Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🗣️Қазақстан жыл сайын $640 млн-ға полимер түрлерін сатып алады - Асхат Хасенов
Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов компанияның жетістіктері туралы есеп берді, оның ішінде Қазақстандағы мұнай-газхимиясын дамыту жоспарларымен бөлісті.
Өз сөзінде ол елдегі полимерлер мен олардан жасалған өнімдердің импорты мәселесіне тоқталды.
Елімізде импорт көлемін азайту мақсатында мұнай-газхимиясы саласында ауқымды жобалар іске асырылуда: олардың ішінде полиэтилен, полиэтилентерефталат және карбамид өндіретін зауыт бар. Хасеновтың айтуынша, 2030 жылға қарай бұл жобалар ел экономикасына $13 млрд инвестиция әкелмек, құрылыс кезеңінде 15 мыңнан астам жұмыс орны және 2 мың тұрақты жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.
🖥: t.me/mazhilis_kz

«Жыл сайын полимерлерді сатып алуға 640 миллион доллардан астам қаражат жұмсалады. Қазіргі уақытта импорт 470 мың тоннаға жетті. 2023 жылы Қазақстанға 3,6 млрд АҚШ долларына дайын өнім әкелінді, бұл Қазақстанның жалпы импортының 6% тең. Негізгі позицияларға пластикалық бұйымдар ($1,28 млрд), пластик пен резеңкеден жасалған тауарлар ($ 1,26 млрд), резеңке бұйымдар ($1,1 млрд)», – деп атап өтті ол.