Келін «келін» болмады, «келсап» болды,
«Жақсы қыз ғой» дегенім жансақ болды.
Жалақысын көрсетпей жоқ қылатын,
Жақсы көрген жан екен жан сақтауды.
«Келін, келін» дегенім «келсап» екен,
Ардан жұрдай, ұяттан алшақ екен.
Иманды адам ибалы іс қылмай ма,
Жат жұртқа кеп болса да қанша бөтен.
Келін келін болмады, көркімді алды,
Келген жерге сіңбеді. Төркінжанды.
«Өз қызымдай көрем» деп бауыр тартып,
Жаутаңдаған енелік еркім қалды.
Келін келін екенін демде ұмытқан,
Баптап ішер шайымды мен де ұмытқам.
Шайтан түртіп шығатын шайпау тілі
Ада болды әдепке сай ғұрыптан.
Келін келін болмады, кесір болды,
Сүйіп алған күйеу де шошыр болды.
Бәле іздесе ұрды деп сотқа беріп,
Сәбиін де талай тірі жетім қылды.
Қанбай өскен тектілік бұлағынан,
Енді оның жөнделуі жүдә күмән.
Yй мен жайын жау шауып жатса-дағы,
Телефонын тастамас құлағынан.
Қолданбайтын уақытты қол босаған
Көргенім жоқ дәл мұндай маубас адам.
Немереммен мауқымды басамын да,
Сабыр қылам Құдайға, тәуба соған!
«Алма алыс түспейді ағашынан»,
Келешекті ойлаймын да, тағы ... ашынам,
Тауфиық бер, Тәңірім, бүлдіршінге
Қайталайтын көргенін анасынан!
// Үміт Битенова – Кейбір енелер жыры
«Жақсы қыз ғой» дегенім жансақ болды.
Жалақысын көрсетпей жоқ қылатын,
Жақсы көрген жан екен жан сақтауды.
«Келін, келін» дегенім «келсап» екен,
Ардан жұрдай, ұяттан алшақ екен.
Иманды адам ибалы іс қылмай ма,
Жат жұртқа кеп болса да қанша бөтен.
Келін келін болмады, көркімді алды,
Келген жерге сіңбеді. Төркінжанды.
«Өз қызымдай көрем» деп бауыр тартып,
Жаутаңдаған енелік еркім қалды.
Келін келін екенін демде ұмытқан,
Баптап ішер шайымды мен де ұмытқам.
Шайтан түртіп шығатын шайпау тілі
Ада болды әдепке сай ғұрыптан.
Келін келін болмады, кесір болды,
Сүйіп алған күйеу де шошыр болды.
Бәле іздесе ұрды деп сотқа беріп,
Сәбиін де талай тірі жетім қылды.
Қанбай өскен тектілік бұлағынан,
Енді оның жөнделуі жүдә күмән.
Yй мен жайын жау шауып жатса-дағы,
Телефонын тастамас құлағынан.
Қолданбайтын уақытты қол босаған
Көргенім жоқ дәл мұндай маубас адам.
Немереммен мауқымды басамын да,
Сабыр қылам Құдайға, тәуба соған!
«Алма алыс түспейді ағашынан»,
Келешекті ойлаймын да, тағы ... ашынам,
Тауфиық бер, Тәңірім, бүлдіршінге
Қайталайтын көргенін анасынан!
// Үміт Битенова – Кейбір енелер жыры