Ерген Құмаров


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


🕌 Астана медресесі. 🇰🇿
🏢 İstanbul Fatih Sultan Üniversitesi. 🇹🇷

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Иә раббым маған құран кәрімді көбірек оқып, хатым етуіме күш қуат, сәттілік бергейсің. Өзіңнің кәләмыңды күнделікті оқудан, оған ой жүгіртуден, амал етуден мақрұм қыла көрме. Бұл құранды жүрегімнің көктемі, қайғы мұңымның сейілтушісі, ауруларымның шипасы қыла гөр 🤲

Лә хәулә уә лә қууәтә иллә билләһ










Құрметті бауырлар келіп жеткен қасиетті Рамазан айы құтты болсын. Осы күнге жеткізген Аллаһ тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Раббымыз отбасыларымызға, отанымызға аманшылық беріп, бұл айдың әр сәтін пайдалы өткізуімізді нәсіп етсін. Аллаһым жер бетінде зұлымдыққа ұшыраған барлық мұсылмандарға жар болсын.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
‎اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى سَيِّدِنَا مُحَمَّدٍ

Аллаһуммә салли 'алә сәиидинә Мухаммад


Егер өзіңе жақсырап қарағың келсе қолыңды топыраққа толтыр.
Расында сен содан жаратылдың,
соған ораласың және
сол жерден Алланың құзырына қайтадан шығарыласың

© Әбулфараж Әл жәузи ( Алла рақымына алсын).
📚 «التذكرة في الوعظ»


Репост из: Сырымбек Әділболатұлы
Қасиетті Құранмен қарым-қатынаста сақтау қажет әдептер:

1. Құранның үстіне кітап немесе қағаз қоймаңыз.

2. Құранға сүйенбеңіз.

3. Отырғанда, Құран алдында аяқтарыңызды созып отырмаңыз.

4. Құранның ішінде қағаз, ақша немесе басқа заттарды сақтамаңыз.

5. Құранды біреуге ұсынғанда құрметпен беріңіз, лақтырып немесе итеріп бермеңіз.

6. Құранды жерге қоймаңыз (тіпті кілемнің үстіне болса да).

7. Құранды күн сәулесі әсер етіп, бүлініп қалатын жерде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.

8. Құранды жастықтың астына қоймаңыз.

9. Құранды кез келген кітап сияқты немқұрайлы ұстамаңыз; Алланың сөзі екенін сезініп, құрметпен қараңыз.

10. Құранды досыңызға үстелден итеріп бермеңіз, оны әдеппен қолына беріңіз.

Құран – Алланың қасиетті кітабы. Оған деген құрмет – иманның белгісі.

©Шейх Ратиб ән-Наблуси


Атеисттер исламды мораль тұрғысынан сынағанды жақсы көреді… ал атеизмнің моральдық тұрғыдан қарағанда шынайы бейнесі қандай ???…
“ Бұрқан “ арнасы «атеизмге егжей-тегжейлі жауап» .






Бүгін Стамбул қаласындағы "Яуыз Селим" мешітінде ұстазымыз шейх Мухаммад Мужир әл-Хатибтың (Алла оны сақтасын) шамамен үш жарым жылға созылған "Сахих Муслим" хадистер жинағынан дәрістері аяқталды. Алланың қалауымен ол кісінің қолынан ижаза алу бұйырыпты. Аллаға шүкір!


غيبة الخلق إنما تكون من الغيبة عن الحق

Адамдарды ғайбаттауың - Хақ болған Аллаһтан ұзақтап кеткеніңнің белгісі


Бұл өлең жолдары адамгершілік пен адалдықты, кісі ақысын өтеп, әділдік жолымен жүруді насихаттайды. Әр жолын кеңірек талдап көрейік:

“Қажылар бул кунде жүр көп сарсаңда,”
Қазіргі заманда қажылыққа барып, діни парызын орындауға ұмтылатын адамдар көбейгенін баяндайды. Бірақ олардың арасында шынымен адал ниетпен барушылар аз болуы мүмкін деген ойда.

