Қарады кеудемізден заман мініп,
Кеуледі жәдігөйлік — жаман ғұрып.
Алмастай кесіп түсер ақиқатты
Айтуға жетпей іште табандылық!
Шен-шекпен саулығы үшін сан алдырып,
Мансапқа жығылуды амал біліп.
Жарбақай жандайшаптар жалпылдады,
Иілмес жерде жетпей табандылық!
Адамзаттық назарын алаң қылып,
Балқаш құрып, баратты Арал құрып.
«Бас кессе де, тіл кеспек жоқ»—дейтұғын
Жігерлі жетпей қайсар табандылық!
Амалсыз үнсіз іштей далам бұғып,
Ғұмыр кешсек болды деп аман жүріп.
Атышулы аштықты айта алмадық,
Таба алмай туған жерден табандылық!
Діңкелеп, дімкестеніп, амал құрып,
Көзіне жас іркілген жанарды ұғып.
Отыз Жеті сұмдығын айта алмадық,
Таба алмай табан тірер табандылық!
Бетбұрысқа бейілін Заман бұрып,
Әлемді алабөтен алаң қылып.
Басталды Ұлы кезең — Тәуелсіздік,
Басталды Ұлы дәуір — ТАБАНДЫЛЫҚ!
// Шөмішбай Сариев - Табандылық
Кеуледі жәдігөйлік — жаман ғұрып.
Алмастай кесіп түсер ақиқатты
Айтуға жетпей іште табандылық!
Шен-шекпен саулығы үшін сан алдырып,
Мансапқа жығылуды амал біліп.
Жарбақай жандайшаптар жалпылдады,
Иілмес жерде жетпей табандылық!
Адамзаттық назарын алаң қылып,
Балқаш құрып, баратты Арал құрып.
«Бас кессе де, тіл кеспек жоқ»—дейтұғын
Жігерлі жетпей қайсар табандылық!
Амалсыз үнсіз іштей далам бұғып,
Ғұмыр кешсек болды деп аман жүріп.
Атышулы аштықты айта алмадық,
Таба алмай туған жерден табандылық!
Діңкелеп, дімкестеніп, амал құрып,
Көзіне жас іркілген жанарды ұғып.
Отыз Жеті сұмдығын айта алмадық,
Таба алмай табан тірер табандылық!
Бетбұрысқа бейілін Заман бұрып,
Әлемді алабөтен алаң қылып.
Басталды Ұлы кезең — Тәуелсіздік,
Басталды Ұлы дәуір — ТАБАНДЫЛЫҚ!
// Шөмішбай Сариев - Табандылық