Репост из: DALA INSIDE
🪙 Қазақстан биткоин қорын құру туралы ойлана бастады
Бұл идея жабық есік жағдайында, Астанада шешім қабылдайтын азшылық арасында талқыланып көрген. «Дональд Трамптың сайлауалды бағдарламасында биткоинның стратегиялық қорын құру туралы уәде бар болатын. Трамп АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткеннен кейін, біздікілер де биткоинның болашағына кәдімгідей сене бастады» дейді, дереккөз.
Бірақ биткоин өсіп кетіп, осыдан Қазақстан үлкен пайда тауып, өзінің бюджеттік дефицит проблемасын шешіп алу шансы кәдімгідей маза бермей отыр. Дональд Трамп АҚШ-та «Биткоин туралы заң» (Bitcoin Act) қабылдаймыз деп нық сеніммен айтқан болатын. Ол ұсынып отырған заң жобасы бойынша АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі биткоин сатып алып, оны алтын немесе шетел валюталары сияқты резервтік актив ретінде сақтауға міндеттеледі. Бұл ұсыныс биткоинді стратегиялық резервтік активке айналдырады, ал АҚШ үкіметі биткоинның жалпы ұсынысының 5%-ына дейін иеленбек. Әлемде 19,7 миллион биткоин бар екенін ескерсек, онда ФРС 985 мың биткоин ұстап отырмақ. Қазір биткоинның бағасы 91 468 доллар, демек АҚШ-тың биткоин қорында 90 миллиард долларға парапар BTC жатуы мүмкін.
Қазақстан тарапы АҚШ-та осы заң қабылдана ма, әлде оған ФРС пен Конгресс қарсы болып өткізбей тастай ма, соны біле алмай отыр. Оны шынымен де ешкім білмейді. Бірақ, егер Трамп осы заңды өткізе алса, онда BTC бағасы кемінде 3-4 есе шарықтайтыны сөзсіз. Әлемде биткоин лихорадкасы басталады.
Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы қазіргі бағамы 498 екенін ескерсек, 1 биткоинның бүгінгі бағасы 45,55 миллион теңге. Егер Қазақстан 100 мың BTC сатып алса, оған 4,55 триллион теңге қажет болады. Ұлттық қорда ондай ақша бар. Ал келесі жылы Трамп АҚШ-та өзі ұсынған заңды Конгресске шығара бастаса, осы күтулерден ақ нарықта биткоин бағасы кемінде 160 мың долларға (79,68 миллион теңге) шарықтауы мүмкін. Онда біздің 100 мың BTC 7,96 триллион теңгеге бағаланып, сол кезде сатсақ 3,4 триллион теңге пайда түседі. Онымен бюджет жыртығын жамауға, немесе Ұлттық қор активтерін толтырып қоюға болады.
Қазір криптолоббистер Дональд Трамптың маңайына топтаса бастады. Криптомиллиардерлердің барлығы Трамп идеясын қос қолын көтеріп қолдауда. Себебі байлықтары еселенетін түсінікті.
Қазақстан осының бәрін бақылап, не істерін білмей отыр. Жақсы пайда табу мүмкіндігі де, мемлекет қаржысын желге шашу қаупі да бар. Жауапкершілік алатын тұлға да табылмайтын сияқты.
DALA INSIDE үшін бұл қызық тақырып. 1-2 жылдан кейін қазақ елі өзіне берілген тарихи мүмкіндікті жіберіп алды ма, жоқ әлде «сақтықта қорлық жоқ» деп асықпағаны дұрыс болды ма деген сұрақтың жауабын алатын боламыз. Бізбен бірге болыңыздар 👇
https://t.me/dalainside

«Тек тараптар бір нәрседен тартынып отыр. Ол жауапкершілік мәселесі. Мемлекеттік қаржыны биткоинға құйып жіберіп, ертең оның құны құлдырап кетсе кім жауап береді? Ешбір қаржылық орган, ешбір басшы өзіне мұндай жауапкершілік алғысы жоқ», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.