“Екі ұйдің бірі қажы бұл қарсаңда.”
Бұнда қажылыққа бару кеңінен таралғаны және оны орындаған адамдардың көбейгені туралы айтылған. Бірақ бұл сандардың көп болуы шынайы адалдық пен рухани тазалықты білдірмейді.

“Өтемей кісі ақысын құтылмайсың,”
Қажылыққа бару арқылы ғана күнәлардан арылуға болмайды. Егер адам өмірінде біреудің ақысын жеген, әділетсіздік жасаған болса, ол жасаған қателігін түзеуі керек. Адалдық – ең басты шарт.

“Меккеге жаяу жылап, жуз барсаң да.”
Тіпті Меккеге жүз рет жаяу барса да, адамның күнәсі кешірілмейді, егер ол әділдік пен адалдықты сақтамаса. Бұл жолда шынайы тәубе мен кісі ақысын қайтару маңызды.

Негізгі идея:

Бұл өлең адамның діни парыздарын орындауы тек сыртқы көрініс қана емес, оның ішкі рухани тазалығымен, адалдығымен байланысты екенін насихаттайды. Адамдардың арасында жиі кездесетін екіжүзділікті сынап, шынайы имандылықты ұсынады. Қажылыққа бару өз алдына сауапты іс, бірақ ол адалдық пен әділдікті сақтаған жағдайда ғана құнды болады.





اَللّٰهُمَّ بَارِكْ لَناَ فِيْ رَجَبٍَ وَشَعْبانَ وَبَلّغْنَا رَمَضَان

Аллахумма барик ләна фи Рәжаба уә Шаъбана уә балиғна Рамадан

«Уа, Аллаһым! Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете көр! Бізді қасиетті Рамазанға аман есен жеткізгейсің!»


Тәпсір - ең жақсы көретін сабақтарымнан әсіресе өз маманымен оқылса. Осы ұстазымызбен “Нәсәфи” тәпсірін оқып жүрміз . Ұстаз Пәкістан ислами универсиеттің түлегі. Оқып жүрген кітабымыз орта деңгейде қатты жеңіл емес алайда ұстаз сол ауыр келген сөйлем, сөздерді жеңілдетіп, ашықтап түсіндіруіне иғрабтарды талдауы мен тәпсірдің оқылу жолдарын көрсетуіне таң қалдым.
Бүгін ұстаздан : “ бүгін дәрісті сен оқы, мен науқастанып қалдым алайда сыныпта боламын ” деген хаты оқушы үшін ең үлкен бақыт.


Репост из: [AL] About Languages & IR
Кеше түнде жазып отқан нәрсем еді…

Бірінші диссертациям осы Сириядағы Асад режиміне қатысты болатын.

Жалпы Асад әулеті Сирияда 55 жылға жуық үстемдік құрды. Енді міне, Башар Асад елді тастап, шетелге қашты, оппозиция Димашқ (Дамаск) қаласын алды.

2011 жылы орын алған “Араб көктемі” бірқатар елде биліктің ауысуына әкеп, бірнеше жүйені құлатқан-ды. Алайда Сирия президенті - Башар Асад Ресей және Иранның қолдауымен саяси алаңда қалып, халықты қантөгіспен басып-жаншыған болатын.

Араға 13 жыл салып ақыры жеңіліске ұшырады.

Сирия, жалпы есепте Шам жері, Дамаск қаласы террористік ұйымдардың емес, Ислам мұрасының көрнекі жері еді. Кезіндегі Әмәуи халифатының астанасы болған құтты мекен.

Жаңа кезең, жаңа толқын позитивті өзгерістер алып келсін, біздер шығыстанушы, зерттеуші ретінде сол жақтарға саяхат жасап, қайта қалыпқа келгенін көрсек деймін.

#запискиВостоковеда


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Бүгін таңда Сирияда башар асад билігі құлады. Ұзақ жыл елден қуылып, жәбір көрген халқының бүгінгі қуаныштарында шек жоқ.
Алла тағала тәуелсіздіктерін тұғырлы қылсын 🤲.
Шам өлкесі ислам тарихында қасиетті мекендердің бірі, білім ордасы.

Показано 20 последних публикаций.