Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
«Әлиф Ләм Мим» (1)
Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші. (2)
Сондай олар көмеске иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) пайдаландырады. (3)
(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрыңғы түсірілгенге сенеді және ақыретке анық нанады. (4)
Міне солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар. (5)
(Мұхаммед Ғ.С.) расында қарсы болғандарды, үгіттесең де үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді, (6)
Алла олардың жүректерін, құлақтарын бітеген, әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар. (7)
Адамдардың кейбіреулері, екі жүзді (мұнафықтар): «Аллаға, ақырет күніне сендік» дейді. Бірақ олар сенбейді. (8)
Олар (өздерінше) Алланы және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді. (9)
Олардың жүректерінде дерт бар. (Күншілдік дерті). Сонда Алла олардың дертін арттыра түсті. (Мұсылмандар дамыған сайын күншілдіктері қоза түсті). Сондай-ақ оларға өтіріктіліктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар. (10)
Оларға: «Жер жүзінде бұзақылық қылмаңдар!»,- делінсе, олар: «Біздер түзеуші ғанамыз» дейді. (11)
Сақ болыңдар! Шын мәнінде олардың өздері бұзақы, алайда олар түсінбейді. (12)
Егер оларға: «Адамдар иман келтіргендей иман келтіріңдер!», – делінсе, олар: «Ақылсыздарша иман келтірейік пе?»,- дер. Байқаңдар! Шын мәнінде олардың өздері ақымақ. Бірақ олар білмейді. (13)
Ал және олар мүміндерге кездессе: «Біз де иман келтірдік» дер. Әрқашан олар сайтандарымен (бастықтарымен) оңашалана қалса: «Расында біз сендермен біргеміз, біз оларды тәлкек қылып қана жүрміз» дер. (14)
Алла оларды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды. (15)
Олар қисық жолды туралықпен айырбастап алды. Сонда оларға саудалары пайда бермеді. Әм олар тура жолды таппады. (16)
АЛЬ-БАҚАРА (1-16 аят )
📝📝📝📝📝📝📝📝
🌷«Бақара» сүресі қасиетті Құранның екінші әрі ең үлкен сүресі болып табылады.
🌱Бұл сүре пайғамбарымыз Мұхаммедке (ﷺ) Меккеден Мәдина қаласына қарай қоныс аударып көшіп келгеннен кейінгі түскен бірінші сүре саналады.
🌱Байқағаныңыздай, бұл сүренің басы мүмин-мұсылмандардың сын-сипаты жөнінде сөз қозғап, кейін кәпірлер және екі жүзді мұнафиқтар туралы әңгіме негізінде жалғасады.
🌱 Алла Тағала бұл үш топтың әрқайсысына арнайы тоқтап, оларға түсінік беріп, қай топтың құрамында өмір сүру керек екенін адам баласының өз қалауына қалдырады.
🚀https://t.me/markaz_anNur