📌Құрметті оқырмандар!
«Біздің қызметкерлер» айдарының кезекті кейіпкері- Қарағанды облысы Балқаш қалалық соты әкімшісінің бас маманы Жумабекова Гүлшат Рымқызы.
🔸Г.Жумабекованың сот жүйесіндегі еңбек жолы 2007 жылы Балқаш қалалық сотының кеңсе маманы лауазымынан басталды.
2008 жылы жетекші маман болып, одан 2015 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Балқаш қалалық сотының сот әкімшісінің бас маманы лауазымында қызмет істеуде.
🔸Мемлекеттік қызметтің жалпы өтілі 17 жыл. Ұжымда Гүлшат Рымқызы лайықты құрметке ие, тез шешім қабылдай алады, белсенді, ашық, жүктелген міндеттерді кәсіби және жауапты орындайды.
🔸Сот жүйесіне қосқан үлесі, көпжылғы мінсіз әрі адал қызметі үшін, өзіне бекітіліп берілген жұмысты орындауда жауапкершілік пен тиянақтылық танытып, өз міндеттерін тиісті дәрежеде орындағаны үшін келесі марапаттарға ие болды:
🔸2018 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай» Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісінің «Алғыс хаты»;
2022 жылғы 24 маусымда «Судья және сот қызметкері күнін» мерекелеуге байланысты Қарағанды облыстық сот төрағасының «Алғыс хаты».
2024 жылы Балқаш қаласы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
🔸Сот жүйесінде жұмыс істеген уақыты ішінде, өзін жұмысқа жауаптылықпен қарайтын, кәсіби қызметкер ретінде көрсетті. Ұжымда сыйлы әріптес бола білсе, отбасында отағасы екеуі ұл-қыз тәрбиелеп, мейірімді ана, әже болып отыр.