Otpannews.kz


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Ақтауда бір уақытта 4 жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды

Ақтауда өңір орталығының жолдарында бір уақытта 4 бірдей жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды.

otpannews.kz


ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров: Атом энергетикасы саласына қажетті кадрлар бар

28 қыркүйек — Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай түбектің төл арнасында еліміздегі АЭС құрылысына қатысты арнайы бағдарлама көрерменге жол тартты. Бағдарлама қонақтары — ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров және БН-350 РҚ радиациялық қауіпсіздік бөлімінің инженері Азамат Құлбеков елімізде АЭС құрылысы жайлы өзара әңгіме өрбітті.

otpannews.kz


Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты БН-350 реактор қондырғысын техникалық қолдау бөлімінің бастығы - Дмитрий Евстратов: АЭС - энергия тапшылығының алдын алады

Елімізде 28 қыркүйек күні атом өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Мереке қарсаңында Маңғыстау облысындағы «МАЭК» энергетикалық комбинатына барған БАҚ өкілдеріне БН-350 реакторлық қондырғысын техникалық қолдау бөлімінің бастығы Дмитрий Евстратов сұхбат берді. Ол өз сөзінде АЭС құрылысы салынса энергия тапшылығынан арылып, экономика ілгерлеуі мүмкін екенін мәлімдеді.

otpannews.kz


Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты БН-350 реактор қондырғысын пайдаланудан шығару бөлімінің бастығы - Анатолий Жданов: Атом энергия станциясы әлем бойынша қауіпсіз құрылыс

28 қыркүйек — атом саласының қалыптасуы мен дамуына атсалысып жүрген қызметкерлердің төл мерекесі. Кәсіби мереке қарсаңында «МАЭК» кәсіпорынына арнайы бас сұққан журналистер БН-350 реакторлық қондырғысын пайдаланудан шығару бөлімінің бастығы Анатолий Ждановпен әңгімелесті. Ол сұхбат барысында АЭС құрылысы келешек ұрпақ үшін перспективті жоба ретінде қаралып жатқанын мәлімдеді.

otpannews.kz


Қазақстанның әлеуметтік саласының дамуына АЭС жаңа серпін бере ме?

АЭС қомақты қаржыны, технологиялық дайындықты және мемлекеттік қолдауды қажет ететін ауқымды инфрақұрылымдық жоба. Мамандардың пікірінше, АЭС қызметі еліміздің экономикасының өсуіне ықпал етіп, әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік ашады.

otpannews.kz


Ақтауда теңіз жағасында ұйымдастырылған сенбілікте 100 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Бүгін Ақтауда теңіз жағасында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында күзгі сенбілік ұйымдастырылды. Экологиялық іс-шараға 800-ге жуық адам қатысты.

otpannews.kz


«Атом электр станциясының құрылысы» медиа кеңістігіндегі ең танымал тақырып

Қазақстан интернет қауымдастығының басшысы Шавкат Сабиров «Facebook» желісіндегі парақшасында «mediametrics.kz» сервисінің индикаторлары бойынша желілік БАҚ пен әлеуметтік желілерді бақылау нәтижелерін жариялады.

otpannews.kz


БН-350 мамандары: атомнан бөлінетін қалдықтар озон қабатына қауіп төндірмейді

Ақтауда 30 жылға жуық БН-350 жылдам нейтронды ядролық реакторы бар МАЭК жұмыс істеді. РУ БН-350 директоры Марат Молдағұловтың айтуынша аталған реактордың жұмыс істеп тұрған кезінде тұрғындар тұрақты энергиямен қамтамасыз етіліп, су тапшылығын сезбеген. Сондай-ақ, ол отын үнемделіп, газ жұмсалмағандығы жайында айтты. 

otpannews.kz


Ақтау маңындағы жол апатынан зардап шеккен тағы бір жасөспірім қайтыс болды

Ақтау қаласының маңында болған жол апатынан зардап шеккен 2022 жылы туған жасөспірім жүрегінің тоқтауынан көз жұмды.

otpannews.kz


Түпқараған аудандық штаб өкілдері энергетик мамандармен АЭС қажеттілігі жайында талқылады

Түпқараған аудандық халықтық штаб мүшелері «Түпқараған электр жүйесі» МКК ұжымымен кездесті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

otpannews.kz


Мұнайлы аудандық халықтық штаб мүшелері аудандық Ф.Оңғарсынова атындағы мәдениет үйінің қызметкерлерімен кездесті

Кездесу барысында 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы түсіндіріліп, еліміздің экономикалық даму жоспары мен энергетика саласындағы өзгерістер және АЭС салу құрылысы жобасының стратегиялық маңызы түсіндірілді. 

otpannews.kz


Ақтауда балалар ойын алаңы мен спорт алаңдары салынып жатыр

Ақтауда 80 балалар ойын алаңы және 50 спорт алаңы салынып жатыр.

otpannews.kz


Теңге ауылында Әлихан Бөкейханға көше атауы беріліп, ескерткіш қойылды

Теңге ауылының 60 жылдығы аясында қазақтың мемлекет қайраткері, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист-ғалым, қазақ халқының азаттығы мен құқығы үшін күрескен – «Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейхан атындағы көшеге арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.

otpannews.kz


Бейнеу ауданында «Есек Мерген батыр» атындағы саябақ ашылды

Сарға ауылының елу жылдық мерей тойы қарсаңында жүзеге асқан бірқатар шаралардың ауқымдысы – ауыл кіреберісіне салынған саябақ құрылысы. Жалпы аумағы 14 мың шаршы метрді құрайтын саябақтың ашылу салтанаты өтті.

otpannews.kz


Маңғыстау облысында ХҚКО бөлімдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облыстық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.

otpannews.kz


Жабал Ерғалиұлы: Әбіш әлемі – мәңгілікке жалғасатын әлем

III халықаралық «Әбіш әлемі» театр фестивалінің ашылуы туралы баспасөз конференциясы өтті.

otpannews.kz


Маңғыстаулық журналист «Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпазы атанды

Астанада «Үркер – 2024» республикалық сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Жылдың үздік сұхбаты жанры бойынша маңғыстаулық журналист жеңімпаз атанды.

otpannews.kz


Ақтауда шағын футболдан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

Ақтауда қала әкімінің кубогы үшін 55 жастан асқан ардагерлер арасында шағын футболдан халықаралық турнир өтті.

otpannews.kz


Енді мемлекеттік қызметтерді алу кезінде бот-платформа арқылы келіп түскен шағымдар да қаралады

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау саласындағы қызметтің басымдығы - көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғау.

otpannews.kz


Бейнеу ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгеріс енгізу туралы хабарлама

Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының №45, №46, №47, №48 қаулыларымен учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері: №114 - Тенизбаева Алтынай Амановна, №120 - Аюпова Калампыр Нурбергеновна, № 124 - Кашкенова Жансая Мақсотқызы, №134 - Алимбаев Нурлыбай Орынбаевич және Рахманов Нұрлыбек Дәлубекұлы, №139 - Даулбаева Гулсина Оразбаевна, №142 - Есмаганбетов Серик Манергеймович учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндетін атқарудан босатылып, орнына №114 учаскелік сайлау комиссиясына Сайлау Ару Аянкызы, №120 - Байеділова Ырысты Серікқызы, №124 - Аюпова Калампыр Нурбергеновна, №134 - Агысбаева Жания және Шеркешбаева Дарига Мухитовна, №139 - Базарбаева Светлана Камысбаевна, №142 - Чаханов Саламат Курманбаевич тағайындалғанын хабарлаймыз.

otpannews.kz

Показано 20 последних публикаций.