Маған және жақындарыма «ажал келіп жете ме?» деп қыбыр еткен оқиғадан, сытыр еткен сәттерден қорықпағын.
Өлімді ойлап, сары уайымға салынба!Себебі өлім мына дүниедегі себеп-салдар заңдылығына бағынса да, ол тағдырдың өзгермейтін жазмышы. Ажал тізгіні сенің қолыңда емес. Оны өз бақылауыма аламын деп тырыспа!
Өлімнің өзінен емес, өмірді мәнді сүре алмаудан қорық. Әсілінде, өмірі мәнге, ізгілікке толы адам үшін өлім сондай қорқынышты емес. Олай болса, кеудеңде жаның барда жаса, жақсылыққа ұмтыл, ғұмырыңды ізгілікпен кестеле.
Пәниден мәңгілікке көшкенде артыңда ғибратты ғұмыр, ұялмайтын өмір қалсын! Раббыңның құзырына жарқын жүзбен баруды ойла!
🩷
Қайрат Жолдыбай. Кемел адам📖