сенi ешкiм табалай алмайды. Ал, мазаққа қалғың кесе, өзiңдi өзiң мақта, болымсыз iс тындырғанда жалпақ жұртқа жариялауға дайын тұр. Егер бұдан кейiн күлкiге қалмасаң, мазаққа ұшырамасаң, қалаған бәсiңдi беруге мен дайынмын.

Амангелді Керімтаев "Жиған-Терген"

https://t.me/kitap_uzindisi


Кассаның ақшасы — халық ақшасы. Кассаның ұстауы бойынша, бұл ақша беріледі кедейге екі тамаққа – ашаршылықта һәм ғайри қазақтарға жұттан һәм дерттен шаруасы күйзелсе. Бұл ақшаны бөтен жаққа ұстаған күнә. «Халыққа пайда қылам» деп халықты тонауға қол қойған құдыққа түкірмеңіз, мырзалар! Дәм атар! Халықты тонамаңыз.

© Әлихан Бөкейхан

"Алаш айтқан асыл сөз" кітабынан үзінді

Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын? Бала деп бағып оқытып, адам қылғаннан кейін жұртым деп танымаса, сонда өкпелеу жөн ғой. Аталық міндетін атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштымын деп жүрген қазақ баласы жоқ.

© Ахмет Байтұрсынұлы

"Алаш айтқан асыл сөз" кітабынан үзінді

Әрбір адам өзінің халқы үшін қызмет етсе, оның ісі үй-ішіне де, ағайын-туысына да, халқына да пайдалы болады. Демек, отанды, ұлтты жаңғырту үшін әр адам өзіне тиісті сеніммен атқару керек.

© Ғұмар Қарашұлы

"Алаш айтқан асыл сөз" кітабынан үзінді


— Қазақта осы неге жеңіл жүрісті әйелдерге қатысты сөздер жоқ екен? — дейді бір ой.
— Бар ғой, — дейді бір ой.
— Қандай?
— Жәлеп!
— Қой, жәлеп деген қазақтың сөзі емес, өзбектікі, — дейді бір ой.
— Соған қарағанда бұрын қазақта жеңіл жүрісті, оң жақта отырып некесіз бала туып алатын қыз болмаған, — дейді бір ой.
— Дұрыс. Дұрыс. Болмаған соң ондай сөз де жоқ,- дейді бір ой.
Қазақ қызы бұрын бұндайды білмеген. Сондықтан қазақтың сөзінде ондай ұғым жоқ.
— Қазір ғана бірдеңелер шығып жатыр, — дейді бір ойым.

Тұрсынбек Əлиұлы "Австралияда нең, бар еді құлыным?!"

Показано 20 последних публикаций.