⚡️Ғарышты зерттеушілер аспандағы спутниктердің көбеюіне алаңдайды
АҚШ үкіметі төмен орбиталық интернет спутниктерінің қоршаған ортаға тигізетін зиянын бағалау үшін жан-жақты зерттеу жүргізілгенге дейін оларды ұшыруды тоқтатуға тиіс.
Бұл жөнінде 100-ден аса ғалым FCC Ғарыш бюросының басшысы Джули Кирниге хат жазды.
АҚШ-тың Федералдық Байланыс комиссиясы (FCC) SpaceX-ке 12 мыңға жуық Starlink интернет спутнигін ұшыруға лицензия берді. Бұл планетамыздың төбесіндегі бүкіл құрылғыдан 2 есе көп.
«Көптеген спутниктердің ұшуы және жануы қоршаған ортаға қандай зиян тигізетіні белгісіз. Себебі федералды үкімет экологиялық сараптама жүргізбеді.
Біздің білуімізше, спутниктер көбейсе, атмосферамыздағы зиянды газдар мен металдардың артуына әкеледі», - делінген хатта.
Starlink спутниктері шамамен бес жыл қызмет етеді, содан кейін атмосферада жанып кетеді.

Бірақ Илон Маскке бұл да аз – оның компаниясы 20 мыңнан астам жерсерікті ұшыруға рұқсат сұрап отыр.