⚡️Электронды мұрын тағамның бұзылған-бұзылмағанын анықтап береді
Норвегиядағы Ғылым және технология университеті ғалымдары жемістің немесе өсімдіктің сау екенін 96,7 пайыз дәлдікпен анықтауға қабілетті құрылғы жасады.
🍎Электронды-мұрынның құрылымы оңай: бар болғаны бір антеннасы бар. Бұрынғы құрылғылар өте күрделі әрі қымбат болатын.
🍏Басты міндет – көп мөлшерде қауіпті деп есептелетін ұшпалы органик қосылыстарды (ҰОҚ немесе ЛОС – летучие органические соединения) дәл жіктеу.
🍎Авторлардың айтуынша, ҰОҚ-тың химиялық құрамы – адамның тыныс алуы, азық-түліктің шіруі, өндіріс процесіндегі маңызды индикатор. Сау адам мен ауру адамның тыныс алуы ҰОҚ-тың мөлшері бойынша анықталады, яғни, ауру адам тыныс алғанда ауаға зиянды қосылыстар тарайды.
🍓Е-мұрынның жұмысын тексеру үшін ғалымдар дүкеннен жаңа сатып алынған құлпынай, жүзім, алма мен шошқаның етін тексеріп көрді. Құрылғы жақсы нәтиже көрсетті.
🍋Енді Е-мұрынды шағын әрі арзан етіп шығарып, тұрмыста, ауыл шаруашылығында, медицинада қолдануға болады дейді ғалымдар. Қандағы қант құрамын да тексеруге болады екен.
🍒Зерттеу нәтижелері Sensors and Actuators B. Chemical журналына шықты.