Соңғы кезде түк бітірмей жүрмін мен,
Бұрында да бітіргенім шамалы.
Айнымайды бір күніміз бір күннен,
Осылайша өмір өтіп барады.
Шертілмеген күйім де көп көңілде,
Солар үшін жанталасам, жортамын.
Адам құсап келгеніммен өмірге,
Түк бітірмей кетем бе деп қорқамын...
Бұрында да бітіргенім шамалы.
Айнымайды бір күніміз бір күннен,
Осылайша өмір өтіп барады.
Шертілмеген күйім де көп көңілде,
Солар үшін жанталасам, жортамын.
Адам құсап келгеніммен өмірге,
Түк бітірмей кетем бе деп қорқамын...